Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің құқықтық алаңым


Менің құқықтық алаңым

Менің құқықтық алаңым

       Күтілетін нәтиже: Оқушылар адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігі кеңейеді, өзгенің құқығын бұзбауға үйренеді және өз ойын еркін айтып, пікірін қорғайды.

   Топтық жұмыстар арқылы сыни ойлауға  араналған тапсырмаларды орындайды;

Сынып жетекшілер тәрбие жұмысындағы жаңа әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасады.

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.

Құрметті шараға қатынасушы қонақтар, оқушылар біз алдымен топқа бөлінуіміз керек, ол үшін сіздерге түрлі-түсті пішіндегі фигуралар ұсынамын.(пішініне қарай топтасады)

ІІ. Топқа бөлу.

 «Жылы болса жүрек – орындалар тілек» деп, алдымен екі шеңбер жасап бір-бірімізге қарсы қарап тұрамыз да сағат тілімен айналып сыртқы шеңбердегілерге тілек айтамыз, олар да тілекпен жауап береді.

 (Топтасып отырып болған соң, І және ІІ топтың тапсырмасы беріледі.)

        ІІІ. Келісім шарт

Шараға қатысушылар келісім шартқа отырады.

 

Кіріспе.

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады.Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.

Б.з.д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда

Б.з.д V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде

Шыңғыс ханның «Яссасы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына, қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне, оқушылар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.Конвенция деген-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау,53-бап-тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.

Олай болса, сіздерге арналар тапсырма да өзімізге қажетті заңдар туралы болмақ.

                        

                                                              ІҮ. Тапсырмалар:

1. Постер құру (Ең қажетті 3 заң)

                           ( І және ІІ топ мүшелері)

Адам аяғы баспаған аралға өздерімен бірге ең қажетті заңдарын алып бару

  І және ІІ топ мүшелері сіздер мына адам аяғы баспаған аралға барып тұруларыңыз керек, яғни сол жерге барып өмір сүресіздер. Аралға өздеріңізбен бірге ең қажетті деген 3 заңды алып баруларыңыз керек. Сол 3 заңды таңдап постер құрып, қорғайсыздар.(уақыты: 6 мин-постер құру, 2 мин-қорғау)

 (Сарапшы топқа 3 смайлик беріліп қойылады, олар жұмыс біткесін үш топтан 3 кісіге смайлик тағады)

 

          2.Ситуациялық ойындар:

І және ІІ топ мүшелері постер құрып болғанша,ІІІ топ сіздермен ситуациялық ойындар ойнаймыз. Ендеше барлығыңызға іске сәт!

(Сарапшы топқа 3 смайлик беріліп қойылады, олар жұмыс біткесін үш топтан 3 кісіге смайлик тағады)

                      1). Аукцион.

Жетекші: Назар аударыңыздар!Үздік тауар аукционын хабарлаймын. Аукционға асығыңыздар.Аукцинға теңгемен ақшалай төлем жасайсыздар. Сонымен,алғашқы лотты бастаймын. Алғашқы лот «жасырын тауар».

 Бұл зат  адамзаттың ойлап тапқан жаңалығы.Бұл зат осы уақытқа дейін пайдаланып келеді. КСРО-ның тоқырау заманында да баспасөз назарында болды.(әжетхана қағазы) Сауда басталды. Алғашқы баға-100 тенге.

Оқушылар: 100, 200, 500

Жетекші: 500 теңге- бір!  500 теңге-екі!  500 теңге-үш! Сатылды!

Жетекші: Бұл заттың ішінде не бар деп ойлайсың?

Оқушы:  жауабы

Жетекші:қандай сезімдесің?

Оқушы:  мен алдандым

Жетекші: айтыңыздаршы, сатып алушы қандай қателік жіберді?

Оқушы: белгісіз затты сатып алды, алдымен тауарды,сапасын,мерзімін,т.б білуі керек, ал оны сұраған жоқ,ол өнім туралы білуге құқылы. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның 6-бабында тұтынушының құқығы көрсетілген. (кері қайтару-14 бап)

2) «Қара жәшік»

Бұл   жәшіктегі нәрсе қай кезде пайда болғаны( ойлап табылғаны)белгісіз, алайда темір пайда болғаннан кейін ойлап табылған. Жаппай қолданысқа ХҮІ ғ енгізілген. Бұл затты ер адамдарға, әйел адамдарға және балаларға да қолданады. Бұл затты    алғаш рет темір түрінде таққан,әрине, бұл біздің қазір қолданып  жүрген үлгімізден мүлде басқа.  (Кісен)          

Жетекші: бұл не үшін қолданылады?

Оқушы: қылмыс жасаған адамға салынады.

Жетекші: Қылмысқа неше жастан бастап тартылады?

Оқушы: Қылмыстық Кодекстің 15 бабы бойынша қылмысқа 16 жастан бастап тартылады, ал ауыр қылмыс жасаған уақытта 14 жастан бастап жазаға тартылады (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), адам ұрлағаны (175-бап), кісі тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179-бап), қорқытып алғаны (181-бап),терроризм (233-бап),т.б

3).       «Кім жылдам?» (бала құқығы жөніндегі және қылмыстық кодекс баптары бойынша сұрақтар беріледі)

1.     Конвенция дегеніміз не?

      2.Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды,

                                              қанша бөлім, неше баптан тұрады?

      3. Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Нешінші бап?

      4. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары мен

                                       міндеттері туралы заңы қашан қабылданды?

     5. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен

            қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды

                               қолдануға міндетті. Бұл қай заңда көрініс тапқан?

    6. Құқықтарыңызды кім шектей алады?

                          Нешінші бап?

7. Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
8. Әрбір баланың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға

                                                                                                          құқығы бар.
 9. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиеленуге құқығы бар.
 10. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

 11.Әрбір бала өзінің жасына, денсаулығына және қажеттеріне қарай

                            демалуға  және бос уақытын пайдалануға құқылы.

                                Ү. Постер қорғау:

І-топ: мұғалімдер постерлерін қорғайды.(қол шапалақтау)

ІІ-топ: оқушылар постерлерін қорғайды.(қол шапалақтау)

Қорытынды: сонымен біз өз құқығымыз жөнінде бүгінгі тренингте біраз нәрсені ойымызға түйдік. Б.Момышұлы «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.

  Ү. Рефлексия:  (Тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп   топ мүшелері стикерлерін постерге жапсырады).

Сіз үшін тренинг маңызды болды ма? 

Ұнағаны:

Ұнамағаны

             Рефлексивтік есеп

Тәрбие сағаты кезінде оқушылардың тұжырымдамалық түсінігін дамыту үшін қойылған немесе берілген тапсырмаларға байланысты берген жауаптарын оқушының өзінің білімі мен тақырыпты түсінуі үшін тиімді қолданып отырдым. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тоқтамайтын кері байланыс болады. Осы байланыстар арқасында мұғалім-оқушының, оқушы- мұғалімнің, оқушы-оқушының қандай сұрақтарға жауап алғысы келгенін, қандай мәліметті алғанын, қаншалықты түсінгенін біліп отырады. Сол әрекеттерді жіті бақылауда ұстай отырып, олардың тапсырмаларының, жауаптары мен сұрақтарының қойылу бағытын зерттей отырып, әр бөлімде тапсырмалар мен негізгі мәліметтерді түсінуі және талдауы үшін қойыларын сұрақтар мен тапсырмаларды нәтижеге жететіндей етіп әзірледім.

Оқушылар үнемі сұрақтарға қысқаша ғана жауап беруге дағдыланып кеткендігі белгілі, осындай олқылықты жою үшін, мен тәрбие сағатын жоспарлаған кезде, олардан қалайда жүйелі жауап ала аламын, оларға жүйелі, өз ойларын жинақтап жауап беруі үшін мен қандай әдістерді қолдана аламын деп ойладым. Тренинг соңында күткен нәтижеме жеттім, яғни  оқушылар адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігі кеңейді, және өз ойларын еркін айтып, пікірін қорғады. Тәрбие сағатын топтық жұмыстарға негіздеп өткіздім. Ерекшелігі оқушылармен бірге мұғалімдер де қатыстырылды. Мұғалімдер мен оқушылардың бір тобына сын тұрғысынан ойлауға негізделген топтық жұмыс  постер қорғау тапсырылды да, оқушылардың екінші тобымен өзім ситуациялық ойындар мен викториналық сұрақтар өткіздім. Мұғалімдер де, оқушылар да өте белсенділікпен жұмыс жасады. Тренингте оқушылар өз құқығы жөнінде біраз нәрсені ойларына түйді. Сарапшы топ беріліп қойылған 3 смайликті  олар жұмыс біткесін үш топтан 3 кісіге тақты. Соңында  тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп   топ мүшелері стикерлерін постерге жапсырды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері"
Өз құқығыңды білесің бе?
Құқықтық мемлекет
«Мен және менің құқығым»
«Мен және менің құқығым»
«Мен және менің құқығым»
Заңды білсең, балдырған. Ақиқат шығар, алдыңнан.
Құқықтық тәрбие беру
Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз
Құқықтың тәрбиелік мәні
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 6722 | Қосты: Науанова Жания Жақауқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык