Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ондық бөлшектерді азайту


Ондық бөлшектерді азайту
Пәні: математика
Сынып: 5
Пән мұғалімі: Садуақасова Құлпынай Мұхамеджанқызы
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді азайту
Сабақтың мақсаты: ондық бөлшектерді азайту туралы білім, білік дағдыларын толықтыра отырып, оқушылардың білімін тереңдете түсу, ондық бөлшектерді азайту ережелерін есеп шығаруда дұрыс қолдану машығын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару, оқытудың «Әткеншек», «Қар кесегі» әдістері, «Кім жылдам» ойындары арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, смайликтер, стикерлер.
Күтілетін нәтиже:
 Ондық бөлшектерді азайту ережелерін меңгереді;
 Топпен жұмыс істеу арқылы өз ойларын ашық жеткізе біледі;
 Оқушылар ізденеді, өз ойларын салыстырады, дәлелдейді, өзі мен өзгенің еңбегін бағалай біледі.

Сабақ барысы:

Уақыты Жұмыс түрлері: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже Бағалау
2 мин І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Топқа бөлу
Сыныпта атмосфералық ахуал орнату. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау.Сабақ мақсатымен таныстыру.
«Жай бөлшек», «ондық бөлшек», «Аралас сандар» жазылған қима қағаздарды таңдап алу арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Бағалау критериилеріне байланысты топ басшысы оқушыларды бағалау парағына тиісті бағасын қойып отырады. Оқушылардың көңілі сабаққа аударылады.
8 мин ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І-топқа- Егер азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен үлкен болса

ІІ-топқа-Егер азайғыш пен азайтқыштағы ондық таңбалар саны әр түрлі болса+егер азайғыш натурал сан болса

ІІІ-топқа-Егер азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кем болса

«Әткеншек» әдісі қолданылады

Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып ережені қолдану арқылы өздері мысал құрастырып топтарға түсіндіреді. Жауаптары дайын болғанға дейін топ басшылары топтағы оқушылардың үй тапсырмасын тексереді. Оқушылар топта өзара бір- бірінің жұмысына көз жүгіртеді, өзінің жауабымен салыстырады, өз кемшілігін байқайды. Бәсекелестік қалыптасады. №970 мысал
дарды парақта
ғы дайын жауаптары арқылы тексеріп, бағалау парағы
на өздерін бағалай
ды.
5д.ж.-«5»ұпай
4д.ж.-«4»ұпай
3д.ж.-«3» ұпай
5 мин ІІІ. Ой қозғау.
Қызығушылы
ғын ояту. Интерактивті тақтаға ауызша есептер жазылған.
А-деңгейінің тапсырмалары. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай алады.

Әр топтан ойы ұшқыр оқушылар жылдам жауап береді, жауабын дұрыс жауаппен салыстырады, өз бағасын жауап парағына қойылуын қадағалайды. Оқушыларды шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелейді. Жауап берген оқушы
лардың бағасы мұғалімнің бағасы
мен бағаланады.
20 мин

ІV. Есептер шығару.

Сергіту сәті Топтық жұмыс.
«Жеке-жұптас-топтас» әдісі.

Оқушылар алғаш жеке, кейін жұптасып, соңынан топпен жұмыс жасап, ортақ бір шешімге келеді. Жұлдызшаның орнына тиісті сандарды қойып дәптерлеріне жазады. Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып дәлелдейді. Жауабын дайын жауаппен салыстырады. Оқушылардың ойлау қабілеттері артады.Әр топтың өз пікірі қалыптасады. Дұрыс жауапқа топтың әр мүшесі
не 1 ұпай.


Жеке тест жұмысы.
В-деңгейінің тапсырмалары.
Әр топта әр оқушы жеке жұмыс жасайды.

Әр жұптан 1 оқушы шығып тақтаға шығарады.
Тақтадағы кесте бойынша жауаптарын тексереді.


Көрші оқушының қатесін табады, дәлелдейді.
Топ басшылары дұрыс жауаптарын бағалап, бағалау параққа
тіркейді.
Әр дұрыс жауапқа
1 ұпай
Қызықты логикалық тапсырмаларды орындау.

1. Ұлу ағаштың басына шығуға күніне 5 м жоғары көтеріледі де, түнде 3м сырғанап төмен түседі. Ағаштың биіктігі 25м болса, ұлу ағаштың басына неше күнде жетеді?
2. Бір жанұяда үш қызы бар. Олардың әрқайсысының інісі бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
3. Үшбұрыштың бір бұрышын қиып алса неше бұрыш шығады?
4. Үш рет кесу арқылы, сырды қалай тең 8 бөлікке бөлуге болады ?



Ортақ шешімге келеді. Сыныпта ойлау қабілеті жоғары оқушылар анықталады.

Форма
тивті бағалай мын
Оқушылар жеке жұмыс жасайды.
Жауаптарын бір-бірімен алмасып тексереді. Сыныпта ойлау қабілеті жоғары оқушылар анықталады. 1-деңгей-«1»ұпай
2-деңгей-«2»ұпай
3-деңгей-«3»ұпаймен бағаланады.
№ 997. Ит 9,1 м/с жылдамдықпен өзінен м. қашықтықта отырған қоянға жүгірді. 1 секундтан соң ит пен қоянның арасы неше метр болады?

Оқытудың «Бес сұрақ», фотосуреттер әдісін қолданамын. Алғаш слайд бойынша есеп құрастыруын сұраймын.
Слайдта тышқанды басу арқылы есептің әр қадамы түсіндіріледі. Оқушылар иллюстрация бойынша есеп құрастыруға талпынады.
«қарлы кесек» әдісі бойынша жетелеуші «5 сұрақ» әдісі бойынша сұрақтарға жауап іздейді.
1. Барлық арақашықтық неше метр?
2. Иттің жылдамдығы қандай?
3. Не белгісіз?
4. 1 секунтта ит қанша қашықтықта болады?
5. Ит пен қоянның арасы неше метр?
Топта жұмыс жасауды үйренеді, ойларының дұрыстығына талдау жүргізе алады.
Плакатқа есеп шартын, шығару тәсілін түсіндіреді. Форма
тивті бағалай мын
5 мин V. Қорыту. Ауызша сұрақ-жауап. «Бізден сұрақ, сізден жауап». Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Математика
лық тілде сөйлеуге
үйренеді.
2 мин. Бағалау. Жинаған ұпайларына қарай бағаланады
17-20 ұпай-«5»
14-16 ұпай -«4»
10-13 ұпай -«3»
Жинаған ұпай санын сәйкес бағаға айналдырады.
Бағаларын бағалау парағына қойғызады Өзін-өзі бағалай
ды.
2 мин Кері байланыс.
«Ыстық орын» Оқушыларға стикерлер таратылады.
Сабақта мен білдім…
Маған жеңіл болды…
Мен әзірге қиналамын…
Мен жаңа нәрсені үйрендім…
Мен әлі де болса тақырыппен жұмыс жасау керектігін түсіндім…
«Ой толғаныс».
Сабақта мен білдім…
Маған жеңіл болды…
Мен әзірге қиналамын…
Мен жаңа нәрсені үйрендім…
Мен әлі де болса тақырыппен жұмыс жасау керектігін түсіндім…
Ойларын жалғастырады. Оқушылар өз қателіктерін түсінеді, алда кемшіліктерді жоюға талпынады.
1 мин VІ. Үйге тапсырма. Оқулықтан 256-257 бет ереже
№991 тапсырма тапсырма.
Күнделіктеріне жазып алады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ондық бөлшектерді қосу, азайту
Ондық бөлшектерді салыстыруға жаттығу жұмысы
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлшек сандардың ондық жазылуы тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді азайту
Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Рационал сандарды бөлу
Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру

Автор Садуақасова Құлпынай Мұхамеджанқызы

Сарыкемер орта мектебі

Бөлім: Материалы / Математикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 2306 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 7 марта 2015 06:28
Сабақ маған ұнады.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар