Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақша туралы ой


Ақша туралы ой

Ақша туралы ой

Тақырыбы: Ақша туралы ой

Мақсаты: Ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру, ХVIII – XXI ғасырларда қолданылған ақша түрлерімен таныстыру.
Ақша туралы түсініктерді кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз Отаны Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, іздену, т. б.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, сызбалар, слайдтар, т. б.
Жоспар:
I. Kіріспе.
II. Heгізгі бөлім
III. Қорытынды.
Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге) Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ақша туралы ой» атты танымдық сабағымызды бастаймыз.
Ақша тарихта (1 - слайд)
Жүргізуші: Әрине, үйреншікті заттардың тарихын білген әрқашан қызық. Ал ақшаның және ақша жүйесінің тарихы өзіне ғана тән фактілерді емес, елдің, халықтың, экономиканың тарихын қамтиды. Ақша тарихы - өмірдің өзінің ең айқын, ең дәл және сабақ беретін көрсеткіші.
1 - оқушы: Кез - келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері т. б. (тиін мөрлері, құжаттар) ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумазматика ғылым ретінде ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И. Х. Эккель.
2 - оқушы: Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Теңге Қазақстанда ( 2 - слайд)
Жүргізуші: Теңгенің енгізілуімен Қазақстан толық мағынасында тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары ( елтаңбасы, туы, әнұраны, ұлттық валютасы) бар егеменді елге айналды.
3 - оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасының Президентінің 1993 жылғы 12 - қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 - қараша күні таңертеңгі сағат 8 - ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
4 - оқушы: Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою – өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы, авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.
Теңге әдебиетте (3 - слайд)
Жүргізуші: 2008 жылы теңгенің 15 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов «Қазіргі кезде балаларға арналған қазақша кітаптар жетіспейді, таралымы да аз. Сол балаларға ақша туралы алғашқы әліппелік түсінік беретін кітапша шығартсақ» деген тұжырымға келген екен.

 Қаржы жүйесіндегі ақша  (4 – слайд)
Жүргізуші: Қазақстан Республикасында ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін « Қазақстан Ұлттық банкі» жүзеге асырылады.
5 - оқушы: «Қазақстан Ұлттық Банкі» банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар. Онда қағаз ақшалармен қатар арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады. Таза салмағы 24 гр, 34 гр т. б. әр түрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді.
Ақша бизнесте (5 – слайд)
Жүргізуші: Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша негізінен мынадай қызмет атқарады.

1) Ақша - құн өлшемі. Ақша кұн өлшемі ретінде « құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін» материал қызметін атқарады.
2) Ақша – айналыс құралы. Бұл қызметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады.
3) Ақша – қазына жинау және қорлану құралы. Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан оны кез - келген уақытта кез – келген тауарға айналдыруға болады.
4) Ақша – төлем құралы. Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай несиеге де сатылады. Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.
5) Дүниежүзілік рынокта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге, халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға тауар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызмет етеді.
Қорытынды.
1. Бизнес сөздік. Экономика – қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі. Валюта - бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі. Банкнот – мемлекеттік банк шығаратын, айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер. Номинал – көрсетілген баға, белгіленген баға. Инфляция – ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы.
2. Ақшаға бәрін сатып алуға болмайды. Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанымен оның билігі жүрмейтін жерлер, ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп. Рас, қазір біздің қоғамда ақшасын қомақты еткісі келетін жастар легі баршылық. Сендер де болашақта іскер, кәсіпкер болсаңдар ақшаның күші мен құдіретін білдіретін жеті ережені есте ұстаңдар.
- Мал баққанға, ақша адалдан тапқанға бітеді.
-  Ақша туралы арам ой да зиян.
- Алаған қолым – береген.
Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.
- Қайырымдылықпен айналысыңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
- Фәнидегі басты парызың – қайырым, садақа. Оны ұмытсаң өзің де ұмытыласың.

Қатысушыларға ризалық білдіру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық валюта- төл теңге
Ақшаны ақылмен жұмсайық
Шығарма "Ақша саған айтарым бар"
Ақша дегеніміз не?
Ақша қызметтері және түрлері
Теңге.
Ұлттық теңге – мақтанышымыз
Ұлттық теңге-мақтанышымыз
нарықтық қатынастар және ақша
Әлеуметтік қатынастар
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5769 | Қосты: Абдрахманова Құралай Алифқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык