Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біз қандай ата- анамыз?


Біз қандай ата- анамыз?

Тақырыбы:

Біз қандай ата- анамыз?

Мақсаты:

Ата -ананың бойындағы балаға деген көзқарасын саралау,кез келген үш жағдаяттан шығу.

Баланың өміріне оқу үдерісіндегі кездесетін жағдаяттарды  бірлесе  талқылай отырып шешу.

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптастыруына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

 

Күтілетін нәтижесі:

Ата - аналардың өзара ортақ байланысы  артады.

Ата - аналардың оқу үдерісіне деген көзқарастары мен қызығушылықтары артады.

 

Әдіс - тәсілдері :  

топқа бөлу, ой қозғау, менталді картаны  қорғау, жағдаяттардан шығу.

 

Уақыты

Cынып жетекшінің іс - әрекеті

Ата - аналардың іс - әрекеті

 

Ой қозғау   Сіз қандай ата - анасыз?

Әр ата - ана өз ойын жеткізіп айтады

 

Критерийлер :

1.Топтың дұрыс ұйымдастырылуы

2.Әр топ мүшесі қабылданған шешімді дәлелдей алуы

3. Қабылданған шешімнің дұрыстылығы

Топқа бөліну бала болашағым,бала үмітім,бала қолғанатым  деп үш топқа бөліну.

Топ басшысын сайлау

 

 

 

 

 

 

Кеспе қағаздары арқылы үш топқа бөлініп отырады.

 

Ата аналар бірігіп, араларынан топ басшыны сайлайды.

 

Топтық тапсырмалар

«Ананың аялы алақаны», «Әрқашан күн сөнбесін», «Мейірімді жүрек»

 

Осы берілген тақырыпшалар бойынша ата - аналар постер қорғайды

Әр топтан топбасшы  ата ана шығып тақырыпшалары  кеспе қағазда жазылып, сол тақырыпшаларды

әр топтан  топ басшы ата ана шығып тақырыпшаларды алады.

Ата - аналар  бірлесе отырып өз ойларын ортаға салады, сыни ойланады , тақырыпшаларды бейнелейді.

Әр топтан көшбасшы деген ата-  ана шығып қорғайды.

 

 

 

Жағдаяттық сұрақтар :

1.Бір нәрсеге ашулы ұлы мектептен келе сала,құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз деп күйіп піседі.

2.Сіздің балаңыз төбелесіп қалды, бірақ сіз ол жағдайды екі күннен кейін сыныптас қыздан естідіңіз,сіздің іс әрекеттіңіз.

 3.Таңертеңгі мезгіл.Анасы баласын сабаққа баруға оятады. Бала ұйқысынан тұрғысы келмеді.Әкесі баласын жақтап, сабаққа бармауын өтінді. Осы кезде телефон соғылды.Тұтқаны алған шешесіне баласы өзін жоқ деп айтқызды.

Жалпылау:

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру

«ия» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыз.

«жоқ» десеңіздер аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар

1.Сіз балаңыздың қызығып оқитын пәнін білесіз бе? 

2.Сіз балаңыздың жақын араласатын досын танисыз ба?

 3. Сіз балаңыздың 2007 жылы 1 cыныпқа келгенін білесіз бе?

4.Бүгін балаларыңыз отырысқа барады,сіздер оны білесіздер ме?

 5.Бала тәрбиесіне ата әжесі жауапты ма?

 6. Балаңыз немесе қызыңыз «қазір» деген сөзді жиі қолдана ма?

7.Балаңыздың ұялы телефонды көп мөлшерде пайдаланғанын қалайсыз ба?  

8. Балаңыздың сабақ орындағанына көңіліңіз тола ма?

 9.Баланы ұрып тәрбиелегенді қалайсыз ба?

 10. Балаңыздан менменшілдік,өзімшілдік, дөрекілікті байқайсыз ба?

11.Балаңыз немесе қызыңыз жалқау ма?

Сергіту сәті : тілек айтқызу

Жағдаяттық тапсырмалар:

1.Ертеде бір ғұламаға келіп:
-Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс?-деп сұрапты. Ғұлама:
Балаңыз қаншада?-деп сұрақ қояды.
-Бес-ақ ай толды,-дейді анау. Сонда ғұлама басын шайқап:
Бес айға кешіккен екенсіз,деген екен. Халық арасынан кең таралған бұл аңызды айтпағы баршаға түсінікті. Яғни,баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.

2.Бір күні көршінің жалғыз ұлы болады,ол баланың бетін қақпай өсірген. 7 жасар ұлы сүт сататын көрші әйелдің шелегін «бізбен» екі күн қатар тесіп кетеді,үшінші күні көрші әйел баланың үйіне барып,болған жайды баяндап береді. Баланың анасы мән жайды тыңдап алып, баламмен өзім сөйлесемін деп қайтарып жібереді. Кешке отағасына болған жайтты баяндайды.

Сонда отағасы:

- Біз қай жерден қателестік?

- Сен өзің есіңе түсірші деді

Баланың анасы екі күн ойланып,есіне түсірді.

Жауабы: Мен осы балаға аяғым ауыр кезде,сүт сататын көршінің үйіне барғанда,үстел үстінде тұрған мандаринді сұрап алуға ұялып, ол сыртқа шыққанда,ілмегіммен тесіп,суын сорып сорып алып, орнына қайтадан қойып қойдым.Міне сол кездегі ілмегім қазіргі таңда «бізге» айналды.

Жұлдызшалар тарату.

Рефлексия:

стикер тарату

 

 

 

Ата -аналар бірлесе отырып

жағдаяттық сұрақтарды талдайды, іс әрекеттерді бірлесе шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата аналар орнынан тұрып,қимыл қозғалысы арқылы сұраққа  «ия», «жоқ» деп жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата аналар лентаны бір біріне жалғастырып, балалардың ерешеліктері жайында тілек айтады.

 

 

 

Жағдаяттық тапсырманы талдау, ой қозғау,сыни ойлау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата- аналарға жұлдызшалар таратылады , сол жұлдызшаларға өз баласына  арнап тілек жазады,  стикер таратылады. 

Стикерге жиналыстан алған өз әсерлерін жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті ата-ана!

Балаңыздың мектепке деген көзқарасын анықтау үшін, оның алдына койған мақсаттарын білу үшін және балаңыздың кызығушылық танытатын іс-әрекетін анықтау мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін! Көңіліңізге рахмет!

              Балаңыздың аты-жөні: ______________________________________________

Ата-ананың аты жөні________________________________________________

  1. Отбасы құрамы:_________________________________________________
  2. Балаңыздың сүйікті ісі: ___________________________________________
  3. Балаңыз қандай ойынды ұнатады және кіммен бірге ойнағанды ұнатады?

а/ үйде

б/ аулада

  1. Балаңыздың неге қызығатынын білесіз бе? __________________________________________
  2. Отбасында балаңыз кімге көбірек бауыр басқан?
  3. в/атасы мен әжесіне
  • -әпкелеріне
  1. Балаңыз кімдермен араласады?

а/ өзінің сыныптастарымен

б/ересек балдармен

в/жасы кішкентай балалармен

г/ешкіммен араласпайды

  1. Балаңыздың досын танисыз ба? Оның досына деген қарым-қатынасы қандай?
  1. Балаңыз сіз берген тапсырмаларды орындай ма, немесе оған сол тапсырмаларды орындау үшін қосымша әсер ететін іс әрекеттер болу керек пе? Қандай?
  2. Балаңыздың мектепке деген көз қарасы қандай?

а/жақсы

б/бейтарап

в/нашар

  1. Балаңыз қалай оқиды?
  2.  

б/оқуға тиісті болғандықтан

в/ол өзінің сезімін көрсетпейді

11. Қай пәндерді балаңыз көбірек ұнатады?

12. Балаңыз орындаған үй тапсырмаларын тексересіз бе?

13. Қай пәндер бойынша берілген үй тапсырмаларын балаңыз жылдам орындайды?

14. Қай пән бойынша үй тапсырмаларын баяу орындайды?

16. Оқуға, үйренуге деген балаңыздың бойында қиындықтар кездесе ме?

17. Сол қиындықтарды жеңу үшін балаңызға қалай көмектесер едіңіз?

18. Балаңыздың бойындағы кемшіліктеріне қалай қарайсыз?

19. Балаңыздың бойындағы сізге ұнамайтын мінезі бар ма?

20. Балаңыздың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін не істер едіңіз?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс
Сыйынар ем, ана деген тәңірге
Отбасы-тәрбиенің ұясы
Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей.
Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы кеңес.
5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған САУАЛНАМА
Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
Ата ананың балаға көзқарасы сауалнамасы
ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.
«Мен және менің балам» (тақырыбындағы дөңгелек үстел)
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4343 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык