Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 5514 |
|
|
|
Шығыстың ұлттық діндері
Сабақтың тақырыбы Шығыстың ұлттық діндері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды шығыстың ұлттық діндерінің тарихымен және қоғамдағы қызметімен таныстыру;
Шығыстың ұлттық діндері болып табылатын Индуизм,Конфуциандық, Даосизм, Синтоизм және Иудаизмнің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын саралай білуге үйрету;
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, талдауға, қорытынды
жасауға дағдыландыру;
Оқушылардың белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды өз Отанына құрметпен қарауға, қорғауға, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, адамгершілікке, діни түсіністік пен сыйластыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани-адамгершілік құндылықтардың жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест әдістері,жарыс сабақ, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: плакат,суреттер, әлем картасы, итерактивті тақта.
Болжамдап отырған нәтиже: Шығыстың ұлттық діндерінің еерекшеліктері мен айырмашылығын меңгерген тұлға.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту
ІV.Жаңа сабақ
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Оқу құралын тексеріп, түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушыларды үш топқа бөлу.
1 топ. «Бәйтерек»
2 топ. «Сұңқар»
3 топ. «Қыран»
І тур. Әр топ өз тапсырмасын қорғап шығады. Қорғау интерактивті тақтаны пайдалана отырып үйде дайындап келген материалдар негізінде жүзеге асады.
Көне Египет діні
Көне Греция діні
Көне Рим діні
ІІ –тур Бәйге. Әр топқа тест әдісінің тапсырмалары арқылы сұрақтар беріледі.
"Бәйге"
1. Күн құдайы Ра-ның жердегі мұрагері ------------
2. Гесиодттың ------------ поэмасы гректердің діни нанымдарының алғашқы дерек көзі болып табылады.
3. Египеттегі соғыс құдайы -------------
4. Зевс құдайының құрметіне өткізілген мереке ------------
5. Римдегі гүлдердің құрметіне өткізілген мереке ----------
6. Римдіктердің діни нанымына император -------------- тиым салды.
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту
ІІІ тур. Венн диаграммасы. Үй тапсырмасын қорыту осы турдың негізінде жүзеге асады.
Венн диаграммасы арқылы оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендігі тексеріліп қорытындыланады.
ІV.Жаңа сабақ
Жаңа сабақты оқыту жоспары:
Шығыстың ұлттық діндері
І. Индуизм
ІІ. Конфуциандық
ІІІ. Даосизм
ІV. Синтоизм
VІ.Иудаизм
Индуизм.
Индуизм б.з.б. бірінші мыңжылдықта пайда болды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» дастандары мол тарихи тағылымы бар шығармалар болып табылады. Индуизм діні үнділіктердің ұлттық діні болып саналады.Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан «Махабхаратаға» енетін «Бхагавата-Гита» философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді. Концепцияның негізін күллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды
Конфуциандық ілім.
Б.з.б. VІ ғасырда Қытайда пайда болды. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы немесе Кун ұстаз. Бұл ілім – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда құдай туралы бір ауыз сөз жоқ.
Конфуций тоғыз кітаптан тұратын шығарма жазған. Ол «Нақылдар»деп аталды.
Бұл
Даосизм.
Бұл діни-философиялық бағыттың негізін салушы – Лао-Цзы.
Оның еңбегі даналық сөздерден тұратын «Дао-дэ-цзин» деген философиялық трактат. Дао «жол» деген мағнаны білдіреді.
Даосиз дінінде бес элемент қасиетті саналады.
Даосизмнің таңбасы, қасиет тұтып, бойтұмар ретінде қастерлейді.
Синтоизм.
Жапонияда орныққан дін жүйесін еуропалық ғылым синоизм деп атайды.
Жапондықтардың өздері каминомити деп атайды.
Идуаизм.
Еврей халқының діні өзге діндерге қарағанда өзгеше. Бұл дін еврей халқының тарихы. Бұл діннің ерекшелігі сол, оны жасаушы еврей халқының өздерін құдайдың ықыласы ауған ерекше халықпыз деп санауында.
Израиль аумағындағы – Иерусалимді үш діннің қаласы деп атайды. Мұнда христиандық, ислам және иудейлік тоғысады.
V. Жаңа сабақты бекіту
Білемін Білдім Білгім келеді
VІ. Бағалау
Оқушылардың білімін объективті түрде бағалау. Топты бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма
Шығыстың ұлттық діндері
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |