Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 4385 |
|
|
|
Тарих және уақыт
Сабақтың тақырыбы: Тарих және уақыт
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға уақыт, оның қажеттілігі мен әр түрлі елдердегі уақыт өлшемдерінің пайда болу тарихын түсіндіру. Ертедегі қазақ даласында мекендеген тайпаларда қолданылған уақытты өлшеу есептері туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың уақыттың маңызын саналылықпен түсінуге, салыстыра білуге үйрету. Уақыт адам дүниетанымының негізгі іргетасы түсінігін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Уақыт деген ұлы өлшем, сондықтан уақытты босқа өткізбей, үнемді және дұрыс пайдалана білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі күнтізбелер, құмсағат, сағат. Уақыт сызығы.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ жауап арқылы:
1) Тарихи өлкетанудың тарихты зерттеуде маңызы қандай?
2) Тарихи өлкетану ғылымы өз алдына қандай міндеттер қояды?
3) Өлкетану қашан жеке ғылым саласы болып қалыптасты?
4) Өлкетану тарихтың қандай салалармен тығыз байланысты?
5) Мұрағат дегеніміз не, ол жерде қандай деректер сақталады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың жоспары:
1. Тарихи уақыт межесі.
2. Қазақша жыл санау.
3. Хижра.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Адам баласы жаратылғаннан бері әлемде көптеген оқиғалар өтті. Осы тарихи оқиғалардың өткен кезін уақыт межесін анықтау арқылы білеміз. Тарихи уақыт межесін белгілі бір өлшем арқылы белгілеумен өткен тарихи оқиғалардың уақытын таба аламыз.
Терминдермен жұмыс.
Циклдік есеп - тарихи оқиғалар ұлы тұлғалардың өмір сүрген кезінен бастап есептелінетін жыл санау жүйесі.
Хижра - Мұхаммед пайғамбардың Мекке қаласынан Медине қаласына қоныс аударған кезінен басталатын ислам дінінің жыл санау үлгісі.
Мүшел- он екі жыл, қазақша жыл санау үлгісі.
1. Уақыт сызығымен жұмыс.
Ежелгі дүние Орта ғасырлар Жаңа заман
Қазіргі заман
... Б.з.б. 5 мыңжылдық 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Біздің заманымыздан бұрынғы ғасырлар Біздің заманымыздың ғасырлары
Сергіту сәті.
Түйе сеніп бойына
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тайма именіп ділмардан.
2. Сандармен жұмыс.
Ғасырларды араб және рим цифрларымен жазып көрсет.
Рим цифрларымен
Араб цифрларымен Араб цифларымен Рим цифрларымен
XX ғасыр
18-ғасыр
XII ғасыр
21-ғасыр
V ғасыр
6-ғасыр
Тест.
1. Мүшел неше жылдан тұратын уақыт бөлігін қамтиды?
а) 20 жыл ә) 14 жыл б) 12 жыл
2. Қазақтардың жаңа жылы қай уақыттан басталады?
а) 31 желтоқсан ә) 22 наурыз б) 25 қазан
3. Мұсылмандардың жыл санауы қай уақыттан басталады?
а) 622 жылдың 16 шілдесі ә) 732 жылдың 14 мамыры б) 639 жылдың 13 ақпаны
4. Хижра бұл....
а) қазақтардың жыл санауы
ә) мұсылмандардың жыл санауы
б) циклдік жыл санау
5. Тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғалардың өмір сүрген кезінен бастап есептелінетін жыл санау жүйесі қалай аталады?
а) циклдік ә) түзу сызықты б) мұсылмандық
6. Жыл санауды алғаш рет кімдер ойлап тапты?
а) қазақтар ә) египеттіктер б) римдіктер
7. Біздің заманымыз қандай оқиғадан басталады?
а) Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуі
ә) Иса пайғамбардың дүниеге келуі
б) Мұса пайғамбардың дүниеге келуі
Үй тапсырмасы:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |