Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы


Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

Тақырыбы: § 42-43.  Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:1.
 Оқушылардың ұлттық мемлекет тарихындағы кесек тұлғаның бірі - Есім ханның немересі, Салқам Жәңгірдің баласы Тәуке хан халқының мықты тұғыры биік бір орталыққа бағынған мемлекет болуына мол қажыр - қайратын жұмсаған. Ханның көреген қасиетімен мықты ел болғанын, Қазақ хандығының Тәуке тұсындағы ішкі - сыртқы саясаты, көрші елдермен қарым - қатынасы туралы қосымша деректермен таныстыра отырып тарихи білімін дамыту.
Дамытушылығы: Тақырыпқа сәйкес тест, тірек - сызбалар құра білуге, картамен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихы еңбегін бағалай білуге оқыта отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ – жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, құқықтану, география.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, Аңыз адам журналы, буклет, сандықшалар, асықтар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру:  Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару,  топқа бөлу.

Армысыздар! Бүгін біз «Билер кеңесін» өткізу мақсатында Күлтөбенің басына жиналып отырмыз. Бұл кеңеске Тәуке хан мен атақты 3 би Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған ақсүйектер, батырлар мен әскербасылар қатысқалы отыр.І-топ Тәуке хан, ІІ-топ Төле би ІІІ-топ Қазыбек би, ІҮ-топ Әйтеке би. Бұл кеңесте мынандай мәселелер талқыланады.

Күн тәртібінде:

1-мәселе: Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар

  • «Кім жылдам?»
  • Сәйкестендіру тесті

2-мәселе: Жаңа сабақ: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»

  • Деректеме
  • Тірек-сызбалар
  • Сергіту сәті «Таңғажайып 7 саны»
  • Көрініс көрсету

3-мәселе:Бекіту сұрақтары «Ғажайып табло» ұяшық таңдау.

4-мәселе: Үйге тапсырма беру.

Қаулы қабылдау, шешім шығару, бағалау.

1-мәселе. Үй тапсырмасын сұрау.

«Кім жылдам?»

І-топ Тәуке хан тобына сұрақтар:

  1. Тәуекел хан қаза болған соң хан тағына кім отырды? (Есім хан)
  2. Есім хан қай жылдары билік құрды? (1598-1628 жж.)
  3. «Еңсегей бойлы ер Есім» деп дәріптеген шежіреші? (Құрбанғали Халид)

 ІІ-топ Төле би тобына сұрақтар:

  1. Қай жылдары Тұрсын Мұхаммед сұлтан өзін хан деп жариялады? (1613-1614 жж.)
  2. Тұрсын хан қай қаланы астана етті? (Ташкент)
  3. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы қай жерде болды? (Айғыржар)

 ІІІ-топ Қазыбек би тобына сұрақтар:

  1. Есім ханға қарсы болған сұлтан? (Тұрсын Мұхаммед)
  2. Тұрсын ханның бүлігі қай жылы болды? (1627 ж.)
  3. Тұрсын хан қолдаған Жаркент пен Қашғар қалаларының әміршісі? (Абд-Латип (Аппақ))

ІҮ-топ Әйтеке би тобына сұрақтар:

  1. Есім хан қай қаланы Астана етті? (Түркістан)
  2. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қандай атпен қалды? («Қатаған қырғыны»)
  3. Ташкент түбіндегі Имамқұли басқарған бұхар әскерлерінің ұрысы қай жылы болды?(1611 ж.)

Сәйкестендіру тесті:

1

Жәңгір хан билік құрды

А

1613-1627 жж.

2

Жалаңтөс батыр әскерінің саны

Б

50 мың

3

Тұрсын хан билік құрды

В

1628-1652 жж.

4

Қазақ-бұхар шайқасы

Г

1643 жылы

5

Жоңғар әскерлерінің саны

Д

20 мың

6

Орбұлақ шайқасы

Е

1603 жылы

 

Жауабы: 1-В, 2-Д, 3-А, 4-Е, 5-Б, 6-Г


2-мәселе. Жаңа сабақ: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»

Сабақтың жоспары:

1. Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715 жж.)
2. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
3. «Жеті жарғы»
4. Ұлы билер.


Тәуке хан тобының шығармашылық тапсырмасы
Тәуке хан кім?
Әз-Тәуке
 хан немесе Мұхаммед Батырхан (1626-1718 жж.) деп те аталады, Есім ханның немересі, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды.  Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа да билігі жүрген. Тәуке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болған. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген «алтын ғасыр» ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру кезеңі    1680-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық  билік құрған. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған.

            Ол көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды.

 «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман»
Негізгі мақсаты:
Қазақтарды жоңғарлардың қысымынан құтқару.
Билердің көмегімен хан билігін нығайту.

Тәуке хан Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесі» мен «би-батырлар» кеңесіне сүйенді. Кеңеске барлық рулардың билері мен әскербасылары, батырлары шақырылды. 

 

Тәуке хан тағына отырған кезде елдің ішкі-сыртқы жағдайы шиеленісіп тұрды.

1681-1685 жж. Жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады.

Қазақ хандығы жоңғарларға қарсы тұру үшін Орыс мемлекетімен экономикалық және саяси-дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты.

1624 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады. Көршілес жатқан Қырғыздар мен Қарақалпақтармен де одақтасты.

 

«Жеті жарғы» ХҮІІ ғ. аяғы мен ХҮІІІ ғ. басында Сырдария өзенінің бойындағы Күлтөбе деген жерде 3 бидің қатысуымен қабылданды. «Жарғы» сөзі «әділдік» ұғымын білдірген.
Жеті жарғы: 1. Жер дауы.2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық-қарлық, барымта.4. Бір халық пен басқұа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.
Жеті жарғы 1867 – 1868 жж Ресейдің Уақытша Ережесіне дейін міндет атқарды.
Сергіту сәті: «Ғажайып 7 санының сыры»: 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 жетім, 7 ғашық, т.б.

«Би» ұғымын қалай түсінесіңдер?
Би - елші, мәмілегер, заңгер, психолог, ақын, шешен, тәрбиеші, ойшыл, ғалым, саясаткер, қоғам қайраткері,батыр, актёр, ұлт ұстазы.

Билер дау-жанжалдардың әділ шешімін тауып отырды, қазіргі сот қызметін атқарды.

 

 

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би топтарының шығармашылық тапсырмалары

Ұлы билер өміріне саяхат
Төле би Әлібекұлы- 1663 - 1756 жж. өмір сүрген;
- Ұлы жүздің төбе биі;
- Жамбыл облысы Шу ауданы,  Жайсаң жайлауында дүниеге келген;
- Дулат Тайпасының жаныс руынан;

- 15 жасынан билік іске араласқан;
- Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;
- Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кенесінің мүшесі;
-«Жеті жарғы» заңын жасаушылардың көрнекті өкілі;
-«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.

Өгізді өрге салма – қанатың талар,
Наданға көзіңді салма – сағың сынар.
Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер,
Дұшпанға сырыңды айтпа – түбіңе жетер.
Қазыбек би Келдібекұлы  - 1667 - 1764 жж. өмір сүрді. Сырдария бойында дүниеге келген.
- Орта жүздің биі. Арғын тайпасының қаракесек руынан.
- Қазақ хандарының ақылшысы, елші - мәмілегер, дипломат.
- Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жолмен үш рет барған.
- Асқан шешен, ел басқарған, дау - жанжалды шешкен.

Үй жанында биік төбең болса,
Ол ерттеулі аттан кем емес.
Отбасында білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес.

Әйтеке би (Айтық) Байбекұлы - 1682 - 1766жж. өмір сүрген. Кіші жүздің биі.

- Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы;
- Әлем тайпасының Төртқара руынан шыққан
- Аты аңызға айналған ақыл - ой алыптарының бірі.
- 12 жасына дейін әкесі Ақшаханнын тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.

-  Бұхар мен Самарқанд медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген.
Бай болсаң, халыққа пайдан тисін,
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйін күйсін!

4 топқа тапсырма беру, көрініс көрсету.

3 мәселе: Бекіту сұрақтары

«Ғажайып табло» ұяшық таңдау

  1. Тәуке хан кімнің немересі? (Есім ханның)
  2. Тәуке хан қай жылдары билік құрды?»(1680-1715/1718жж.)
  3. «Билер кеңесі» қай жерлерде өтті? (Битөбе, Мартөбе, Күлтөбе)
  4. Тәуке ханның басты мақсаты қандай болды? (Бір орталыққа бағынған қутты Қазақ хандығын құру)
  5. Тәуке ханның билік құрған жылдары тарихта қандай атпен қалды? («Алтын ғасыр», «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман»)
  6. 1694 жылы Тәуке хан І Петрға елшілікке кімді жіберді? (Аталықов)
  7. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қандай ережелерден тұрды?
  8. Қарақалпақ пен қырғыздарды басқаруды қай билерге тапсырды? (Сасық пен Қоқым билерге)
  9. Билердің өмір сүрген жылдары?
  10. Билер қандай қызмет атқарды?

4-мәселе: Үйге тапсырма беру:§ 42-43. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы оқу, билердің шешендік, даналық сөздері мен бата-тілектерін жаттау.

Қаулы қабылдау, шешім шығару, асықтарды санау, балдарды есептеу арқылы бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы
Қазақ билері
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрлысы
Тәуке ханның билігі және “Жеті жарғы”
Есім хан, Ы. Алтынсарин, Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары
Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 15625 | Қосты: Саманбетова Жанар Айболовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык