«Тіл мерекесі – ел мерекесі» дегенге біз сенеміз!
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.
Міндеттері: қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын халықтарды тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.
Интеллектуалдық ойынның барысы:
Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі ,Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам - тілдер күні!
Қазақстанда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.
Жүргізуші ойынның шартымен таныстырады. Ойынға төрт ұстаз бен төрт оқушы қатысады. Әр ұстаздың өзі сенетін бір оқушысы болады. Екеуі бір топ болып саналады. Яғни, сайыс ұстаздың сенімінің молдығының байқалғанынан кейін басталады.
Жүргізуші: Ендеше өзіміздің білімімізді тексеретін «Саған сенемін» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Олай болса 1- бөлім: үш тілде мақал айтып, сөз жарыстырайық. Алғашқы қадамда жүргізуші ұстаздан 1 минутта оқушысы неше мақал айтады деп ойлайтынын сұрап алады. Қай ұстаздың болжамы, сенімі көп болса,сол оқушы шығып ұстазының сенімін ақтайды да қоржынына 10 ұпайды салады, егер сенімін ақтамай, деген санға жеткізбесе 10 ұпай қарсыластарына беріледі.
Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Қуан далам қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды дала түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Ана тілім - ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.
Олай болса 2- бөлім: жазушыларымыз екі тілде эссе жазсын. Берілген тақырыптар:
«Туған тілім - тұғырым!»
«Язык- средство общения»
3- бөлім: «Сұрақ-жауап». Оқушы бір минутта оқылатын 20 сұрақтың қаншасына дұрыс жауап беруімен сараланады.
Қазылар алқасы ойыншылардың 3 бөлімі бойынша жинаған ұпайларын жинақтағанша ортада сергіту сәтін өткіземін. Оқушысына деген сенімін ұстазы әрі қарай айтып жалғастырады. Тапсырма орындалады.
Олай болса 4- бөлім: «Аудармашы». Оқушылар бір минутта неше сөзді үш тілге аударып үлгеретіндерін көрсетеді.
Келесі 5- бөлім: «Оқыған озар!» Оқушыға үш тілдегі мәтін беріледі. Бір минутта әр мәтіннен жеке – жеке қанша сөз оқитыны сараланады.
Соңғы 6- бөлім: «Ойлан, тап!» бір оқушыға көптеген сөздер оқылып, қанша буыннан тұратыны сұралады. Тілдер мерекесіне арналған сайысымыз өз мәресіне жетіп, жүйріктері алға шығып дараланады. Сарапшылар барлық ұпай сандарын қосып, жеңімпазды анықтайды.
Жүргізуші:
Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат.
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің –
бабамыздан қалған асыл аманат.
Туған тілім – аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.
Осымен тіл мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет. Өте мәнді, тартымды сайыс болды деуге тура келеді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Сыныптан тыс жұмыс |
Көрсетілім: 2028 |
|
|
|
"Саған сенемін" интеллектуалдық ойын

Автор Жайтикова Динара Тилектесовна
Ерейментау ауданы, Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |