Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 7559 |
|
|
|
Абай Құнанбаев-жазба әдебиеттің негізін салушы
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев-жазба әдебиеттің негізін салушы
Сабақтың мақсаты:Ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармалары туралы баян- дай отырып,ұлы есімді насихаттау және таныту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Абай Құнанбаевтың жазба әдебиеттің негізін салушы,ақын,аудармашы,
сазгер,ойшыл,тарихшы,заңгер екенді туралы мағұлмат беру.
Тәрбиелік:Абайдың өнегелі өмірін баяндай,Абай бойындағы асыл қасиеттерден үлгі
алуға тәрбиелеу,ұлы адамдарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылығын дамытуда белсенділігін арттыруға
сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға,жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға
мән беру.Ұлттық рухани мәдениетіне,әдебиеті мен өнеріне деген ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі:Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі:ОСКТТ(Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау»технологиясы)
Сабақтың көрнекілігі:Абай суреті,еңбектері көрмесі,М.Әуезов «Абай жолы»интерактивті тақта,слайдтар
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті,музыка,география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Ұй тапсырмасын сұрау
ОСКТТ бойынша жұптық баяндау
Ыбырай Алтынсарин
1.Сипаты:
2.Хронологиясы
3.Туған жері
4.Саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен
5.Білімі
6.Ғылыми,еңбек жолы
7.Меңгерген тілдері
8.Досы
9.Тарихтағы орны
Оқушылардан Ы.Алтынсариннің шығармалары туралы пікірлерін сұрастырып,бүкіл сыныпқа пікірталас үшін жалпылама сұрақ қойылады:
-Білім адамды өмірде үлкен жетістіктерге жеткізе ала ма?
ІІІ.Жаңа сабақ:Сабақ барысында қажетті мәліметтер слайд арқылы көрсетіледі.
Тақырыбы: Абай Құнанбаев
1.Сипаты:Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,ақын,ойшыл
2.Хронологиясы:1845жыл 22 тамыз-1904жыл
3.Туған жері:Семей облысы,Шығыстау өңірі(қазіргі Шығыс
Қазақстан облыс Абай ауданы,Қасқабұлақ жайлауында)
4.Шыққан тегі:
4.1 Кішік-Әйтек-Олжабай-Қайдос-Ырғызбай-Өскенбай-Құнанбай
4.2Әкесі Құнанбай-тобықты руының старшыны –Қажы(мешіт)-
«Ескітам»
4.3Анасы- Ұлжан Қаракесектің бошан руынан,Бертік бидің тұқымы
Әжесі-Зере(Тоқбала)
5.Толық аты:Ибраһим (Абай деп анасы атаған)
6.Білім жолы
6.1Алғаш ауыл молдасы Ғабитханнан білім алды.
«Ескітам»медресінде
6.2 Семейдегі Ахмед Риза медресесі(13жасқа дейін)-араб,парсы тілін
ме герді-«Приходская школа»(3ай)-орысша сауатын ашты-шығыс
әдебиетімен танысты.(Низами,Фирдоуси,әл-Фараби,Науаи
шығармалары)
6.3 Әкесі ел басқару ісіне араластыру үшін елге алып келеді.
6.4 Білімін өз бетінше жалғастырады.Семейдегі қоғамдық кітапхана-
азаттық қозғалысының өкілдері-орыс классиктерініңшығармаларымен
танысады-дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.
6.5 Алғаш өлеңді 10жасында жазған. «Кім екен деп келіп ем дүние
қуған» Ақындыққа 30 жасында ден қойған. Өлеңдерін К.Жанатаев
атымен жариялаған.Өз атымен 1886ж. «Жаз» өлеңін алғаш
жариялаған.
7.Еңбектері
7.1 Негізгі тақырыбы:өнер-білімге,ғылымға шақырады.
Лирикалары→ саяси-әлеуметтік
→табиғат
→философиялық
→ махаббат,достық
→көңіл-күй
→оқу-ғылым,өнер
7.2 Аудармалары 50-ден асады-ең ірісі Лермонтов «Бородино»
(Крылов,Толстой,Байрон,Гете т.б шығармаларын аударған)
7.3 Қарасөздері – 50-ге жуық (1890-1898)
7.4 Әндері- “Желсіз түнде жарық ай”,“ Сегіз аяқ”, Айттым сәлем
Қаламқас т.б 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
7.5 Күйлері: “ Торжорға”, “Желдірме”, “Май түні”
7.6 Қылмыстық істерге қарсы заңдар жинағы(1885ж.мамыр)-74
бап- «Төбе би»атанған.
8.Тарихтағы орны – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,қазақ-
ты әлемге танытушы.
9.Ерекшелігі:
9.1Айналасына қарадан шыққан қазақ жастарын топтастырды.
9.2 Орыс халқын отаршылдардан ажырата білді-достық, туыс-
қандық жаршысы-Ресей-Абай жылы(2006)
9.3 Семей облыстық статистика комитетінің мүшесі(1884)
9.4 Шыңғыс болысын 9 жыл билеген.
10.Қорытынды
10.1 «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»
Н.Ә.Назарбаев
10.2 «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,өлмейтұғын артында сөз
қалдырған»
10.3 Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.
10.4Абай ұлы ақын,ойшыл,ағартушы,композитор,аудармашы,
тарихшы, заңгер,күйші
10.5 ЮНЕСККО шешімімен 1995жылы туғанына 150жыл толуы
тойланды.
10.6 Абай ұрпақтары
11.Деректер «Абай»энциоклопедиясы, «Абай жолы»
ІV.Жаңа сабақты бекіту
1.Абайдың дүниетанымдық көзқарасының қалыптсуына қандай факторлар әсер етті?
2.Абай орыстың озық ойлы өкілдері және саяси жер аударылғандармен қандай байлан-
ыста болды?
3.Абай шығармаларының бүгінгі таңдағы маңызы қандай?
V.Үйге тапсырма.Тақырып бойынша талдау жасау.Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша тест сұрақтарын дайындау.Қарасөздерін жаттау.
VІ.Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |