Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері


Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері

Сабақтың тақырыбы Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері

 Білімділік: Ежелгі Египет өнері-архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік  дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы  тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.
 Дамытушылық:Оқушылардың өнерге деген ықыластыран арттыру
 Тәрбиелік: Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, баяндау, суреттермен жұмыс.
Суреттің түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Үлкен Сфинкс», «Пирамида» т.б. суреттер, иллюстрауиялар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
• Египетте жазудың қалай пада болып, дамығанын сипаттап беріңдер.
• Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыған?
• Математика ғалымының шығуына қандай жағдайлардың әсері болды?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Әдебиеті.
2. Ежелгі Египет діні
3. Египеттегі храмдар
4. Пирамидалар салу.
5. Үлкен Сфинкс.
«Миф» сөзінің қандай мағына білдіретіні түсіндіріліп, оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
   Ежелгі Египетте халық ауыз әдебиеті ерекше дамығанын, шығармалар мазмұнында халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталғанын айта келіп, егер уақыт жетсе, оқушылардың біреуіне шытарман оқиғалы «Синухеттің басынан кешкендері» шығармасын дауыстап оқытамын. Содан кейін оқушылардың  шығарма мазмұнын әңгімелеп беруін сұраймын.    Ежелгі Египетте Ніл өзені, құдайлар мен перғауындарды мадақтайтын гимндер мен өлеңдер де болғанын айтамын.
    Египет кедейлерінің ауыр тұрмысы мен ащы зар-мұңын білдіретін көптеген әндер мен мақал-мәтелдері туралы немесе «Астық тасушының әні» жайлы баяндаймын.
     Күн құдайы Амон-Раны ежелгі египеттіктер ең құдіретті, көркем құдайымыз деп  санады. Олардың ойы бойынша  перғауындар адамдарды қалай басқарса, Ра құдай да солай басқарды. Ол күндіз аспанға алтын қайығымен келіп, кешкісін азыққа кетеді.
    Ойланып көріңдер, египеттіктердің күн құдайы неге негізгі құдай болып есептелінеді?
   Оқушылар жауабын толықтыра отырып     ежелгі египеттіктердің ең алғашқы діни сенімдері Күн құдайы Ра мен тас құдайы Бен-бенге сиынудан басталғанын айтамын. Египеттіктер құдайдарды жануар басты адам бейнесінде елестеткен (оқушылар назарын кітаптағы суретке аударады.)
  Олар адамдар құдай жолымен жүрмесе, құүдайлар ашуға мініп, бүкіл елді бақытсыздыққа дашар етеді деп ойлады.  Сондықтан олар құдайларға сый-сыяпат жасап, көңілдерін аулауға, жалбарынып, мейіріміне бөленуге тырысқан.
  Египетткітер перғауындарды да құдайға теңеді. Оларды «құдайдың  ұлы», құдіретті деп санап, пір тұтқан. Егер перғауын аяқ киімін сүйдірсе, оның өзі үлкен құрмет деп есептелген.
 Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған? 
 Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр?
    Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, сөзін жалғастырып, ежелгі  египеттіктердің  перғауындарды пір тұту құрметіне толып жатқан мерекелер мен ойын-сауықтар  ұйымдастырғаны туралы баяндаймын.
      Осы бөлімді түсіндіру кезінде «Осирис пен Исида» туралы мифтің мазмұнына тоқталып, егер үлгерсе, толық айтып беремін. Р.М.Рубенштейннің «Ежелгі Шығыс» атты сыныптан тыс оқулығын пайдаланамын.

Төмендегі кестені сыныппен бірге толтырамын.
Құдайлардың аттары Олар табиғат құбылыстары мен шаруашылықтың қандай түрлерін бейнелейді? Олар құлиеленушілік құрылысқа қандай әсерін тигізді?

   
  Фивы қаласындағы храмдар туралы айтылғанда оны салуға әлемнің әр түкпірінен келген, ең таңдаулы шеберлердің қатысқаны, оның колонналы залы дүние жүзіндегі  ең биік зал болғаны, храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден астам мүсіндер барын әсерлі түрде баяндаймын.
          Тастан жасалған алыпқа қарағанда адамның зәресі ұшатын еді. Жұрт оны қалай атады? Бұл құрылыстар қандай мақсатта жасалды?
    Храмдарды безендіру мен сәулет өнері де алғаш ежелгі Египетте өркендеп, дамыды.  Египеттіктер әлемде тұңғыш рет тастан қаланған, аспанмен тілдескен керемет құрылыстар сала білді. «Египеттегі құрылыстар жайлы кім айтып береді?» деген сұраққа оқушылар жауабын тыңдап болған соң,   Ніл өзенінің батыс жағындағы аспанмен тілдескен әлемнің жеті кереметінің бірі- пирамидалар жайлы сөз қозғаймын. Бұлар-перғауындардың мазарлары. Ең бірінші пирамида Жосер перғауынға арнап салынған екен. Ал ең биік пирамида  б.з.б. 2600 жылдардың шамасында Хеопес перғауынға арнап салынды. Оның биіктігі 150 метрге жуық. Оны айналып шығу  үшін бір шақырымға жуық жол жүру керек. Пирамида тарихын бір оқушыға оқытамын. Ол дауыстап оқып шыққаннан кейін ойын тұжырымдап, дәптерге түсіреді.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Пысықтауды картиналар,  схемалар т.б. көрсету арқылы жүргізу.
2. Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалануды қажет ететін кроссворд т.б. шешуге жаттықтыру.
IV. Үйге тапсырма: §8  1. «Египет діні» деген кестені толтыруды аяқтайды.
2. «Шығыстағы мәдениеттің дамуы» кестесін толтырады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
Египетте мемлекеттің пайда болуы
Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Ежелгі Финикия мен Палистина
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері.
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3421 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык