Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы


Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақтың тақырыбы Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: 
 1) Білімділік-  оқушыларға  Қасымның хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, « Қасым ханның қасқа жолы » атты зандары, оның құрылымы туралы түсінік беру.
2) Дамытушылық- Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,  жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын білуге үйрету. Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт- бағдар беру.
3) Тәрбиелік-  Оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың  көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық,  ХV-ХVІІ ғ.  Қазақ хандығы  картасы,  қосымша  материалдар.
Пән-аралық байланыс:  Қазақ әдебиеті
 Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері:  Сұрақ-жауап, түсіндіру, пікіралысу,  жазбаша тапсырмалар, ойын.
І. Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды түгендеу
-  Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
 Қазақ хандығының ішкі – сыртқы жағдайы
1. Хандықты басқару ісі
2. Хандықтың ішкі жағдайы
3.  Сыртқы саяси жағдай
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы қандай?
ІV. Жаңа сабақ барысы
Жоспары:
1. Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі.
2. Қасым ханның ішкі саясаты.
3. Қасым ханның сыртқы саясаты.
Қасым хан
- 1445 жылы дүниеге келген
- Жәнібек ханның үшініші ұлы
- Анасы – Жаған Бегім
- 1475 жылы Бұрындық ханның тұсында әскер қолбасшысы болады
- 1511 жылы ежелгі дәстүр бойынша  ақ киізге отырғызып, хан етіп көтереді.
 Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығының  өрлеуін  төмендегі ортағасырлық авторлар атап өткен:
  Атақты Бабыр
Ғұлама ғалым Қадырғали Жалайыри
Тарихшы М.Х. Дулати
 
Қасым хандық құрған кезде елде қайшылықтарды болдырмау үшін заң шығарды. Ол заң « Қасым ханның Қасқа жолы» деп аталады. Заң 5 бөлімнен тұрады.
« Заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған.»
- Хан өзінің қасқа жолымен елдегі жағдайды түзеп, мемлекетті күшейтіп алды;
- Қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді.
- Ұлыс басшылығына ел басқаруға қабілетті адамдарды сайлады;
- ХVІ ғасырда Қасым хан  ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратты.
 Қасым хандығының орталығы бастапқы кезде
 
Сығанақ қаласы болды.
 
- Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сада-саттық және дипломатиялық байланыс жасады.
- Моғол ханы Саид ханның  Шығыс Түркістанға көшіп кетуі қасымның Жетісудағы билігінің нығаюына себеп болды.
- ХVІ ғасыр басында қасым ханның сыртқы саясатының  басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жөніндегі күрес.
 Қасым хан тұсында:
1. Қазақ хандығы саяси және әлеуметтік жағынан дамыды.
2. Көрші елдерге Қасымның аты әйгілі болып,Қазақ хандығы қуатты, іргелі елге айналды.
 
3. Қазақтар өз алдына тәуелсіз дербес мемлекет болып, Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды.
4. ХVІ ғасыр қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды. Жер көлемі ұлғайды, халқының саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас-тартыс біршама азайды.
 Қасым ханның қайтыс болуы туралы екі дерек бар:
1. М.Х. Дулатидің деректері бойынша Қасым хан 1518 жылы қайтыс болды.
2. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы Сарайшықта қаза тапқан.
 
V. Жаңа сабақты бекіту:
 
1. Сандар сөйлейді
2. Тапқыр болсаң тауып көр
3. Дискуссиялық өрнек
4. Бір – біріңді тексер
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
1) Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
2) Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығын қазіргі Қазақстан жағдайымен салыстырып, венн диаграммасын құру.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қасым хан
Хақназар хан
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандығы
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрлысы
Қасым хан
Қасым хандығы
Қасым хандығы
Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 8953 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык