Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 4686 |
|
|
|
Қыпшақ хандығы
Сабақтың тақырыбы Қыпшақ хандығы
(XI-XIII ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушыларды отандық тарихтың Қыпшақ хандығы дәуірімен таныстыру,даму ерекшеліктеріне және маңызын ашып көрсету.
• Дамытушылық: Қыпшақ хандығындағы қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау.
• Тәрбиелік: Оқушылардың Қазақстан тарихындағы Қыпшақ хандығы туралы біліміне тәрбиелік сипат беру.
Көрнекілігі: Слайдтар, Қазақтан Республикасының мемлекеттік нышандары: ту, елтаңба, әнұран. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың портреті.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту “Сөзжұмбақ”
5. Үйге тапсырма беру
6.Оқушыларды бағалау.
(Бассерман әдісі арқылы)
Үй тапсырмасын сұрау
§12 Қарақытайлар (1125-1212) сұрақтар:
• Қарақытайлардың Қазақстан жеріне келу себебі неде ?( Жетісуға)
• Қарақытайлардың қоғамдық құрылысының ерекшелігі?
• Қарақытайлар алым-салық жинау жүйесін қалай жүргізді?
• Қарақытай мемлекеті өзінің сыртқы саясатында қандай бағыт ұстанды?
(интербелсенді әдіс: бір-бірінің ойын жалғастыру, қарсы сұрақ қою.)
Жаңа сабақты түсіндіру
§13 Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ басында)
Жоспары
1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы
2. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы
3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
4. Қыпшақтардың шаруашылығы
1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы
• Қыпшақ хандығы XI ғ құрылды .
• Алтайдан Еділге дейінгі аралықтың “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп атаған.
• Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрады
•
Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрады
• Батыс бірлестігі
11 тайпадан тұрады:
елбөрілі, тоқсоба,
йетиоба, дурдут
• Шығыс бірлестік
16 тайпадан тұрады:
8 негізгі , 8 ұсақ тайпалық бөлімшелер.
Ең беделдісі бөрілер болған.
Қыпшақ ханы осы тайпадан шығып отырған.
Қыпшақ бірлестігіндегі түрік тілдес тайпалар:
• Қимақ
• Оғыз
• Құман
• Ежелгі башқұрт
• XIIғ бастап Арал маңындағы
• Қаңлылар
• Қарлұқтар
• Жіліктер қосылған
Еуропа саяхатшысы Плано Карпинидің “қаңлылар
қыпшақша сөйлейді екені” дегені төлық дәлелдейді.
Қыпшақ халқының қалыптасуы
Дешті Қыпшақта (Қыпшақтар даласында ) қыпшақ халқының қалыптасуы заңды құбылыс еді.Бірақ монғол шапқыншылығы бұған үлкен нұқсан келтірді. Сөйтіп Қазақстанда біріңғай халық болып қалыптас құбылысы XV ғ дейін кешеуілдеді.
2. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы
Қытай тарихшысы Жүзжани бөрілерді хан әулиетінің тайпасы деп атаған.
Хандық биліктің орталығы “орда” деп атаған
Әскери басқару жүйесі бойынша оң және сол қанат болып бөлінді.
Әскери басқару жүйесі екіге бөлінген
• Оң қанаттың күші және беделі басым
орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы
• Сол қанат орталығы Сырдария өзені бойындағы Сығанақ қаласы
Екі қанатқа бөлу билікті мызғытпай ұстан отыру үшін жасалған еді.
Ақсүйек-шонжарларға
Хан ----Ханның туыстары ----- тархандар ----
------басқақтар ----- бектер ------ ру-тайпа ----
-------көсемдері ----- байлар----ру-тайпа көсемдері
Құлды “яланкуг” деп атаған
Қыпшақтардың бөгде аттары:
Орыс деректерінде: «Половцы» (далалықтар)
Венгр деректерінде: «Кундар» «командар»
3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
Қыпшақтар Хорезм елімен қатынасты жақсартуға тырысады.
Хорезм билеушілері Текеш пен II Мұхаммед қыпшақ ханы Қадыр Букехан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып,Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды.
Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.
4. Қыпшақтардың шаруашылығы
• Мал шаруашылығы (төрт түлік)
• Тұрмыстық кәсіп ( қолөнер .зергерлік)
• Аң аулау шаруашылығы
• Егін шаруашылығы
Тарихи диктант
• 1.Қыпшақтардың ... VII-VIII ғғ қалыптаса бастаған.
• 2. Қыпшақтардың батыс бірлестігі ... тайпадан тұрады.
• 3.Хандық биліктің орталығы ... деп аталады.
• 4.Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы ... қаласының орнында болса,ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы ... қаласындаорналасты.
• 5.Орыс деректерінде қыпшақтарды ... деп,ал венгрлер ... деп атаған.
• 6.Қыпшақтар негізінен ... шаруашылығымен айналысты.
1. Этникалық құрамы, 2 он бір, 3 орда, 4 Сарайшық,Сығанақ.
5 половшылар,кундар немесе командар. 6 мал .
Жаңа сабақты бекіту:
1. Қыпшақтардың саяси орталығы болған қала. (Сығанақ)
2. Қыпшақтың елбөрілі тайпасы табынған аң . (Қасқыр)
3. Қыпшақтар туралы жазған еуропалық ғалым.(Карпини)
4. Орта ғасырлардағы түрік ғалымы.(Қашқари)
5. XI-XIII ғғ Еділ өзені мен Алтай тауы аралығындағы мемлекет бірлестігі .(Қыпшақ)
6. Қыпшақтардың этникалық құрамындағы тайпа .(Тоқсоба)
Оқушылырды бағалау
Қорытынды.
Үйге тапсырма: §13 оқып келу. ВЕНН диаграммасын толтыру: Қарақытайлар мен Қыпшақтардың ерекшеліктері мен ұқсастығын тауып дәптерге жазыңыз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |