Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғұн тарихы


Ғұн тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ғұн тарихы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғұн мемлекетінің алғашқы тарихы туралы теориялық мәліметтер беру.
Дамытушылық:  Оқушылардың жеке тұлғалық қабілетін дамыту. Пән бойынша білім, біліктілік дағдысын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу. Өз туған халқының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Интерактивті
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап, СТО (сын тұрғысынан ойлау), танымдық ойындар, 
Пәнаралық байланыс: География, ежелгі дәуір әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,  кестелер, тірек - сызбалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгелдеу;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын сұрау: 
Қаңлылардың тұрмысы мен шаруашылығы 
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айт.
3. Көк-мардан қаласы ғалымдарға қандай  мәлімет береді?
4. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.
 
3. Жаңа сабақ 
1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі
2. Ғұндар мемлекетінің құрылымы
3. Ғұндартайпаларының бірлестігі
 
         Б. з. б 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орта Азияның кең – байтақ кеңістігінде әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде “Ғұн” сөзі “гун, руң, хуню” атауымен берілген. Қытайлар Ғұндардың басшысын ”шанью” деп атаған.
           Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар кірген. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрып: сол, орталық, оң қанатқа, бөлінген. Мемлекетті шаньюй басқарған. Шаньюден кейінгі басты тұлға “Түменбасы” болды “Түменбасы” шаньюдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болды. Ғұндар 24 рудан құралады. Түменбасы 10 мың атты әскерді басқарған. Ғұндарда ер азаматтардың бәрі белгілі бір жасаққа тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару - жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Барлық Бекзадалар “Аспанға, жерге ата - баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет шаньюдің алдына ақсақалдар кеңесіне жиналған. Олар мемлекеттік істерді талқылады. Қытай жылнамаларында айтылғандай, б. з. б 4 және 3 ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған. Олар өздерінің көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жеріне де шабуыл жасайды. Ғұндар мен Қытай елінің  арасындағы  соғысқимылдарыүшжүзжылғасозылған. Б. з. б. 3 ғасырда Цин патшалығы өзінің шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Қорған 4 мың шақырымға созылған, биіктігі 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.
Ғұн тайпалардың Хан әулетін жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. 
Олар жыл сайын көшпенділерге жібек мата, әшекей заттар жіберіп тұрған. Сөйтіп Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды. Ғұн мемлекеті б. 3. б. 55 жылдары оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Оңтүстік ғұндар өздерінің тәуелсіздігінен айрылып, Хан әулетінің қол астына бағынды. Солтүстік ғұндар б. з. б. 1 ғасырдың аяғында Чжи - Чжи шаньюдің басқаруымен өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін батысқа қарай жылжыды. Олар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы тайпаларының жеріне жетеді, олармен бейбіт келісімге келіп, Талас өзенінің шығыс жақтарына көшіп қонуға мүмкіндік алады. Қазақстанның оңтүстік батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б. з. 1 ғасырынан басталады. Олардың көрсетілген жерлерге келуі ондағы алан, ас тайпаларын батысқа Каспий теңізіне қарай ығысуына мәжбүр етті. Бұл тарихта “Халықтардың ұлы қоныс аудару” мезгілі деген атпен белгілі. Ғұндар жылжи отырып Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті.
 
4. Жаңа сабақты бекіту.
1)Жаңа сабақты “біз не білдік?” сұрағы бойынша бекіту.
1. Ғұн билеушісі? Шаньюй
2. Шаньюйден кейінгі басты тұлға? Түменбасы 
3. Ғұндар неше руға бірікті? 24 
4. Ғұндарда қанша атты әскер болды? 10000 -нан астам 
5. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс неше жылға созылған? 300 жыл 
6. Цин патшалығы кімдерден қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды? Ғұндардан 
7. Ғұндар мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып қашан бөлінді? Б.з.б. 1 ғасырдың ортасы 
2)Тарихи сынақ хат.
Ғұндар __________ пайда болған. Ғұндар мемлекеттік _______ жүйе бойынша  ______________________   бөлінген. Олар  _____         руды басқарған.Ғұндар өздерінің _______ жатқан ______ жеріне шабуыл жасайды. Ғұн мемлекетінің  күшейген кезі________билік жүргізген мезгілі. Ғұн мемлекеті өз _____________   сақтап қалу үшін  __________   қарай жылжиды. Олар жылжи отырып ______ арқылы  _______________   дейін жетті.    
3)Тест сұрақтары
1.Ғұндар туралы қай деректерде кездеседі?
А)  Қытай             Ә) Гректер            Б) Кездеспеген
2.“Ғұн” атауы Қытай деректерінде нешінші ғасырда кездеседі.
А) б. з. б. 1 ғасыр            Ә) б.з. б. 2 ғасыр        б) б.з.б. 3 ғасыр
3. Ғұндардың  алғашқы мемлекетінің негізін қалаған кім?
А) Мөде            Ә) Дунху                 Б) Чжи-Чжи
4. Ұлы Қытай қорғанын салған кімдер?
А) Сақтар           Ә) Ғұндар           Б) Қытайлар 
5. Ұлы Қытай қорғанының биіктігі неше метр?
А) 8  м                 Ә) 9 м                    Б) 10 м
6. Хань әулетінің қол астына түскен  ғұндар?
А) Оңтүстүктегі      Ә) Солтүстіктегі         Б) Орталық
7. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа жылжуы қашан басталды? 
А)  б.з.б 1 ғасыр         Ә) б.з.б 2 ғасыр             Б) б.з.б 3 ғасыр
8.Ғұндардың екінші толқыны келуі ондағы қандай тайпалардың Каспий теңізіне ығысуға мәжбүр етті?
    А) Алан, ас                 Ә) қаңлы                 Б) үйсін                        
5. Үйге тапсырма 
   - Ғұн тайпалары туралы мәліметтер жинау
6. Оқушыларды бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғұндар
Ғұндар
Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұн мемлекеті
Ғұндар тарихы Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар мемлекеті. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
Ғұндар тарихының ерте кезеңі
Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 9038 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык