Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 9571 |
|
|
|
Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Тақырыбы: Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі екендігін сезіндіру, аяз атамен ақшақардың сиқырын көрсету. Тақпақ, би, үйретіп бала бойындағы өнерін ашу.
Безендірілуі: Топты жаңа жылдық мерекеге сай етіп безендіру.
Балалар қатарласып музыка әуенімен топқа кіреді.
Барысы:
Айзере: Жаңа жыл жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл дала ырысы, дала гүлі
Жаңа жыл тұнық көзі тыныштықтың
Жаңа жыл ұлы ақынның жыр кемесі
Қожахмет: Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет, жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын.
Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Хоровод: «Туылып шырша орманда».
Ал балалар, біздің тобымызжаңа жыл мерекесіне сай етіп безендірілген, шыршамызда бар енді бізге кімдер жетіспейді екен?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар
Олай болса, ортамызға Аяз атамызбен Ақшақарды шақырайық. «Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар» музыка әуенімен топқа кіреді.
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Сәлеметсіңдер ме ата-аналар.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Денсаулықтарың мықты болсын.
Ескі жылда бірге болдық,
Жаңа жылда бірге болсын.
Ешқайсыңды ұмытқаным жоқ.
Міне, Айзереде, Аяулымда,
Қожахметте, Әйтенде,
Мансұрда, Кәусарда, Назым мен Берікте,
Сағдатпен, Сағымбекте.
Бәрі-бәрі осында, мен сендерге таныспын ба?
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіңдер ме, достарым!
Шыршаларың қандай тамаша?
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне, әсем шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
«Қолындағы таяқшамен шыршаны жағады» Сол сәтте шырша жарқырап жанады.
Аяулым: Көрсін біздей балғынды
Көңілденсін ол енді
Шырқатайық ән жырды
Шырқатайық өлеңді.
Жүргізуші: Аяз ата балалардың сізге арнаған әнін қабыл алыңыз. «Таяғы бар қолында»
Аяз ата: Рахмет қарақтарым, тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: Жаңа жыл бұл ғажап мереке, жаңа жылда үлкендерден әр түрлә өнерлерді үйреніп, Аяз ата келгенде сол өнерлерін көрсетіп сыйлық алғысы келмейтін бала кемде кем. Ендеше, балаларымыз өздерінің жаттаған жаңа жылдық тақпақтарын айтып беруге ортаға шақырамыз.
Ильнази: Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпымасын жүректердің мұң лебі
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.
Айзере: Келді міне жаңа жыл аппақ болып
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып қатпақ болып.
Нұрсұлтан: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Айдана: Жаңа жылға сәніміз
Біздер айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем Аяз атамыз.
Берік: Жаңа жыл бірлік берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге.
Әсемай: Дала қандай тамаша
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Сағдат: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аяз ата: Уф-уф қандай ыстық мына жер, менің ұлпа қарларым қайда екен?
Жүргізуші: Ендеше ортаға ұлпа қарларымызды шақырамыз.
Танец Снежинки: Қыздардың барлығы шығып билйді.
Тақпақтар: Кәусар: Жыл келеді бөлеп бізді алыс күнге
Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күнге
Үміті адамзаттың жарылқайды
Ойнаған күн нұрындай қар үстінде.
Рамазан: Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Саған әзір жаңа әзір
Елге табыс жақсылық
Ала келші жаңа жыл.
О. Аяулым: Алай дүлей осы маң
Келеді бүгін қыс келіп
Терезенің тұсынан
Тұрады тынбай ысқырып.
Сағымбек: Аяз келіп қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тонын киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Назым: Келеді Аяз атамыз
Қасында Ақшақары
Қызыққа әбден батамыз
Қарсы аламыз баршамыз.
Нұрасыл: Жаңа жылда алдағы
Көңіл көбейсін
Ортақ ойы арманы
Жақсы дәстүр көбейсін.
Алдияр: Ескі жылын ескеріп,
Жаңа жылын жарылқап.
Елімде болсын тыныштық
Бейбіт күнін жарқырап.
Мансұр: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Папамызды Мамамызды
Қонақтардың бәрінде.
Әйтен: Жаңа жылда жаңа белден асамыз
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз
Бейбітшілік ұранмен жеңіспен
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Дәулет: Қараңдаршы далаға
Дала аппақ ақшақар.
Тал мен үйлер қалада
Жамылыпты ақ шатыр.
Жүргізуші: Енді балалар, бізге қонаққа орманнан аюлар келіпті Аяз атамызға өнерлерін көрсеткісі келеді екен, ендеше ортаға аюлардың биін тамашалауға шақырамыз.
«Аюлар биі»
Ақшақар: Аяз ата отыра, отыра шаршаған боларсыз, балалармен бірге би билесек қайтет, серігіп қалар едік. Аяз атамен бірге бар бала шеңберге тұрып билейді.
Жүргізуші: Енді балалар, сонау Лапландия елінен келген Аяз атаның кішкене достары Санта клаустар орындаудағы биді тамашалайық. «Санта клаустар биі».
Аққаланың кіруі: Сәлеметсіңдер ме балаларым, сәлеметсіңдер ме қонақтар? Жаңа жылдарың құтты болсын! Мен сендерді сонау орманнан жаңа жылдарыңмен құттықтауға келдім, жай келмедім сендерге ойын ала келдім. «Кәмпит жинау ойыны». Ойынның шарты бокс қолғабын киіп бір, бірлеп кәмпиттерді жинау, кім көп кәмпит жинайды, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Рахмет сізге Аққала енді біздің балаларымыздың сізге арнап «Аққала» әнін орындап бермекші қабыл алыңыз.
Аққала: Ой, ой ұмытып барады екенмін. Менің сендерге ала келген сыйлығым бар. Шанамен ортаға сыйлықтарды әкеледі. Сыйлықтарды барлық балаларға үлестіріп береді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет осымен біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап әзірлеген ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Біз сіздермен келесі ертеңгілігімізде жолыққанша күн жақсы болсын дейміз. Жаңа жылдарыңыз тағыда құтты болсын! Келген қонақтарға сөз беру, суретке түсу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |