Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жүзден жүйрік


Жүзден жүйрік

Жүзден жүйрік

Тақырыбы: Жүзден жүйрік

Мақсаты: 1. Оқушылардың   математика пәні бойынша алған білімдерін тексеру.

  1. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
  2. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: Жарыс сабақ

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер

Сайыстың барысы:

І. Кіріспе бөлім.

-Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік өрендерге талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.

   Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

  Ал, келіңдер, келіңдер!

  Біріңе-бірің еріңдер!

  Біліміңді тексеріп,

  Ойынға қатысып көріңдер!-дей келе сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

2 «а» сынып оқушылары: ____________________________________________

2 «ә» сынып оқушылары:_____________________________________________

3 «а» сынып оқушылары:_____________________________________________

3 «ә» сынып оқушылары:_____________________________________________

4 «а» сынып оқушылары:_____________________________________________

4 «ә» сынып оқушылары:_____________________________________________

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

   Ал осы сайыскерлеріміздің білімін сараптап әділ баға берушілермен таныстырып өтейін. (Әділқазылар алқасымен таныстыру).

  1. ________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

  1. ________________________________________________________________

    Олай болса, сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І-кезең:  «Кім шапшаң?»

ІІ-кезең: «Тапқырлар» сайысы 

ІІІ-кезең: «Адасқан әріптер»

ІҮ-кезең: «Жорға»

Сайыстың кезеңдері түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім.

І кезең- «Кім шапшаң» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларға 1 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1 дм неше см бар? 10 см бар.

1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл

1 жылда неше күн бар? 365 н/е 366 күн бар.

1 жылда неше ай бар? 12 ай бар

1 айда неше күн бар? 30 н/е 31. Ақпанда 28 н/е 29 күн.

1 аптада неше күн бар? 7 күн.

1 сағатта неше минут бар? 60 минут

1 минутта неше секунд бар? 60 секунд бар?

1 тәулікте неше сағат бар? 24 сағат бар.

Ең үлкен бір таңбалы, ең кіші екі таңбалы, ең үлкен үш таңбалы санды ата

1 кг неше грамм бар? 1000 грамм

Екі нүктенің арасындағы түзу? Кесінді.

1 аптада неше тәулік бар? 7

2 жылда неше ай бар? 24 ай бар.

1 жылда неше мезгіл бар? 4 мезгіл

4 ғасырда неше жыл бар? 400 жыл

ІІ кезең: «Тапқырлар» сайысы. Бұл кезеңде әр қатысушыға логикалық есеп беріледі?  әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

 

Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша болады? 3 кг

Ұстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? 5 бұрыш

Төрт қойдың неше аяғы бар? 16 аяғы бар

1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? 3 минутта

Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық отыр? 4 мысық

ІІІ кезең: «Адасқан әріптер» деп аталады. Адасқан әріптерден сөз құрау керек және сол фигураны сызу керек.

Ы Р Ш А Ш- ШАРШЫ

Ш Ұ Ү Ш  Р Б Ы- ҮШБҰРЫШ

Ш Ұ Б Р Ы- БҰРЫШ

 Е І Д К Н С І- КЕСІНДІ

Ш Т К Р Ұ Ш І Т Б Ы Ө- ТІК ТӨРТБҰРЫШ

Қ Ы С  И Ы З Қ С С Ы- ҚИСЫҚ СЫЗЫҚ

Қ Ы З Ы С У Т З Ү- ТҰЗУ СЫЗЫҚ

Қ Ы З Ы С Е К И Р- ИРЕК СЫЗЫҚ

Қ Ы З Ы С Ы С Н Қ Ы –СЫНЫҚ СЫЗЫҚ

Ш К Ө Ұ Р Б П Ы- КӨПБҰРЫШ

ПАРАЛЛЕОГРАМММ, ПАРАЛЛЕПИПЕД

ІҮ-кезең: «Жорға» деп аталады. әр қатысушыға мысалдар беріледі. Сол мысалдарды 5 минуттын ішінде шығару керек.

Осымен сайыс кезеңдері аяқталды.

  Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша көрермендерге математикалық жұмбақтар жасырып көрейік.

Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (5қаз)

6 аламаның 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Табақта 7 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (12алма)

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз-дей отырып, жеңмпаздарды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Сайысқа қатысушыларды марапаттау.


Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!-де келе сайысымызды аяқтаймыз!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
Жұлдызды сәт
"Дарабоз" танымдық сайысы
«Ғажайып математика»
Математика әлемі!
Қызықты математика
«Зерде» зияткерлік сайысы
Көңілді достар
Интелектуалдық ойын-2015
Ойлы бала озар
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 3460 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык