Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 6654 |
|
|
|
Моғолстан
Сабақтың тақырыбы Моғолстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Моғолстан мемлекетінің құрылуымен,этникалық құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан-жақты түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларға тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге,салыстыра білуге,өзіндік ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды, халқын қадірлей білетін өз елінің азаматы болуға, халқын қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабықтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Карта, арнайы слайд, хронологиялық кесте, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару .
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқиғаларды ханның басқарған уақытымен сәйкестендір.
Оқиғалар Хан Жауабы
А. 1327-1328 жылдары бұл хан өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған
Ә. Бұл хан Еділ бойынан жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркіні жаулап алды
Б. Бұл хан Алтын Орданың билеушісі Мамайды толық жеңе алмады
Мүбәрак
В. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алуға әрекеттенген хан
Г. Ол Жошы ұрпақтарының бірі Түйеқожаны жазалаған
Тоқтамыс
Ғ. Бұл хан Темірді паналады
Д. Оны Темір Ақ Орданың тағына отырғызды
Барақ
Ж. Өзбек ханнан жеңіліп, ол қырғыз жеріне және Алтай қашып кетуге мәжбүр болды
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы
Халқының этникалық құрамы.
Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы.
Моғол хандығының әлсіреуі.
1. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы . XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі - Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі - Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде "монғол" сөзіндегі "н" әрпі түсіп қалып, "моғол" немесе "моғолстан" сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық- Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды.
Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай мемлекетін үлестерге бөлгенде дулат әмірі Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан.
2. Халқының этникалық құрамы.
Жетісу аймағындағы б.д.д III-II ғ. Бастап ,үйсін,қаңлы тайпалары мекендеген. V-VI ғасырларда түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған. XIII ғасырда моғолдың арлат,чорас,калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті.
3. Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басы- на дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.
Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырды. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған өмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен.
Уақыты Болған оқиғалар
1348 ж Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық- Темір Моғолстан ханы етіп сайлайды
1360-1361 жж. Тоғылық-Темір Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны. Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады.
1365 жылы
22 маусымда Әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Ташкент қаласының маңында екі жақтың арасында шешуші "Батпақ шайқасы" болады.
1371-1372 жж Әмір Темір Моғолстан жеріне алғашқы жорығы.
1380-1390 жж Әмір Темір Моғолстанға 120 мың адаммен бірнеше рет жорық жасаған.
1428 жж Уәйіс хан қайтыс болды
1433 жылы Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға хан тағына отырады.
4. Моғол хандығының әлсіреуі. Моғол хандығын саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолынан алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.
Ал шығыстан XIV ғасырдың басында ойраттар шабуыл жасап отырды. М.Х. Дулатидің жазуына қарағанда, Уәйіс хан 10 жыл ішінде қалмақтардың 612 шабуылына тойтарыс берген.
Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен Есен- бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің колдауымен Есен-бұға 1433 жылы хан тағына отырады. Бірак хандық билік үшін талас тоқтамады. Есен-бұғаның қаза болуымен Ферғана жерінде - Жетікентте билік кұрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. XVI ғасырдың басында Моғолстан мемлекеті құлайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
ІV. Сөзжұмбақ шешу “ Моғолстан ”.
1. Мауараннахрдағы билікті өз қолына алуда көздеген билеуші? Әмір Темір.
2. Шағатай ұрпағы он алты жасар кімді Моғолстан ханы етіп сайлайды? Тоғылық- Темір.
3. Дулат әмірлерінің қолдауымен хан тағына отырған кім? Есен-бұға.
4. Моғолстанға шығыстан XIV ғасырдың басында кімдер шабуыл жасап отырды? Ойрат.
5. Мемлекеттің орталығы қай қаласы? Алмалық.
6. Мемлекеттік діні? мұсылман .
7. Ташкент қаласының маңында Әмір Темір мен Ілияс-Қожаға арасында болған шешуші шайқас? Батпақ.
8. Моғолстан мемлекетінде негізгі роль атқарған тайпа? дулат.
9. Әмір Поладшы Моғолстанды қай жерден біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды? Мауараннахр
V. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақ – жауап.
1. Моғолстанның алып жатқан аумағы?
Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік – шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы.
2. Моғолстан мемлекетінің территориясы туралы кімнің, қандай еңбегінде жазылған?
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде.
3. Моғолстанның орталығын ата?
Алмалық қаласы.
4. Неліктен моғолстан деп аталды?
Шығыс деректерінде «монғол» сөзінің «н» әріпі түсіп қалып, «моғол» деп аталды.
5. «Батпақ шайқасы» туралы не айтасыңдар?
Тоғылық Темір хан қаза болғаннан кейін Әмір Темір Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс – Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс - Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасындағы шешуші шайқас «Батпақ шайқасы» болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған.Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады.
6. Моғолстанның тағына кімнің тұқымдары отырған?
Шыңғыс.
7. Моғолстан хандығы кімнің тұсында ыдырай бастады?
Жүніс ханның немересі Абд ар Рашидтің кезінде.
VІ. Оқушылырды бағалау. Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын. VІІ. Үйге тапсырма:
1. §25. Моғолстан тақырыбын оқу және мазмұнын білу.
2. Тақырып соңындағы тест жауаптарын табу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |