Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 10810 |
|
|
|
Мемлекет
Тақырыбы: Мемлекет
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мемлекетті тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, «үкімет», «әкімшілік» деген ұғымдардағы мәнін жан-жақты ашып беру;
Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің азаматтық қоғамның мүшесі ретінде азаматтық саяси борыштарын анық түсініп, өтеп жүруге баулу
Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды гипермәтіндер беру бойынша жұмыстану дағдыларына үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ- жауап, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, құқық
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,оқулықтар, Қ.Р Конституциясы.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Сабақтың мақсаты, жоспары, топтың аты, сайыстың шарттарымен таныстыру
Топ басшыларына бағалау парағын тапсыру
Топтардың атын сұрақтар арқылы қою:
1.1917жылы 21қазанда «Қазақ» газетінде қай партияның бағдарламасы басылып шықты? («Алаш»)
2.1917жылы күзде құрылған, басшысы К.Тоғысов болған саяси партия («Үш Жүз»)
3.1986 жылы желтоқсан көтерілісінен кейін дүниеге келген партия («Желтоқсан»)
І . «Кім алғыр» Үй тапсырмасы бойынша әр топқа сұрақтар қою.
1-топтың сұрақтары:
1. «Партия» деген сөз қай тілден шыққан? (латын)
2. Қазіргідей нағыз саяси партиялар қайда пайда болды? (Еуропада Ұлыбритания, Германияда)
3. Макс Вебер қандай кезеңдерді атап көрсетеді? (Аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар, көпшілік партиялар)
4. 1861 жылы Ұлыбританияда қандай партия пайда болды?(либералдық)
5. Француз ғалымы М.Дюберже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды нешеге бөледі? (2 кадрлық, бұқаралық)
6. 1991жылы 5 қазанда құрылған «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі (О.Сүлейменов)
2-топтың сұрақтары:
1. Партия сөзі латын тілінен қандай мағына береді? (бөлу, бөлшек)
2. Қазіргідей нағыз саяси партия Еуропада қай ғасырда пайда болды? (19ғ.ІІ жартысында)
3. Саяси партияның үш кезеңін басынан өткізген Ұлыбританияның партиялары (либералдық және консервативтік)
4. Германияның жұмысшы Одағы партиясы қашан құрылды? (1863ж)
5. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты партиялар нешеге бөлінеді, қандай? (4ке сайлаушылар, авангардтық, парламенттік, қауымдастық)
6. Қазақстанда қазіргі кезде белсенді саяси күшке айналып отырған ең танымал партия? («Нұр Отан»)
3- топтың сұрақтары:
1. Тұңғыш алғашқы саяси партиялар қай елде пайда болды? (Ежелгі Грецияда)
2. Саяси партиялардың дамуын 3 кезеңге бөлген немістің көрнекті саясаттанушысы (Макс Вебер)
3. Тұңғыш көпшілік партия қай елде құрылды? (Ұлыбританияда)
4. Саяси идеологиясына қарай партиялар нешеге бөлінеді және қандай? (5 коммунистік, социал-демократиялық, буржуазиялық-демократиялық, консервативтік, фашистік)
5. Партияла санына қарай нешеге бөлінеді? (3 бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық)
6. 2003 жылы 25 қазанда құрылған «Асар» партиясының жетекшісі (Дариға Назарбаева)
ІІ. «Шығармашылық ізденіс» Баяндама оқу
1.Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
2. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері
3. Қазақстандағы көппартиялық.
ІІІ.«Ой қозғау»Топқа тапсырмалар беру
1-топқа тапсырма: Қазақстанда қандай партиялар бар?
1.___________________
2.___________________
3.___________________
2-топқа тапсырма: Оппозициялық партия дегеніміз не?
3-топқа тапсырма: Бос орындарға қажетті сөздерді жазыңыз:
Партия деп – мемлекеттік .......... қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ..........., бір .......................негізінде құралған адамдардың ерікті ..............айтады.
ІҮ.«Ой талқы» Жалпы топқа сұрақ қою
1. Дамыған демократиялық мемлекеттер саяси партияларсыз өмір сүруі мүмкін бе?
2. Қазақстанда бірпартиялық жүйеге көзқарасыныз қандай?
Үй тапсырмасын қорытындылау
Негізгі бөлім: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тақырыбы: Мемлекет
1. Мемлекеттің пайда болуы және мемлекет туралы теориялар.
2. Мемлекеттің белгілері.
3. Мемлекеттің қызметі.
4. Мемлекеттің формалары.
5.Тірек сызба
6.Тапсырмалар
Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағынды тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
Мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар , таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әртүрлі топтарға бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттің мәні мен оның функцияларының нақты көрінісі және атқарушылары мемлекет формасы ретінде көрінеді, ол үш жіктеу критериінен тұратын құрылымды білдіреді:
1. басқару формасы.
2. құрылыс формасы.
3. саяси режим.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытта сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекетттік басқарудың түрін айтады. Республика Президенттік, Парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді.
Мемлекет басқару түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді.
Мемлекет құрылысы орталық үкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.
Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді.
Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамда басқарудың әдіс тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады
Демократиялық тәртіпте халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік саяси құрылысы жатады.
Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.
Мемлекеттің басты мәні:
“Саясат – адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа жеткізу” (Аристотель)
“... Үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету.”(Пейн)
“... Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай- бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. ” (Платон).
Ү.Бекіту тапсырмалары:
1-тапсырма. Бос орынға мемлекеттің белгілерін қысқаша жаз.
Мемлекеттің белгілері
2- тапсырма. Сәйкестендір. Мемлекеттің шығуы туралы теориялар.
А.патриархалдық 1.Дюринг, Каутский
В.теологиялық 2.Гоббс, Гроций, Руссо
С.қоғамдақ келісім 3.Аристотель, Филмер
Д.зорлық жасау 4.Августин, Аквинский
Е.географиялық 5. Ратцель. Соловьев
3-тапсырма. Бұл кімнің сөзі ?
• Саясат – адам мен мемлекеттің ең жоғарғы игілігі ………………………
• Үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету ………….
• Әкімдер мен жауынгерлерде отбасы болмауы керек ……………….
• Төңкерістер болмау үшін билікті заң шығару, атқару, сот етіп бөлу керек …………………
• Адам дұрыс басқарылатын қоғамда ғана бақытты өмір сүре алады ………….
• Патшалық билік жоғары діни билікке бағыну керек ……………..
4-тапсырма. Артығын алып таста. Басқару формасы президенттік республикалар.
-АҚШ
-Қазақстан
-Италия
-Уругвай
-Аргентина
-Англия
-Гондурас
-Ватикан
-Мексика
ҮІ.«Егер де мен..........болсам»
Әр топтан бір оқушы конверттегі тапсырманы таңдап алады, оларға өз ойларын айтып дәлелдеуге 3 минуттан уақыт беріледі.
«Егер де мен партияның жетекшісі болсам», «Егер де мен президент болсам», «Егер де мен білім министрі болсам»
ҮІІ. Қорытынды. Бағалау.
ҮІІІ.Үйге тапсырма: «Мемлекет» Саясаттану.А.С Рахымбаева 63-77 беттер
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |