Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 6732 |
|
|
|
Есім хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың тақырыбы: Есім хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік : Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардыың ббілімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыны жан – жақты терең , еркін ойлауға , топпен жұмыс жасауға , ұстамдылыққа , өз ойын өзгелермен бөлісуге , өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті , құқық негіздері
Көрнекіліктер: тақырыптық карта, тірек – сызба, сөзжұмбақ , Тәуекел , Есім хандардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу , түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – кезең . 2 топтың топ басшыларына диолог ретінде сұрақтар қойылады.
Топтың қалған мүшелері тестпен жұмыс жасайды.
І топ 1. Хақназар хан қайтыс болған соң хан тағына кім отырды? (Шығай хан)
2. Шығай хан Баба сұлтанға неге өшікті? ( Қазақ ханы Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргені үшін)
3. Баба сұтан кім ? ( Ташкент билеушісі )
4. Шығай хан өз мақсатына жету үшін кіммен бірікті? ( бұхар ханы Абдаллахпен)
5. Шығай хан қай жылдары биік құрды (1580-1582)
6. Өзбек пен қазақ Әскерлерінің Баба сұлтанға қарсы бірлескен жоғарғы қай жылы болды? (1582)
7. Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі африкент аймағын тәуекел сұлтанға не үшін сыйға тартты? ( Баба сұлтанды өлтіргені үшін)
ІІ топ 1. Тәуекел Шығай ханға кім болады ? ( Баласы)
2. Тәуекел қай жылдары хандық құрды ? (1582-1598)
3. Тәукел хан болғаннан кейін алдына қандай мақсат қойды? ( Сыр бойындағы қалаларды қазақ хандығына қайтару)
4.Тәуеке хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалаларды басып алады? ( Сауран , Сайрам, Отырар, Түркістан)
5. Абдаллах хан өлгеннен кейін орнына таққа кім отырады. Оның тағдыры не болды? ( Таққа баласы отырды, бірақ бүлікші әмірлер оны өлтірді)
6. Тәуекелдің өмірі қалай аяқталады?
7. өзбек хандығы мен қазақ хандығының сұлтандары қандай келісімге келеді? ( Соғысты тоқтату)
ІІ кезең. Топтастыру
Тәуекел ханнаң қандай еңбегі бар?
(1582-1598)
3.кезең . Қартамен жұмыс.
1. Баба сұлтан қай елдің билеушісі? ( Ташкент)
2. Абдаллах хан Тәуекелге Баба Сұлтанды өлтіргені үшін қай аймақты сыйға тартты?/Самарқан өлкесіндегі Африент аймағын /
3. Тәуеке хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалаларды басып алады?
(Сауран, Сайрам, Отырар , Түркістан)
ІІІ. Жаңа сабақ
1.кезең. Топтастыру.
Есім ханға мінездеме
2 кезең. 2 топқа тапсырма беріп, мәтінмен жұмыс жзасау.
І топ: 1627 жылы Есім хан Жетісу жеріне қалмақтарға қарсы жорыққа аттанып кетеді. Оқиға былай болады....
Тапсырма : Марғасқа жыраудың мына өлең жолдарынан оқиғаны қалай сипаттап берер едіңдер?
«Ей, Қатағанның ханы Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәнірісіп жатырсың.
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы кеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!»
ІІ топ: «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын құжатқа сипаттама беріңдер.
-Әдет – ғұрып заңы
-Мал- мүлік туралы
- Қоныс тұрақ туралы
- Адамдар арасындағы қатынас туралы
- Ел қорғанысын нығайту
- «Қасым хан салған қасқа жолды» негізгі алып өңдеп, толықтырған
- Кейін Тәукенің « Жеті Жарғысына « негіз болды.
ІҮ. Бекіту .
Сөзжұмбақ. « Қатаған қырғыны»
1. 1538-1580 ж билік құрған хан Хақназар
2. 1511-1518ж билік еткен хан Қасым
3. Тұрсын ханды жақтаған ру Қатаған
4. Ташкент билеушілері/ Баба сұлтан
5. Алғашқы қазақ - Бұхар соғысы қай жерде болады? / Айғыржар
6. Тұрсын хан астанасы етіп жариялааған қала / Ташкент
7. қасым ханың әкесі / Жәнібек
8. 1465 -1466жж құрылған хандық / Қазақ
9. Хақназар ханнан кейін хан тағына кім отырды / шығай
10. Есім хан астана етіп жариялаған қала / Түркістан
11. Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау /Марғасқа
12. Есім хан Тәуекел ханның қандай туысы / інісі
13. Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы /Бұрындық
Ү. Бағалау
ҮІ. Үй тапсырмасы.
Тақырыпты оқу.
Тест құрастыру.
Егер мен хан болсам .... Әңгіме жаз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |