Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тарих және кеңістік


Тарих және кеңістік

Сабақтың тақырыбы: Тарих және кеңістік

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:   Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында  білім беру. 
Дамытушылық:     Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру, дүниетанымын, шығармашылық қызметін дамыту.
Тәрбиелік:     Оқушыларды Отанын сүюге, туған жеріміздің тәуелсіздігі мен бүтіндігі үшін күресуге  тәрбиелеу
 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру 
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек кестелер, суреттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география,.
 
Сабақтың барысы:
І.   Ұйымдастыру бөлімі.  (5 мин.)
 
ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау.  Тест:
1. Қазақ халқында күн райын болжай білетін адамдарды қалай атаған?
А) сынықшы;                 Ә) есепші;           Б) жылнамашы;          В) бақсы;
2. Алғаш рет уақытты жылмен есептеу қай елде пайда болды?
А) Вавилон;              Ә) Ассирия;                   Б) Египет;          В) Шумер;
3. Ислам дінінің жыл санау үлгісі қалай аталады?
А)  Таурат;              Ә) Забур;                   Б) хижра;          В) ғасыр;
4. Араб тілінен аударғанда хижра қандай мағына береді? 
А)  жыл санау;         Ә)қоныс аудару;            Б) жыл қайыру;          В) есептеу;
5. Қазақ халқының жыл санау үлгісі?
А)  мүшел;         Ә) үшем;            Б) абыз;          В) мешін;
6. Қазақ халқында өте көне заманды қай ханның атымен байланыстырған?
А)  Оғыз хан;         Ә) Алаша хан;            Б) Керей хан;          В) Жәнібек хан;
7. Біздің дәуір қай пайғамбардың туған жылынан басталады?
А)  Сүлеймен;         Ә) Мұса;            Б) Иса;          В) Мұхаммед;
 
ІІІ.  Жаңа тақырыпты түсіндіру.       Сабақтың жоспары.  
1. Кеңістік ұғымы.
2. Қазақстанның көршілес елдері.
3. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары.
 
Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Кеңістік - тоқтаусыз құбылыс. Жер бетіндегі адамзаттың ежелден бері пайдаланатын ұзындық өлшемдерінің бәрі осы кеңістікке байланысты. Кеңістіктің негізгі үш қасиеті бар: үш өлшемді кеңістік, шексіз кеңістік және өзгермейтін, яғни мәңгі кеңістік. 
Кеңістік - қандай да бір тарихи оқиға мен тарихи үрдістердің белгілі бір уақыт пен ортада өтетін өлшем бірліктері. 
Тарихтың үш қазығы:    Тарихи уақыт = Тарихи кеңістік = Тарихи оқиға
 
Қазақ халқының ежелгі кеңістік өлшем бірліктері:
Таяқ тастам жер - қарулы адамның қолымен лақтырған таяқ ұшып жететін жер. 
Шақырым - адамның даусы жететін жер
Тай шаптырым жер - бес шақырым жер.
Бір күндік жер - аттылы адам бір күн жүретін жер. 
Айшылық жер - аттылы адам бір ай жүретін жер.
Картамен жұмыс:  Мұғалім картадан балаларға Қазақстанмен көршілес мемлекеттерді жіне олардың шекараларын көрсетеді.
Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары: 
Кестені толтыру: 
Сақтардың әлемнің үш құрылымы туралы түсінігі Ежелгі түріктердің кеңістік туралы ұғымы Қазақтар кеңістікті қалай атаған
 
 
 
 
 
IV. Сабақты бекіту. Тест.
1) Сақтардың түсінігінше әлем неше құрылымнан тұрды?
      А)  бес;               Ә)  жеті;       Б)  үш;  
2) «Ер Төстік» ертегісіндегі жер астында бас кейіпкерге кездескен күншілік жердегі сыбысты еститін адам.
      А)  Желаяқ;               Ә)  Саққұлақ;       Б)  Таусоғар;  
3) Адамның даусы жететін жерді қазақтар қалай атаған?
      А)  шақырым;               Ә)  ат шаптырым;       Б)  таяқ тастам;  
4) Қазақтар кеңістікті қалай атаған?
А)  құбыла;               Ә)  шартарап;       Б)  көкжиек;  
5) Түріктердің түсінігі бойынша балалар мен отбасының қамқоршысы болып есептелген құдай-ана.
А)  Ұшар;               Ә)  Ұмай;       Б)  Ұлар;  
6) Сақ тайпалары Күннің құрметіне қандай жануарды құрбандыққа шалды?
А)  жылқы;               Ә)  қой;       Б)  түйе;  
7) Ежелгі түріктер адамзаттың әкесі ретінде кімді құрметтеген?
А)  Тәңірі;               Ә) Ұмай;       Б)  Күн;  
 
V. Қорытынды. 
 
I. Білемін Білдім Білгім келеді
II. III. IV.
Үй тапсырмасы: 7-ші параграф(оқу, «Кеңістік» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру).

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Инерция. Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Инерция. Кеңістік және уақыт
Тарих және уақыт
Тарих әлемі
Қазақ хандығынан Кеңестер билігіне дейінгі Қазақстан
Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейін даму
Тарих және уақыт
Тарих және кеңістік
Тарихи карталар
Қайталау
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3388 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык