|
|
Сабақтың тақырыбы Қимақ қағанаты (ІХғ.аяғы – ХІ ғ басы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қимақ қағанатының тарихымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушының танымдық білімі мен білігін дамытудың қайнар көзі – түрік дүниесі тарихының даму ерекшеліктері және маңызын ашып көрсету;
Тәрбиелік: Түрік халықтарының шаруашылығы мен рухани мәдениетінің жаңа беттерін ашу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан тарихынан топтамалар
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын тексеру, түгендеу, сабаққа назарын аудару
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
- Оғыз мемлекетіне тарихи анықтамалық құрастырыңдар
- Оғыз мемлекетіне қатысты термин сөздер мағынасын ажыратыңдар
- Мемлекеттің саяси тарихына қатысты хронологиялық кесте құрастыру
- Оғыз тайпалары туралы мәлімет қалдырған ғұламалар және олардың тұжырымдары туралы не білесіңдер?
ҰБТ әлеміне саяхат:
- Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші
- 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды
- Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан
- Оғыздардағы тайпалар саны
- Әл-Идриси “ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды”-деп қай тайпалар туралы жазған?
Мағынаны тану
Жоспар:
- Қимақ тайпасының тайпалық құрамы, құрылуы
- Қағанаттың қоғамдық құрылысы
- Қағанаттың саяси тарихы
- Шаруашылығы, қолөнері, мәдениеті
Негізгі мәлімет
Хронологиялық кесте толтыру
Мерзімі |
Болған оқиғалар |
ҮІІғ басы |
Қимақтар Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеді |
ҮІІғ ортасы |
Алтайдың солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшті |
766-840жж |
Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөлге қоныстанды |
840жж |
Эймур, ланиказ, ажлар, баяндур,татар, имек, қыпшақ тайпалары қосылды |
Хғ басы |
Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алды |
Хғ ІІ жартысы |
Қарахандар шапқыншылығынан ыдырай бастады |
Хғ |
Ислам дінін қабылдады |
Терминдермен жұмыс
Қаған – қимақ қағанатының билеушісінің титулы
Ябғу- қағаннан екі саты төмен атақ
Шад-түтік – жеке тайпа көсемдері
Қимақтар туралы деректер:
Парсы тарихшысы Гардизи: «Құрамында 7 тайпа болды, ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар», «Шаруалар өз мырзаларының малын бақты, қысқа арнап әрқайсысы өздерінің шама шарқына қарай қой, жылқы, сиыр етін сүрлеп алады»
Махмұд Қашқари: «Малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқтар қарапайым халықты жатақтар деп атаған.олар қолөнерді, балық аулауды кәсіп еткен»
Жазба деректер: «Қимақтар қамыс қаламмен жазған»
Ойтолғаныс
- Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа
- Х ғасырда Қимақтарда тараған дін
- VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ
- Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы
- Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру:§6 32-35 беттерді оқу, ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерді қайталау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |