Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үздік тарихшы


Үздік тарихшы

Үздік тарихшы

(Тарихи – танымдық ойын)

Мақсаты: Тарих пәні бойынша оқушылардың білімін сарапқа салу, оқушылардың есте сақтау    қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, жан-жақтылыққа            тәрбиелеу.
 Барысы: Сайысқа он екі оқушы қатысады, ойын он бір айналымнан тұрады.
Сайыстың шарты: Сайысқа жеке-жеке қатысқанымен, әр сұраққа дұрыс жауап беру арқылы   ортақ «Банкке» (теңге немесе құнды қағаз) барлығы бірлесіп ақша қаражаттарын жинақтайды. Әр айналым сайын ақша салалмаған оқушылардың біреуі, басқа ойыншылардың келісімімен ойыннан шығарылып отырады. Сайыс соңында өзінің біліміннің нақтылығын көрсете алған оқушы ғана «Банкте» жинақталған ақшаға ие болып, жеңімпаз атанады.
І. айналым. 
1.  Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім?  (Томирис).
2.  Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей алғашында өз туларын қай жерлерге  тікті? (Батыс Жетісу, Шу мен Талас аңғарлары).
3. ХУІғ. қай ханның тұсында қазақ жерларі кеңеіп, қазақтардың саны 1 млн. адамға жетті.     
   (Қасым ханның тұсында).
4. Көтерілісін жазғаны үшін айыпталған тариғшы кім? (Е.Бекмаханов).
5. Тентек төре бастаған 1821 жылғы халық көтерілісі кімге қарсы бағытталған? (Қоқан   
    хандығына).
6. 80 мың әскерімен Отырар қаласын Шыңғыс ханнан 5 ай бойы қорғаған кім? (Қайырхан).
7. Ш.Уалиханов қандай халықтарды «екі туысқан Орда» деп атады? (Ноғайлар мен   
    қазақтарды).
8. ХУІІғ. Соңы мен ХУІІІғ. Басында билік еткен және қазақ жерін біріктіріп, елдің басты күшін   жоңғарларға қарсы жорыққа бағыттаған кім? (Тәуке хан).
9. Білектің күшімен, найзаның ұшымен Сайрам, Созақ, Шымкент, түркістанды қайтарып, ежелгі  Түркістанды астана еткен ХУІІІ ғ-асырдағы хан кім? (Абылай хан).
10. Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күрестің ең ірісі қайсы  және қай жылдары болды? (С.Датұлы бастаған көтеріліс 1783-1797 ж.ж.).
11. Энолит дәуіріндегі алғашқы жылқы өсірген тайпа (Ботайлықтар)
12. Ұлы Жібек жолында дамыған орта ғасырда халықаралық тіл ретінде қолданылған қай тіл?       (Қыпшақ).
ІІ. айналым. 
1. Елтаңбамыздағы қанатты аттардың мүйізі ненің символы? (Айбынның).
2. Әлем көшпенділерінің ішіндегі ең дамыған, көшпелі шаруашылық пен тұрмыстың ең жоғарғы  үлгілерін жасаған халық? (Қазақтар).
3. Мұхамед Хайдар Дулати өз еңбектерін қай тілде жазды? (Парсы).
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтарға Еділ бойынан көшіріліп әкелінген кімдер?    
    (Немістер).
5. 1603 жылы біріші қазақ-бұхар шайқас болған жер? (Айғыржар).
6. Жібек жолы арқылы  Рубрук қай мемлекетке барып қайтты? (Қытайға).
7. Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы қай жылы болып өтті? (1992жылы).
8. Қазақстан оңтүстігінде қандай елдермен шектеседі? (Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан).
9. Қазақтың үлкен атасы? (Алаш).
10.  Темір дәуірінің хронологиялық  шеңберін ата? (Б.з.б. УІІІғ.-б.з. УІ ғ). 
11. Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасының дамуын,ерекшеліктерін зерттейтін ғылым   
    (Этнография).         
ІІІ. айналым.
1.Орталық Қазақстан қола дәуірінің ең соңғы кезеңі Беғазы –Дәндібай мәдениетінің  
    хронологиялық шеңберін  ата (б.з.б. 12-8ғғ).
2. 1829 жылы  қай ақын шаруалар толқуына қатысқаны үшін Калмыков түрмесінде отырды?       (Махамбет).
3. Маңғыстау көтерілісі қай жылы болды және басшыларын ата? (1870жылы Досан     
     тәжіұлы,  Иса Тіленбайұлы).
4. 1905 жылы Қазан қаласында басылып шыққан  Мусса Бен Айса Сайрамидің ұйғыр халқының  дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы?  (Он екі мұқам).
5.  Доғал –Үрпек, Ақшығанда шайқысы қай жылы болды? (1917жылы22-24 ақпан).
6. Қазақстан өлкесіндегі 1917 жылы құрылған «Қара жұмысшылар одағы» қай қалада және  жетекшісі кім болды? (Верный қаласында, Жүсіп Бабаев).
7. 1905 жылы қандай қозғалыс пайда болды? (Алаш).
8. Солтүстік Қазақстан деген тарихи-географиялық ұғым, ал бүгінгі қай облыстар кіреді?  
      (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павладар облысының солтүстік бөлігі).
9. Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім партияның қай съезінде, қай жылы                         
    қабылданды? (партияның Х съезінде, 1921 жылы).
10. Қазақ Ғылым Академиясын құру туралы шешім қай жылы қабылданды?
                            (1945 жылы  қазанда КСРО үкіметі қабылдады).
ІУ. айналым.
1.1925 жылы Париждегі концертте ән шырқап, күміс медаль иеленген қай әнші? (Әміре     
   Қашаубаев).
2. Алматыда ұйғыр музыкалық драма театры қай жылы ашылды және алғашқы қойылымы қалай  аталады? (1933 жылы, Анархан пьесасы).
3. Қазақстан жазушыларының І съезі қай жылы өтті? (1934 жылы 12-18 маусымда).
4. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні»  және  «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтарын  жариялаған кім?  (А.Затаевич).
5. «Амангелді сарбаздары», «Түрксиб»т.б. суреттердің авторы кім? (Ә.Қастеев).
6. Қызылордада ұлттық қазақ театры қай жылы ашылды? (1926 жылы 13 қаңтарда).
7. 1930 жылдары өзге республикалардың  жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында       
     білім     алған қазақстандық жастар саны? (20 мың). 
8. Сауатсыздықты жою қоғамы  қай жылы ұйымдастырылды? (1924 жылы сәуірде).
9. 1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін кім құрды? (А.Жұбанов).
У. айналым.
1. Берлин операциясы қай уақытта басталды? (1945 жылы 16 сәуір).
2. Каспий өңірі қай жылы соғыс жағдайына енгізілді? (1942 жыл, күз айы).
3. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым қалай аталады? (Герльдика).
4. Жетісу жерін ерте темір дәуірі заманында  алдымен сақтар, кейін қандай тайпалар мекендеді?      (Үйсін тайпалары).
5.  Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмадиловтың диалогиясы қалай аталады?     
     (Дарабоз).
6. 1999жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі? (Тарих толқынында).
7. Халық Жазушысы О.Сулейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі? (Жазу тілі).
8. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақын кім? (Ж.Жабаев).
УІ. айналым.
1. Қазақстан Республикасының атауы  қай жыл қабылданған? (1991 жылы 10желтоқсан).
2. Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа парламент қай жылдан бастап тұрақты жұмыс істей бастады? (1995 жылы 30 тамыз).
3. Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы  қай қалада  бас қосты? (Алматыда).
4. «Невада-Семей» қозғалысы қай жылы құрылды, жетекшісі кім?
        (1989 жылы ақпан,  О.Сулейменов).
5. Ауған жерін кеңес әскерлері қай жылы енгізілді? (1979 жылы желтоқсанда).
6. Қазақ КСР Ғылым Академиясы қай жылы құрылды, тұңғыш президенті кім? 
 ( 1946 жылы маусымда, Қ.Сәтбаев).
УІІ. айналым.
1. Ислам дінінің негізін салушы кім? (Мұхаммед).
2. Елтаңба авторларыкімдер? (Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов).
3. БҰҰ Бас Ассамблеясы «Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясын» қай жылы қабылдады? (1948 жылы 10 желтоқсанда).
4. Нумизматика ғылымы нені зерттейді? (теңгелер тарихын).
5. Бүгінгі Тәжікстан мен Ауғанстан жерінде ірге көтерген ежелгі мемлекет 
      ( Бактрия).
6. Үнді құдайының аты (Брахма).
УІІІ. айналым.
1.Б.з.б. І мың жылдықта Каспий теңізін қалай атаған? (Гиркан).
2. Иран жазбаларында сақтарды қалай атаған? (Жүйрік атты турлар).
3. Қай жылы парсы патшасы І Дарий қалың қолды бастап, сақтарға аттанды? (Б.з.б. 518 жылы).
4. Ғұндар неше руға бөлінді? (24 руға).
5. Вавилондағы әлемдегі жеті кереметтің бірі не? (Аспалы бақ).
ІХ. айналым.
1. 1940жылғы 18 желтоқсанда фашистік германия басшылығы жасаған Барбаросса жоспарының мақсаты (КСРО-ға соғыс ашу, «Қаурыт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау).
2. 1942 жылғы қыркүйекте «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина қай майданға жіберілді? (Сталинград).
3. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты қай жылы жарияланды? (1927жылы                                                                                                                         желтоқсан, ХУ съезі).
4. И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп айьқан өңір   ( Орал-Ембі).
Х. айналым.
1. Түркістан-Сібір темір жол құрлысықашан пайдалануға берілді? 
(1931 жылы қаңтар  айында).
2. Ірі саяси қайраткер және эконмист «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын  ұсынған кім? (Смағұл Садуақасов).
3. 1921-192122 ж.ж. аштықтың қазақ халқына  тигізген басты зардабы:      
     (демографиялық   жағдай ауырлады).
ХІ. Айналым.
1. Қазақстада Ұлы Жібек жолы өз қызметін қай кезде атқара бастады?  (Б.з.б. ІІ ғ. мен б.з. І ғ. алғашқы жартысы).
2. Үйсіндер мемлекетінің астанасы (Қызыл Аңғар  (Чигу).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9 сынып 20-80 жж ХХ ғасыр
Миллион кімге бұйырады?
Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері
Емтихан тест жұмысы Қазақстан тарих пәнінен
Қазақ хандығынан Кеңестер билігіне дейінгі Қазақстан
Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейін даму
ЕЛІМ МЕНІҢ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС
Емтихан тест жұмысы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2977 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык