Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өсімдіктер-химиялық элементтер қоймасы


Өсімдіктер-химиялық элементтер қоймасы

Өсімдіктер-химиялық элементтер қоймасы

Түсінік хат

8 сыныпқа арналған таңдау курсының бұл бағдарламасы оқушыларға  химияны және       жаратылыстану пәндерін оқып үйренуге қажетті химиялық білімнің негізін қалайды және арнайы орта оқу орындарында кәсіби дайындық алуға мүмкіндік береді.

Оқушы мен мұғалім арасындағы  және өз бетінше  орындайтын тапсырмалар, сұрақтар және тесттер арқылы меңгерген білімдерін жүйелеп отырады. Оқушылар   оқу  үрдісінде  химия  ғылымының өсімдіктер дүниесіндегі орнымен танысады. Бұл арқылы оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдыларын бағалау олардың негізгі  ұғымдарды, заңдарды, теорияларды меңгеру дәрежесін арттыра отырып, нақты проблемаларды шешуге қолдана білу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар биологиядан алған білімін жетілдіріп, пысықтай отырып, химиялық тұрғыдан толықтыра дамыта түседі.

Кіріктірілген бағдарлама арқылы өсімдіктер туралы ойларын жинақтап, химиялық білімдерін қалыптастырады.Оқушылардың “Химия“ пәніне қызығушылығын  арттыруға   бағыт-бағдар береді.

 

Бағдарлама мақсаты:  Оқушылардың химия пәнін алғаш меңгеру кезеңінде  ғылымға деген құштарлығын арттыру, танымдық белсенділігін тереңтету. Химия пәні бойынша алғыртыққа  ізденуге, терең білімділікке баулу.

 

Бағдарлама міндеттері :

-оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге ыңталандыру;

-оқушылардың өз бетінше зертханалық, сарамандық жұмыстар жүргізуге үйрету;

-химиядан алған білімдерін пайдаланып, оқушыларға қәсіптік бағдар беру, сұраныс тудыратын мамандыққа баулу;

-жаңа ақпараттық технология әдістерін ( электрондық оқулық, интерактивті тақта) қолдану арқылы терең білім беру, пәнге қызығушылықтарын арттыру;

 

Күтілетін нәтижені тексеру әдісі:

а) тестік бақылау; ә) бақылау жұмысы; б) зертханалық жұмыс; в) сарамандық жұмыс ;

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

-Биология  бойынша ғылыми мағлұматтарды білу;

-Биология-химиялық  терминдерді дұрыс атау;

-Зертханалық жұмыс жасау кезінде құралдар мен заттарды дұрыс ұстай білу;

-Химиялық заттардан уланған кезде алғашқы көмек көрсете білу;

 

Оқу-әдістемелік құралдар:

Картиналар,   кестелер, фото- видеоматериалдар, диаграммалар, таблицалар, графиктер, электрондық оқулық, ғаламтор материалдары.

Пән аралық кіріктіру:Химия, биология, математика, география, тарих   т.б

Курстың уақыт көлемі:

 

10-сынып: аптасына -1 сағат, жыл бойы-34 сағат.

Курстың ұйымдастыру формасы: лекция, практикалық және зертханалық жұмыс,

шығармашылық жұмыс.

Курсты аяқтау формасы:Тест (таңдау,айналмалы, сәйкестік тест),жоба қорғау, шығармашылық жұмыс, баяндамалар жазу.

 

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау формасы: Бағалау дихотомиялық жүйе (игерілді, игерілмеді)

Күтілетін  нәтиже:

-Оқушылардың ізденістік дағдыларын жетілдіріп пәнге қызығушылығын арттырады.

-  Ойлау қабілетіне жалпыдан негізгіні табу, салыстыру, жүйелеу, саралау, нақтылау қабілетін ашады.

- Түсініктерге анықтама беру, дәлелдеу, сараптама жасау нақты сұрақ қою, сөйлеу мәдениетін және жан-жақтылық, дүниетанымдық, ой-өрісі мен шығармашылық қабілетін арттырады.

- Өз Отанын сүйетін, ондағы басты тұлға Адамның денсаулығын және әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

- Оқушылардың өз денсаулығын бағалай отырып, мықты денсаулықтың арқасында туған өлкеге деген қадыр-құрметін оята отырып, сол арқылы туып өскен өлкеге, отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады.

-  Олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды. Өзінің пікірін еркін баяндай алуға, дәйекті, жүйелі сөйлеуге көмектеседі, ауызша сөздік қоры дамиды.

- Мұғалім мен оқушы арасында бірлік одағы қалыптасады.

- Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

Реферат  тақырыптары:

1.Металдардың биологиялық ролі

2.Металдардың шығу тарихы

3.Алтын

4.Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы

5. Химиялың элементтер

6. Қоршаған ортаны қорғау

7.Қорғасынның экологиялық әсері

8.Биология әлемі

9. Дәрілік өсімдіктермен емдеу

10.Шалқар өңірінің өсімдіктері

Оқу-тақырыптық жоспар.

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Өткізу түрі

Практикалық жұмыс

1

Кіріспе

1

 

Лекция

 

2

Ботаника –өсімдіктер туралы ғылым

1

 

Мәтінмен танысу

 

3

Өсімдіктердің көптүрлілігі

1

 

Ауызша түсіндіру электронды оқулықпен жұмыс.

 

4

Өсімдіктер ағзасындағы химиялық элементтер

1

 

Мәтінмен танысу

 

5

Сарымсақ және пияз өсімдігіндегі дисульфидтер

1

 

Мәтінмен танысу

 

6

Слаид жасау

1

 

 

Реферат қорғау

7

Сарымсақ құрамындағы микроэлементтер

1

 

Мәтінмен танысу

 

8

Сарымсақтың маңызы

1

 

 

Реферат қорғау

9

Сарымсақ құрамындағы макроэлементтер

1

 

Шығармашылық зерттеу жұмысы

Суреттер, деректер жинақтау

10

Ол ағзадан улы металдарды шығарады

1

 

 

Слайд материалдарын жасақтау

11

Жүгері –алтын жинақтаушы өсімдік

1

 

Ауызша түсіндіру топтық жұмыс

 

12

Алтын-бағалы металл

1

 

 

Деректер жинақтау

13

Жусан-марганец жинақтаушы өсімдік

1

 

Пәнаралық байланыс арқылы түсіндіру

 

14

Мақта өсімдігіндегі  кобальт элементінің пайдасы

1

 

Ауызша түсіндіру, электронды оқулықпен жұмыс

 

15

Магний –хлорофилл құрамында

1

 

Ауызша,жазбаша жұмыс

 

16

Ағзасына  магний жинақтаушы өсімдіктер

1

 

 

Қосымша материалдан деректер жинақтау

17

Молибденнің өсімдік ағзасындағы азот айналымына қатысуы

1

 

Мәтінмен ауызша,жазбаша жұмыс

 

18

Тамырына азот жинақтаушы бұршақ тұқымдастар

1

 

 

Слайд материалдарын жасақтау

19

Тыңайтқыштар

1

 

Сабақ - конференция

Реферат қорғау

20

Түлкімасақ ағзасындағы селен

1

 

Электронды оқулық,слайд көрсетілімі

 

21

Қызылша, темекі  күліндегі литий элементі

1

 

Ауызша түсіндіру

 

22

Қызылша шырыны-денсаулық кепілі

1

 

 

Слайд материалдарын жасау

23

Қайың- берилий кенінің көрсеткіші

1

 

Ұжымдық топтық жұмыс

 

24

Өсімдік индикаторлар

1

 

 

Слайд материалдарын жасау

25

Түйетікен мен жүзгін –минералды су көздері

1

 

Шығармашылық зерттеу жұмысы

 

26

Өз өлкеміздегі шөлді жер өсімдіктері

1

 

 

Реферат қорғау

27

Бор элементі-жусан өсімдігінің қалыпты өсуі

1

 

Жазбаша жұмыстар

 

28

Қалақай өсімдігіндегі кремний тұздары

1

 

Лекция

 

29

Жалған индикатор өсімдіктер

1

 

Лекция

 

30

Қайың ағашындағы темір мен марганец

1

 

Ұжымдық жұмыс

 

31

Жылысқыдағы алюминий

1

 

Шығармашылық зерттеу жұмысы

 

32

Далалық боз өсімдігіндегі никель мен вольфрам

1

 

Шығармашылық зерттеу жұмысы

 

33

Химия және өсімдіктер

1

 

 

Реферат қорғау

34

Қорытынды

1

 

 

тест

Бағдарлама мазмұны:

І. Теориялық бөлімі -22сағат

Оқушылар өсімдіктердің ағзасына химиялық элементтерді жинақтау арқылы индикаторлар бола алатындықтары туралы мағлұматтар алады.Сонымен қатар, жалған индикатор –өсімдіктер түрлерімен танысады. Бұл бөлімде 8-сынып оқушылары жаңадан таныс химия пәннің ерекшеліктерін өсімдіктер дүниесі арқылы игереді. Химиялық элементтер, металдар түрлерімен танысады.

ІІ.Практикалық бөлімі-12 сағат

Оқушылар бұл бөлімде білімдерін реферат түрінде, слайдтар жасау негізінде қорғайды.

 

Ұ с ы н ы л а т ы н    ә д е б и е т т е р:

Мұғалім үшін:

1.Кретович В.Л. Биохимия растений. М. 1986.

2.М.М.Жанзақов Өсімдік шаруашылығы. Алматы, Тұмар, 2007ж

3.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология негіздері.  –Алматы, 2002.

4.Биология және салауаттылық негізі 2007ж

5.Химия мектепте 2013ж

6.Биолог анықтамалығы 2010ж

7.Мұғалім.kz

8.Эврика 2008ж

9.Қ.Ж. Сыбанбеков – Дәрілік өсімдіктер. Алматы, Қайнар – 1986 ж.

10.Ж.Лұқпанов, Р.Әлімқұлова, М.Тәтенова – Өсімдік – өмір өзегі. Алматы 1991 ж.

11.Л.К.Сафина, Е.П.Петров – Жасыл аптека. Алматы, Қайнар – 1992 ж.

12.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Алматы, Қайнар – 1992 ж.

13. Сейтжанов А.Ф. Органикалық химия. Алматы, 1993ж.

14.Нұржанова Ж. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. Алматы, 1991ж.

15. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы 1978ж.

16. Интернет материалдары

 

Оқушылар үшін:

1.Оқушы анықтамасы 2005ж

2.Химия мектепте 2005ж

3. Оқушылар анықтамасы. 6-11 сынып . Биология.

4.Қызықты физиология. Б.Сергеев.

5. Биология және салауаттылық негіздері  (журнал).

6. Денсаулық журналы.

7.«Биология және қоршаған орта» журналы 2007 №2

8. Байханов С. «Табиғатым тағдырым». Алматы,


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адам және экология
Биохимия химия негіздері
Тіршілік химиясы
Жасыл дәріхана
«Химиялық типтік есептер» 8 сыныпқа арналған бағдарлама
Химия және экология
Экология негіздері
Экология негіздері
Сағат саны Мақсаты Мерзімі
Химмиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 2733 | Қосты: Жоламанова Райса Тажығалиқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык