Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіз Қазақстан


Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың тақырыбы Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты:
 Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
 Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта , суреттер, сызба, т.б.
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
90 жылдардағы Орталық Азия мен Кавказ

Жаңа сабақтың жоспары:
         Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін алды. 1992 жылы Өзінің Мемлекеттік  Рәміздерін қабылдады.1993 жылы алғашқы Ата заңын қабылдады.Дәл осы жылы ұлттық теңге шығарылды. 1995 жылы Конституцияға өзгертулер мен толықтрулар енгізіліп,жаңа Ата заңын қабылдады.1997 жылы ел орданы Ақмола қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.1998 жылы Ақмола қаласы Астана болып өзгеріп, мемлекет астанасы болып жарияланды.

 


1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауымен Тәуелсіз Қазақстан Респуликасының құрылуы мәдени өмірде жаңа міндеттер алып келді. Себебі, бұл кезеңде тәуелсіз мемлекеттің жеке дербестігі мен алғашқы қадамдардағы қиындықтар бірінші кезекте тұрды. Жаңа міндеттер білім, ғылым және мәдениет саласын реформалауды қажет етті. Ең алдымен осы заманы білім және денсаулық сақтау жүйелерін дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Білім саласын реформалаудың басты міндеті – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру. 2004 жылы наурызда “Қазақстанда білім беруді жақсартудың 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, реформа бойынша мектептер 12 жылдық білім берге көшіріледі. Мектептердің 70 пайызы 2005 жылы интернетке қосылады. Кәсіптік білім беруде жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындарында, олардың филиалдарында сапаға баса назар аударылып, ол үш сатылыққа көшіріледі: бакалавриат, магистратура және докторантура. Жалпы алғанда білім беруді дамытудың ұлттық мемлекеттік Бағдарламасы мынадай маңызды міндетті шешуге бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салып жаңа әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу (кредиттік технология).Ғылым саласын реформалау академиялық  құрылымның әлемдегі тәжірибесіне сүйеніп жүргізілуде. Жалпы дүние жүзіндегі 86 елдегі ғылым академияларының 18-і ғана мемлекеттік мекеме (негізінен ТМД елдері)  болып саналады. Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясы ТМД елдерінің арасында өркениетті елдер тәжірибесінде сыннан өткен осы жолға бірінші болып түсіп отыр. Батыс елдері Ғылым Акадамиясының моделі алынғанымен, біздегі заңдар әзірге олардағыдай емес, сондықтан олар жаңа талаптарға сәйкестендіріледі. Бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылуда. 2004 жылы “Мәдени мұра” мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды. Ол қазақ халқының тарихи жадын, мәдениеті мен руханиятын жалпы ұлттық ауқымда қажет тұтар ұстанымдарды тазартуда негізгі факторға айналуына, ұлттық және мемлекеттік сананы қалыптастыруда, қоғамның одан әрі ықпалдастыққа түсуіне және өзіндік теңестіруінің құрамдас тетіктері болуына бағытталған.  

Сабақты бекіту:
 Қазақстан республикасының тәуелсіздік декларациясы қашан қабылданды?
 Президенттік институттың енгізілуі туралы айтыңдар?
 Қазақстан БҰҰ-ға қашан қабылданды?
 Ұлттық валюта қашан енгізілді?
Үйренгенім Білгенім Үйренгім келеді

Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма: §24. Тәуелсіз Қазақстан


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Қырғи-қабақ соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс
Кеңес Одағы
Отаршылдықтың күйреуі
Араб елдері
Африка елдері
20 ғасырдың 60-80 жылдарындағы халықаралық жағдай
20 ғасырдың соңы және 21 ғасырдың басындағы халықаралық және аймақтық шиеленістер
90 жылдардағы Орталық Азия мен Кавказ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2435 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык