Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош келдің еліме - Жаңа жыл


Қош келдің еліме - Жаңа жыл

  Қош келдің еліме - Жаңа жыл!

 ШҚО Ұлан ауданы Айыртау ауылы

«Гагарин атындағы орта мектеп»

Шкибеава Майра Кабеновна

 Тақырыбы: «Қош келдің еліме - Жаңа жыл»

Музыка

1-жүргізуші:
Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

2 Жүргізуші: 

Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

1 Жүргізуші: 

Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

2 Жүргізуші: 

Бүгін сізге жырдан алқа  тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
1- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға «.....................» әнімен..............................................
2 -жүргізуші:

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

1 - Жүргізуші

 Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой  жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

2 - Жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар бізге қонаққа келе жатыр.

                        Самолет дауысы 

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!  Құрметті  жолаушы жолдастар.

«Париж – Астана – Айыртау » бағытындағы  жолаушылар  ұшағы  ауа – райының  қолайсыздығына  байланысты  Қасым Қайсенов  кентінің  аэропортына келіп қонды.

                  Телефон  шырылдайды.
1 Жүргізуші. 
- Алло.  Тыңдап тұрмын .  Иә. Иә  Аяз ата мен Ақшақарды  қарсы  аламыз. Әндетеміз  көңілдерін  көтереміз  Жақсы жақсы.
2- жүргізуші:

Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:

* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

* Аяз ата келеді  Ақшақармен,

* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

/осы кезде  Ну Погоди  музыкасымен  Аяз ата мен Ақшақар келеді./

 Аяз ата:

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел

АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар, ата-ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын

                  Ақшақар

 Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Жылқы ” жылы келе жатыр . Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

   (Музыка ойнап тұрады)   Жылқы жылын алып шығады Ақшақар

Жылқы жылы:  Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.

Аяз ата:

Иә, Жылқы  қайда тарттың?

Жылқы жылы:

- Тарих қайнауына. Осы жерде қой бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде маңырап қой шығады /

Жаңа жыл:

- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумағалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, Жылқы аға! Армысың, Ақша қар.

Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!

Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!

Телефон шырылдайды

1-жүргізуші: 

Бәрі ойдағыдай шешілді ғой деймін! Олай болса шырша тойын бастайық.

-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап,қонақтарымыз да келген сияқты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?

2-жүргізуші:

Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.

1 жүргізуші – Сіздердің  қошеметтеріңізбен  келген өнер саңлақтарын қарсы алайық.    Шақырамыз

 

Кеш Ю тобы

 Шакира  мен  Бүркіт және Айша

50 сент және Фармат тобы

Жастин Бибер мен Ринго

Бионс және Асыл тобы

Еминемс
 (Қонақтарды  отырғызады.)

1- жүргізуші

Ендеше сөз кезегін қонақтарымызға  берелік

Кеш Ю 11а

Ойын

Кто больше съест.
Суть конкурса вот в чём: в тарелки высыпаете шоколадные конфетки от M&M's. И выдаёте участникам палочки для китайской еды. Кто сможет за две минуты съесть больше конфеток, тот и победил. Если есть конфетки не хотите, то можно перекладывать их в сосуд с тонким горлышком. Суть та же – кто больше переложил, тот и победил.

Жүргізуші        Келесі қонағымыз ......

                                       Шакира және   Бүркіт пен Айша

  Ойын На трёх ногах.
Участники конкурса делятся на пары. Им привязывают ноги следующим способом: правую ногу одного с левой ногой другого участника. Задача участников на трёх ногах добраться до финиша первыми. Чтобы было по сложнее можно придумать трассу с препятствиями.

Жүргізуші  Ал қазір назарларларыңызға  50 сент және Фармат тобы

Вальс  11а сыныбы

Жүргізуші   Алдарыңызда   Жастин Бибер  және Ринго тобы

Жүргізуші    Келесі   Еминем

Ойын  Ортаға 5 – оқушы шығады.
 

 

1. Атың кім?     2. Сынып жетекшің кім?

3.Ақшақардың несі жоқ?  4. Досың кім?
5. Көзің қандай ? 6. Аяғына не киесің ? 7. Нешедесің?   8)Көйлегін қандай ?  9) Аяз ата қандай ?  10) нені жегің келіп тұр ?  11) Досың неден қорқады ? 12)Мұрнын қандай ?

 Жүргізуші    Келесі қонағымыз .......Бионс  және  Асыл  тобы

Жүргізуші       Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған  өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса биге де кезек берейік                                

Би:  Шығыс  биі   11а                                                                                                                        Ойын    Двумя руками.
завязывают руки. Таким образом, остаются только две рабочие руки. И участники выполняют задания только свободными руками. Примеры заданий: завязать бантик, сделать бутерброд, завязать шнурки.

Аяз ата: Балалар, біз Ақшақар екеуіміз тамаша демалдық. Ойнадық, ән айтып, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер әрі қарай жалғастыра беріңдер, ал біз аттанайық. Сау болыңдар оқушылар. Рахмет сендерге.

Ақшақар: Сау болыңдар, оқушылар, келесі жаңа жылда кездескенше!

Барлығы: Сау болыңыздар Аяз ата, Ақшақар!
1-жүргізуші: 

Мерекеміз- жаңа жыл,

Тойында қызық думан бар.

Жаңа жыл- бұл жаңа өмір,

Сайранда, туыс-туғандар.

Осылай басты қосайық,

Ашық боп аспан әрдайым.

Тыныштық тойын жасайық,

Бейбітшілік-береке, бола берсін мереке - дей отырып ортамызға   ұстаздарымызды шақырамыз.  Флешмоп

2-жүргізуші:

Жаңа Жыл- қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз Жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып

1-жүргізуші:              Жыл бойы бақыт бақша жаз гүлденсін,

Жемісі қуаныштың үзілмесін.

Сүйсініп ерлігіне азаматтың,

Сүйікті ұлым десін, қауым десін.

 

Бірге:   Асыға күткен Жаңа жыл,

              Кел, Жаңа жыл,Жаңа жыл!

             Жаңа заман, жаңа ойлар

              Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жүргізушілер:

Осымен Жаңа жыл мерекесі аяқталды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.

Сөз кезегі мектеп әкімшілігіне беріледі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Толағай» эстафеталық ойын
Жаңа жыл –жаңа жыр
«Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»
Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Берекелі күз – мерекелі күз
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Наурыз - думан
«Қош келдің - Наурыз».
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2255 | Қосты: Шкибаева Майра Кабеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык