Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Дарабоз" танымдық сайысы


"Дарабоз" танымдық сайысы
Іріктеу бөлімінің сұрақтары

I-бөлім. Есеп
1.Бөлмеде екі ана және екі қыз болған. Бөлмеде неше адам болған?

2.Үш түйеқұс ұшып келеді. Аңшы біреуін атты. Қаншасы қалды?

3.Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады? Сонда атасы: менің жасымды 6 есе кемітіп, 6-ны алса 6-ға тең болады дейді. Атасы неше жаста?

4.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы 2-ін атып түсірді. Нешеуі қалды?

5.Екі қарға біреуі солтүстікке, екіншісі оңтүстікке қарап отыр. Олар біріне бірі: -Достым, мен сені көріп отырмын,- дейді. Олар бірін-бірі қалай көреді?
6. Математик шашын қидырмақшы болады. Қалада тек 2 шаштараз. Бірінші шаштараздағы шебер шашы қалай болса солай алынған. Ал екінші шаштараздағы шебердің шашы ұқыпты алынған. Содан аз уақыт ойланған, математик 1-ші шаштаразға барады. Неге?
7.Бөлмеде 7 балауыз шам жанып тұрды. Сен жанындағы екеуін өшірдің. Қаншасы қалды?
8.Айдала.Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн.Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді.Екі ауыл арасы сүт пісірімдік жер.Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп өшті.Үй иесі бұрын көреме,әлде салт аттылар бұрын көре ме?

II-бөлім. Жұмбақтар
1. Санау үшін адамды, талды, малды, Ертеден мұра боп қалды.

2. Отыз екі батырмыз, ел күзетіп жатырмыз, Сапта қатар тұрсақта, құламаймыз бір шақта.

3. Санға қосып алсаң, Сол санның өзі шығады. Санды оған бөлуге болмайтынын Математиктер ұғады.

4. Бірдей санды бірнеше рет Көбейтуден тұрады. Егер оны ықшамдасаң Қандай атау болады.

5. Жиырма төрт батыр, Бірін-бірі жеп жатыр.

6. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі.

III- бөлім. Қателеспей мақсатқа жет
Дәптердің ұзындығы?

Дәптердің ені?

Қаламның ұзындығы?

Тақтаның ені?

Тақтаның ұзындығы?

IV-бөлім.Математика өмірде
1.Тәрелкеде 1 алма қалатындай етіп, 4 алманы осы отырған төртеуің бөліп алыңдар?
2.Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды?
3.Атасының үйіне немерелері келді. Атасы оларға алма алып келді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе бір немересіне жетпейді. Немересі нешеу, алма нешеу?

V-бөлім. Жекпе-жек
1.Шаршының қабырғасы 4см, S-?
2.Егер 1 жұмыртқа 4 мин ішінде қайнаса, 5 жұмыртқа неше минутта қайнайды?
3.Сыныбыңда неше ер бала бар?
4.Сен қай облыста тұрасың?
5.Қазақта құлаш ұғымы нені білдіреді?
6.Шайдың отаны?
7.Тәуліктің төрттен бірі?
8. Қолыңыздың сағат тағатын бөлігі?
9. Сіз нешінші қабаттасыз?
10. Ең кіші үш таңбалы сан?
11. Тәуелсіздік күні?
12. Математика оқулығының авторы кім?
13. Ең кіші жай сан?
14. 1 метрде неше сантиметр бар?
15. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?

1.Шаршының қабырғасы 4 см, периметрін тап.
2.Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
3.Сыныбында неше қыз бала бар?
4.Сен қай ауданда тұрасың?
5.Қазақта сүйемді қалай көрсетеді?
6.Мұсылмандардың қасиетті айы?
7.Сен қай жерде отырсың?
8. Республика күні қашан?
9. Ең үлкен екі таңбалы сан?
10. Екі ғасырда неше жыл бар?
11. Жасы 100-ге жеткен қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өтіпті себебі неде?
12. Миллионда неше нөл бар?
13. Жарты адамның жартысы?
14. Қолыңыздың ең кішкентай саусағы?
15. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерге қайталау есептер шығару
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
Жүзден жүйрік
«Көңілді тапқырлар» сайысы
«Ғажайып математика»
“ К і м к ө п б і л е д і ? ”
Сан есімнен өткенді қайталау
Рационал сандарға амалдар қолдану тарауын қайталау
Шаршы. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3024 | Қосты: Желтауова Шолпан | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык