Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2629 |
|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Мақсаты Оқушыларға қазақ елінің рәміздер тарихымен таныстыра отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінігін арттыру, сыни тұрғыда ойланып, пікірін ашық айтуға дағдыландыру, шығармашылыққа баулу, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Қазақстанның Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінігі қалыптасады, сыни ойлайды, пікірін ашық айтады, топтық жұмысқа төселеді, шығармашылықпен жұмыс жасайды.
Түйінді идеясы «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.» Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев
Әдіс-тәсілдер Топтық, жұптық тапсырмалар, диалог арқылы оқыту, СТО технологиясы, АКТ, ЖИГСО, «Ротация» әдістері, шығармашылық жұмыс
Уақыты
Ресурсы Сабақтың мазмұны:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2 мин үнтаспа Амандасу тренингі: «Белгімен амансайық» ойыны арқылы оқушылар бір-бірін қайталамай, ерекше белгімен амандасады.
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, ерекше амандасады.
5 мин Шаңырақ, күн бейнесі, шарлар «Шаңырақ», «күн» суретін таратылып, топтастырылады. Үстел үстінде тұрған шарға өздері таңдаған фигураларды орналастыру сұралады. Диалог арқылы фигураны шарға орналастырғанда (сары шарға шаңырақ, көк шарға күн бейнесі) неге ұқсайтынын сұрау арқылы тақырып хабарланады.
«Бортты журнал» әдісімен жаңа тақырыпқа болжам жасап, жұппен талқылайды. Екі топқа бөлінеді. Сыни ойланады, диалогке қатысады. «Бортты журналды» жеке толтырып, болжам жасайды, жұптасып талқылайды.
5 мин АКТ, интерактивтік тақта, видео-ролик АКТ-ны пайдаланып мемлекет басшысының сапары кезіндегі және олимпиада жеңімпаздарын анықтағанда тудың көтерілуі мен түсірілуі және әнұранның орындалуы туралы видео-ролик көрсетіліп, талданады. Проблемалық сұрақтар қойылады. Видео-роликтегі көріністерді талдайды. Сұрақтарға жауап береді.
10 мин
А4 қағаздар,
маркер ЖИГСО әдісі бойынша жаңа тақырып меңгеріледі.
І топ: Қазақ елі рәміз белгілерінің тарихынан.
ІІ топ: Қазақстан Республикасының рәміздері. Мәтінді жеке оқиды. Диалог арқылы топта талқылау. Жұп болып тақырыпты келесі топқа түсіндіреді.
1 мин АКТ, слайд Сергіту сәті: «Түстер терапиясы»
2 мин «Елтаңба», «Ту», «Гимн» суреттері «Елтаңба», «Ту», «Гимн» суреттері арқылы топтасады.
Үш топқа топтасады.
І топ: Елтаңба
ІІ топ: Ту
ІІІ топ: Гимн
10 мин Ватман, үш түсті маркер,
галстуктар «Ротация» (ауыстыру) әдісімен «Елтаңба», «Ту», «Гимн» сұрақтары бойынша әуелі жеке, сосын топ болып өз түстерімен (қызыл, көк, қара) жауап жазады, ватмандарды ауыстырып тұрады.
Әр топ өз түсіне сәйкес галстук тағады.
Топ мүшелері өз деңгейіне сәйкес жауап жазады, әуелі жеке, кейін топпен жұмыстанады.
5 мин Маркерлер, А4,
түрлі-түсті бояулар Шығармашылық жұмыс: Өз ауылымыздың рәміздерін жасау ұсынылады. Оқушы үніне құлап асу арқылы өз жұптарын еркін таңдап, тапсырманы жұппен орындап, қорғайды. Сыни ойланады, талантты және дарынды балалар анықталып, үздігін жариялайды.
5 мин Кестелер, шарлар, маркерлер Бағалау. «Бортты журналды» толтыру.
Кері байланыс арқылы сабақ басында таратылған шарға сабақтан алған әсерлерін жазу немесе суретін салу. Өзін-өзі бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |