Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық теңге-мақтанышымыз


Ұлттық теңге-мақтанышымыз

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық теңге-мақтанышымыз

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеті туралы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау.
• Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
• Тәрбиелік: өз елінің мәдени-экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, патриоттық, азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:  интерактивті
Пән аралық байланыс: құқық
Көрнекілік: Банкноттар (теңге).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Алдымен жоспар бойынша ұйымдастыру кезеңін өткіземін. Бұдан кейін өткен сабақты қайталау мақсатында үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.
Ең алдымен үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.
1.  Рәміз, белгілер не үшін керек?
2.  Тулар тарихы қай кезден басталады?
3.  Еліміздің туы шетелде қандай жағдайда көтеріледі?
4.  Бұрынғы қазақ тайпаларының таңбалары туралы не білесіңдер?
5.  Бұрынғы кезде қазақтар қандай жағдайда ұран шақырған?
6.  Халқымызда ерлікке шақыратын қандай әндерді білесіңдер?
Бұдан кейін үш оқушыға еліміздің елтаңбасы мен туы, әнұраны жайында қысқаша сипаттама жасатамыз.
Соңында  оқушылардың жауабын одан әрі толықтыра отырып өткен сабаққа, үйге берілген тапсырмаға қорытынды жасаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып қоямын.  Алдымен оқушыларды сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып, өткен сабақтың тақырыбы өздеріне мәлім екенін ескертіп өтемін.
Тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Нумизматика ғылымы.
2. Теңгенің шығу тарихы.
3. Теңгенің рөлі.
«Теңге» деген жазуы бар плакатты тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға түрлі түсті қағазға теңгеге қатысты бір-бір сөз жазуды тапсырамын. Оқушылар сөз жазған қағаздарын плакатка жапсырады.
Осыдан кейін   жалпылама сұрақ қоямын.
Ақшаның адам өмірінде алатын орны қандай?
Оқушылардың пікірін тыңдап ары қарай   жаңа сабақты түсіндіремін.
Ақша адам баласы үшін аса қажетті зат. Ол айырбас ретінде, қандай да бір қажетті заттың орнына беретін ақы ретінде қолданылады. Ақшаның тарихы тым тереңде, сонау тас дәуірінде жатыр. Ол кезде ақшаның орнына түрлі заттарды қолданған.
Нумизматика - ақша, теңгені, оның тарихын зерттейтін ғылым.
Осы жерде оқушыларға әлемнің біраз мемлекетінің қазіргі кезде қолданыста жүрген валюталарын жаздырамын.
Мысалы: АҚШ-доллар, Ресей-рубль, Қытай-юань, Түркия-лира т.б.
 Қазақстан Республикасының ұлттьщ валютасы - теңге туралы түсіндіремін. Онда көрнекі құралдарды пайдаланамын.
Мына бағытта баяндаймын:
 Ұлттық теңгенің қажеттілігі.
 Ұлттық теңгенің шығу тарихы.
 Теңге құрылымы.
Оқушыларға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ауыр экономикалық жағдай, Ресейдегі бағаның босатылуы, ең соңында еліміздің тәуелсіздік алуы - осының барлығы өзіміздің ұлттық ақша бірлігі - теңгенің қабылдануына басты фактор екенін айтамын.
Қазақстан теңгесін Ұлыбританияның «Харрисон» фирмасы жасап шығарған. Қазіргі кезде теңгені өз елімізде жасайтыны туралы да айтамын. 
Теңгенің еліміз аумағында айналымға енген уақыты -1993 жыл 15 қараша.
Теңге құрылымына қыскаша тоқталамыз. Теңге металл және қағаз түрінде болады. Алғашқы шыққан теңгелерде белгілі тұлғалардың суреті салынған. 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай суреттері, ал 1, 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгеліктерде әл-Фарабидің суреттері бейнеленді.
Бұдан кейін оқушылармен теңге жайында шағын әңгіме өткіземін. Онда теңгенің адам өміріндегі орны жайында пікірлесеміз.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту үшін   карточкалық сұрақтарды пайдаланамын.
1.  Нумизматика ғылымы.
2.  Валюта деген сөзді қалай түсінесің?
3.  Ақшаның қажеттілігі туралы айт.
4.  Неліктен ақшаның бетіне белгілі адамдардың суреті салынады?
Қосымша бір-екі оқушыға тақырыптың мазмұнын айтқызамын.   Ақшаның маңызына, теңгенің шығу тарихына, қазіргі кезде теңгеге енгізілген өзгерістерге тоқталып өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1.  58-параграфты оқу.
2.  Теңге жайлы шағын әңгіме жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық валюта- төл теңге
Ақша дегеніміз не?
Теңгелер еліне саяхат.
Ақша туралы ой
Ұлттық теңге – мақтанышымыз
Наурыз мейрамы
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Бүгінгі Қазақстан
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6495 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык