Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өнер- өмір жемісі.


Өнер- өмір жемісі.

Өнер- өмір жемісі.

Тақырыбы: Өнер- өмір жемісі.

Мақсаты:  Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, өз ойларын    еркін жеткізе білуге, еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, ептілік пен          шеберлікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:  Еңбек туралы ұлағатты сөздер, ағаш өңдеуге арналған үстел, дайындамалар, бұрауыштар, бұранда шегелер, салат әзірлеуге қажетті азықтар, пышақтар, ыдыстар.

 Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, жанкүйерлер «Өнер- өмір жемісі» атты сыныптан тыс іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
  2. Жүргізуші: Кімдер шебер, кімдер іскер білейікші,

                           Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.

                           Әділ қазыларға тек әділдікті,

                           Сайыскерлерге сәттілік тілейікші - дей отырып, бүгінгі                                          

                            өтетін  сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайық. 

1.Жүргізуші:

  1. Таныстыру
  2. Еңбек, Отан туралы мақал мәтелдер айту
  3. Білім сайысы (сұрақ жауап)
  4. Салат әзірлеу
  5. Шеберлер сайысы
  6. Көрініс
  7. Өнер

2.Жүргізуші:

     Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетсе деймін.

Бәсекеге  түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін- деп ортаға «Іскер» және «Шебер» тобын

шақырамыз

  1. Жүргізуші: Бірінші боп таныстыру кезеңін «Шебер» тобы бастайды.
  2. Жүргізуші: «Іскер» тобын ортаға шықырамыз

Әділқазылар алқасынан бағаларын сұраймыз

 Бірінші «Шебер» тобының бағасы, келесі «Іскер» тобының бағасы

1.Жүргізуші:

 Бүгінгі жастарға оқу міндет,

     Тек қана оқуменен өнер білмек

     Өнер, білім , адалдық, ар- намысты

     Жоятын надандық қой жаман індет,

    Бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек,

    Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.

  1. Жүргізуші:

Егер де мал керек болса, қол өнер үйренбек керек, -деп Абай атамыз

айтқандай , келесі кезекті еңбек, отан туралы мақал мәтелдерге береміз.

 Шарты: Әр топтан сайысқа бір оқушыдан қатысады, 2 минуттың ішінде он мақал мәтел айтса 5 балл қойылады, 8-ге 4 балл, 6-ға 3 балл қойылады.

  1. 1Жүргізуші: Ортаға екі топтан бір-бір оқушы шақырамыз.
  2. 2Жүргізуші:

     Білекті жықса біреуді,

Білімді мыңды жығады.

Инемен құдық қазғандай,

Білімнің шыңына шығады,- дей отырып кезекті білім сайысына береміз.

Сайыстың шарты: Кестенің сол бағанында берілген атауға оң бағаннан анықтама таңдап, сол бағандағы бір мағыналы сөздерді табу, берілген 14-16 сұраққа жауап берген топқа 5 балл,  13-11-дің арасы 4 балл, 11-ден төмен болса 3 балл қойылады.

  1. Жүргізуші:

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жәй ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасайды,

 Сайыскерлер дем арада майысып, -дей отырып келесе сайысымыз салат әзірлеуге шақырамыз.

Шарты ұлдар белгілі бір уақытта  (5 минут)салат әзірлейді.

2.Жүргізуші:

Шебердің қолы ортақ деген сөзге,

Мән беріп отырмыз біз бала кезден.

Үй жиһазын жасаймыз дайын заттан,

Қиыннан құрастырар кімдер тездер,- деп шеберлік сайысын бастайық.

Шарты: 5 минуттың ішінде   6 бұрама шеге бұру керек (қауіпсіздік ережесін сақтауы ескеріледі)

  1. Жүргізуші:

Көрініс дайындап ерінбей, жалқаулыққа берілмей.

Топ мүшелері көрсетсін,  көріністерін  күлімдей,

«Жастық шаққа- өнер тән,

Өнерлінің-ісі сән», демекші енді біздің сайыскерлеріміздің көріністерін тамашалайық. 

  1. Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға,

Барлығы да аянбай жан салады.

Бүгінгі кешіміздің соңғы сыны «Өнер сайысы» сайыскерлеріміздің бойындағы өнерін тамашалайық.

1.Жүргізуші:

Ән айту бұл да өнер, ал өнер таусылмас азық, жұтамас байлық демекші   осы сайсымызда  топтардың мүшелері ән айтып сынға түседі

2.Жүргізуші:

Білімдерін шыңдай ұлтық дәстүрлерді,

Бойына дарыта отырып  тәрбиелеу жолында өткізілген сыныптан тыс іс-шарамыздың қорытындысын білу үшін сөз  әділ-қазы алқаларына беріледі.

 

«Өнер өмір жемісі»  байқауының  бағалау парағы      2014 жыл

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тілді сүйсең менше сүй
«Толағай» эстафеталық ойын
“Қыздар сұлу көрінер өнерімен”
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
Мақалдар жинағы.
Қазақшаңыз қалай?
Алтын күз
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 4104 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык