Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 5218 |
|
|
|
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың тақырыбы Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты Әмір Темірдің жорықтарын, алғышарттары , себептері, мақсаты , жорықтарының барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып, Әмір Темірдің Қазақстан жеріне тигізген ықпалын ашып көрсету.Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын дамыту.
Күтілетін нәтиже -оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады
-алған білімін жүйелей алады
-оқушының ізденіс нәтижесі анықталады
-өз ойын,пікірін ашық айта алады.
Сілтеме Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7 сынып . Әдістемелік құрал. Интернет
Сабақтың әдісі Топтастыру стратегиясы,кубизм әдісі, ВЕНН диаграммасы,сұрақ жауап, сөзжұмбақ,баламалы тест,бағалау критерийлері.
Негізгі идеялар Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену. Жаңа тоериялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын,мәнерін,амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Тапсырмалар 1. Топтық жұмыс
2. Картамен жұмыс
3.Суретпен жұмыс
Дереккөздер, жабдықтар Интерактивті тақта,суреттер, бояу,қарындаштар,постерлер.
Пәнаралық байланыс Дүние жүзі тарихы,әдебиет,сызу
Оқыту технологиясы Сын тұрғысынан ойлау,көшбасшылық,бағалау,жаңа әдіс- тәсіл
Сабақ барысы
Уақыты Мұғалімнің іс- әрекеті: мен не істеймін
Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:І Ой қозғаубөлімі
А)Психологиялық дайындық
Күнмен сәлемдесу
Сәлем Күн Анамыз!(қол жоғарыда)
Қуанатын күн бүгін (қол ұстасады)
Қайырлы таң!Қайырлы күн!(қол көкіректе)
Күліп шықты күн бүгін! (қол жоғарыда)
Ә) Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі) бойынша
Мотивациясын ояту (соғыс суретін көрсету).
Топқа бөлу
Бағалау критериилері
ІІ. Мағынаны тану бөлімі
Жаңа сабақты түсіндіру
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлан) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның[[Қашғария облысының Шахрисабыз қаласы. [Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар [[Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.
Оқулықпен жұмыс: топтарға тапсырма беру,мәтінді оқу
І топ: Әмір Темір жорықтарын сызба
арқылы түсіндіру.
ІІ топ: Венн диаграммасы “Шыңғысхан
мен Әмір Темір” (ұқсастығы)
ІІІ топ: Екі бөлімді күнделік: Әмір Темірдің (жағымды,
жағымсыз жағын анықтау.
Сергіту сәті ( оқушылардың көңіл күйін көтереді) Сөзжұмбақ :Әмір Темір сөзі
Балама тест (ия,жоқ)
1. Әмір Темір хан ба? (жоқ)
2. Темір 35 жыл бойы билік етті ме?(ия)
3. Тоқтамыс өзін Ақ Орданың билеушісімін деп санады ма?(ия)
4. Ол 1410 жылға дейін билік жүргізді ме?(жоқ)
5. Әмір Темір Ақ Орданы әлсіретуді көздеді ме?(ия)
6. Әмір Темірдің 1391 ж 300 әскері болды ма? (жоқ)
7. Темір Отырар қаласында қаза болды ма? (ия)
8. Темір Мәлік Ұрұс ханның інісі ме?(жоқ)
9. Алтын Орданың астанасы Самарқан қаласы ма?(жоқ)
10. Тарағай бектің баласы ма?(ия)
Қорытындылау: Ой толғаныс бөлімі
1.Әмір Темір Алтын Ордаға шабуыл жасау үшін кімді пайдаланды?
2.Тоқтамыс хан мен Әмір Темір арасындағы қайшылық неден туды?
3.Темірдің Моғолстанға қарсы шапқыншылық жорықтары туралы не білесіңдер?
Үйге тапсырма: &26 Әмір Темірдің жорықтары
Кері әсері парағы :
Білемін
Білгім келеді
Сұрағым
Аты -жөні:--------------------------------------------------------
Бағалау критерийлері:
Оқу құралдарының
бәрі түгел болуы,сабақтан қалмау,кешікпеу, топтық жұмыс кезінде ережелерін сақтау.
Жаңа сабақты мұқият тыңдайды.
Берілген тапсырмаларды өз деңгейінде талдап,постер дайындап,ойын қорытып,оны қорғайды.
Оқушыларға берілген сөзжұмбақ пен баламалы тест кезінде шапшаңдық көрсетіп, сыни ойлап жеке жұмыс жасап, өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.Бұл жерде әр оқушы сыни ойлап өз ойларын ортаға салады .
Стикер тарату.
Рефлекция жазу .
Топтың бағалауы.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |