Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы


Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Сабақтың тақырыбы Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мултимедиялық АКТ
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, әдебиет
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
        ІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту
        ІІІ.Сайыс сабақ
        ІҮ.Бағалау
        Ү.Үй тарсырмасы
 
 
Ұйымдастыру
- Саламатсыздар ма, оқушылар! Бүгін сабақта кім жоғын белгілеп алайық. Сіздер екі топқа бөлініп отырсыздар, сабағымыз екі бөлімнен тұрады. І бөлімде жаңа тақырыпты меңгерсеңдер, ІІ бөлімде сайысу арқылы игерген білімдеріңді көрсетесіңдер. Енді тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.(Оқушылар өз болжамдарын жасайды)Болжам тренингі
 
Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай «Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы». Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.
 
І. Жаңа тақырыпты меңгерту
(Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі) 
Монғол империясының құрылуы.
Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.
Қоғамдық құрылысы
 
Мемлекттің басты заңы «Жасақ» (Яса).              Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:
 
Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы. 
(Кесте арқылы түсіндіру).Отырардың күйреуі атты бейне фильмнен үзінді тыңдатып, М.Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.
1207-1208 ж
Жошы  Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы
1207-1209 ж Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы
1211-1215 ж Қытай жерін бағындырылуы
1217 ж Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы
1218 ж Монғолдардың Жетісу жеріне енуі
1219 ж 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы
1219-1220 ж Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
 
Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін,проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады.- Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсындар?
Жаулап алудың  зардаптары
 Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
 Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
 Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
 Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
 Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
 Мәдениеттің дамуына кедергі болды. 
 
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін,  балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.
Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы
 
Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі  2  бағытта жүрді:
1) Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;
2) Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы  хандар тарихының бастауы болды.
Монғолдардар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады. Бүгінгі сабаққтың басы осыменен  аяқтай отырып, сабақты қорытындылау бөліміне көше отырып, сайысымызды бастаймыз.
 
ІІІ Сайыс сабақ
І.Сайыс сабағы білім биржасы деп аталатын «Алтын балық» ойыны арқылы өтеді. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі.Екі топ оқушылары өзенге қармақ тастау арқылы балық аулау үшін сұрақтарға жауап береді. Ал, балықтың тек біреуі ғана алтын, оның ұпайы да жоғары болады.
 
ІІ. Келесі сайыс «Тұлғаны таны» деп аталады. Оқушылардың алдына тұлғалардың портреті  және сұрақтар беріледі
Бұл кім?
Қай уақыттарды өмір сүрген?
Бұл адам туралы не білесің? 
Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға қандай қатысы бар? 
 
ІІІ.Хронологиялық диктант
Екі топқа хронологиялық диктант беріледі. Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.
І топ ІІ топ
1206 жылы 1208-1209 жылы
1207-1208 жылы 1211-1215 жылы
1218 жылы 1217 жылы
1219-1220 жылы 1219 жылы
ІҮ. Проблемалық сұрақ(ауызша): Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?
Ү. Глоссарий
Берілген сөз тіркестерін дұрыс ретімен орналастырып және бір-біріне қандай қатысы бар екенін ауызша талдау.
 ҮІ. Бағалау. 
Екі топ сайыс барысында жинаған ұпайларын есептеп, әр оқушының сабаққа қатысуна қарай өзара бөлісіп, әділ бағаланады.
Сайыс нәтижесінде жеңімпаз топқа «ЖЕҢІМПАЗ» , ал жеңілген топқа алдағы сайыстарда жеңістен үміт үзбесін деп «ҮМІТ»  мақтай қағаздарымен марапатталады.
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
Оқушыларға Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру тапсырмасы беріледі.
Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Алтын Орда
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Монғол империясының құрылуы
Алтын Орда
Монғол-татар шапқыншылығы
Отырар-қаһарман қала
Алтын Орда
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2566 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык