|
|
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастырудағы ерекшеліктер
Жумагулова К.С.
Қарағанды облыстық мамандандырылған
«Дарын» мектеп-интернатының
химия пәні мұғалімі
Қазақстаннның бәсекеге қабәлетті 30 елдің құрамына енуі үшін және еліміздің экономикасының дамуы үшін білім беру жүйесін реформалаудың тың жұмыстары орындалып жатқандығын атап өтуге болады.
Осындай жұмыстардың бірі - Қарағанды облыстық «Өрлеу» БАҰО педагогтардың біліктілігін арттыру АҚ ұйымдастыруымен «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» екі апталық курсының ұйымдастырылуы. Бұл курстар пән мұғалімдеріне Қазақстан Республикасы 2011 - 2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламалары, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру жолдары қарастырылылды. Сондай-ақ 2015 жылы РISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың жаратылыстану бағытында оқушының функционалдық сауаттылғы тексерілетіні, онда PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыру жолдары мен үлгілері таныстырылды.
Демек, алдағы уақытта жаратылыстану бағытындағы әр пән мұғалімдеріне осы іс-шаралар аясында білім беріп, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында біршама жұмыстар міндеттеледі.
Қазақстан Республикасы 2011 - 2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр» делінген [1].
Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 2020 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық деңгейде нәтиже беретінін айқындайды. Cондай-ақоқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде.
2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2018 жылы 40-45 орынға ие болатындығын болжайды [2].
2013 жылы PISA - 2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан қарастырылып, 65 мемлекет қатысуымен Қазақстан Республикасы математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша - 52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленгені белгілі болды. Еліміздің төменгі деңгейде болуы білім беру жүйесіндегі талаптарды өзгертуге, стандарт талаптарын қайта қарауға итермелейтіні сөзсіз. Ол үшін білім саласының мамандарына жоғары білімді берумен қатар, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға, сыни көзқарас қалыптастыра отырып, функционалдық сауаттылыққа баулу құзыреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді.
2015 жылы РISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың жаратылыстану бағытында оқушының функционалдық сауаттылғы тексерілетіні белгілі, сондықтан жас ұрпаққа теориялық мәліметтермен қоса әлеуметтік ортада алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатындай деңгейде жеткізу – педагогтардың басты міндеті деп білеміз.
Жаратылыстану бағытында деңгейлеп оқыту жүйесі еуропалық стандарт талаптарына сәйкестендіріліп, әлемдік білім кеңістігіне шығу, қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен тілдік құзіреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жаратылыстану бағытындағы PISA зерттеулерінің Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін орта мектебінің 8 -9 сыныбында оқушыларымыздың дайындық деңгейлері әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін, 6 деңгейлі құрылымын айқындайтын оқушының білім, білік, дағдылары ерекшеліктеріне сәйкестендіріп тест тапсырмаларын құрастыру және шешу жодарын ұсыну басты идеялардың бірі екенін атап өткен жөн.
Егер оқушылардың белгілі бір тапсырмаларды ой елегінен өткізуге ықпал ететін, осы жағдай проблемаларын зерттеуге және одан шығу жолдарын көрсететін жаңа мәтіндер мен тапсырмалар құрастырылса, онда жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми концепцияны түсіну, білу, жеке шешім қабылдай алу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді тұлға қалыптасады.
Осы тұрғыдағы іс-әрекеттерді қарасытыра отырып, оқушының білімін қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік түрлері айқындалады, олар:
-Ақпараттық құзыреттілік: Өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, түсіндіруге және ақпаратты тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
-Коммуникативтік құзыреттілік: Нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді.
-Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі: Әр түрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік туғызады.
Халықаралық зерттеулерге Қазақстанның қатысудағы мақсаты - оқушылардың оқу жетістіктерінің бақылау-бағалау жүйесін реформалау, халықаралық стандартқа сәйкес білім мазмұнын оңтайландыру, қазақстандық білім сапасын бағалау жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жаратылыстану ғылыми сауаттылығының қалыптасуына құзыреттілік түрлерін қарастыруға болады:
-жаратылыстану ғылыми зерттеудің негізгі ерекшеліктерін түсіну (немесе жаратылыстану ғылыми әдістерін тану);
-бар ғылыми білімдер негізінде жаратылыстану ғылыми құбылыстарды түсіндіру және сипаттауды білу, сондай-ақ өзгерістерді болжай алу;
-ғылыми дәлелдемелерді қолдана білу және бар мәліметтерден қорытынды алу үшін, оларды талдау және дәлелді бағалау.
Осы үш негізгі құзыреттіліктерге сәйкес тапсырмалардың үш жалпы топтарын анықтауға болады.
Бірінші топқа енетін тапсырмалар ғылыми тану әдістеріне жататын, ғылыми білімдерді алу тәсілдеріне жататын құзыреттілікке тиісті. Осы тапсырмаларда оқушыға қандай болмасын фактілерді орнату тәсілдерін табу ұсынылуы мүмкін, физикалық өлшемді анықтау, гипотезаларды тексеру, ұсынылған мәселенің зерттеу жоспарын белгілеу.
Екінші топ тапсырмалары үдеріс барысы немесе өзгерістерді болжауға, құбылыстарды түсіндіру және сипаттау біліктерін қалыптастырумен байланысты құзіреттілікке тиісті (құзыреттіліктің екіншісі). Осы біліктер анық ғылыми білімдер мөлшерінде негізделмей, сондай құбылыстардың модельдерімен қызмет ету қабілеттілігінің, және сол тілде түсіндірме және сипаттама беріледі.
Үшінші құзыреттілікке тиісті тапсырмалар бар мәліметтер негізінде қорытынды алуға біліктілікті алуды қалыптастырады. Осы тапсырмалар сандар, суреттер, кестелер, схемалар, диаграммалар, сөз сипаттамасының көпшілік түрінде беріледі [3].
Демек, оқушыларға PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыруда оқушының функционалдық сауаттылығына, жан-жақты болуына, өзінің ісіне сыни көзқарас қалыптастыра алуына жағдай жасау деген сөз.
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыру құрылысы 4 бөлікті қарастырады:
1. Құзырлықтар:
- Ғылыми сұрақтарды тану және қою, құбылыстарға ғылыми анықтама беру, ғылыми дәлелдерді пайдалану.
2. Білім:
- Жаратылыстану ғылымы – ғылым туралы білім (пайымдау әдістері мен тәсілдері)
3. Мәнмәтін:
- Жаратылыстану білімі және технологиямен байланысты шынайы жағдаяттар:
- жеке бас;
- әлеуметтік;
- ғаламдық
4. Қатынастар:
- Ғылыми танымның маңыздылығы, жаратылыстану бойынша жетістікте өзін-өзі бағалау, ғылымға ықылас.
Аталған 4 бөлікті қамтыған жағдайда ғана оқушылар жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге ие болатыны сөзсіз.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: химия, химиялық технология және өндіріс, тұрмыстық химия, экологиялық химия, медицина және фармакология негіздері, табиғи ресустарды қорғау, нанотехнология бағыттары бойынша оқушыларды бейіналды және дайындау [3]. Оқушының PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын орындаудағы функционалдық сауаттылығы – оның берілген тапсырманы зейін қойып тыңдауы, берілген сызбаларды салыстыруы, өзінің ойындағы түсінік, болжам, пікірлерін жүйелі жеткізе білуі мен логикалық ойлана отырып, сыни көзқарас қалыптастыруына жетелейді.
Жаратылыстану пәндері бойынша PISA тесттер мына бағыттарды қарастырады:
} Денсаулық - «Пайдалы вибрациялар», «Сүт», «Антибиотиктер», «Дене шынықтыру жаттығулары», «Мэри Монтегю».
} Табиғи ресурстар - «Жер бетідегі ауа температурасы», «Күн батареялары», «Сүттегі бактериялар».
} Қоршаған орта - «Пингвиндер аралы», «Жасыл саябақ», «Түрлі климаттар».
} Қауіпті апат түрлері - «Жер бетідегі ауа температурасы», «Жер бетіндегі табиғи апаттар», «Орман өрттері».
} Жаратылыстану мен технология байланысы - «Қасық», «Пластик ғасыры», «Қауіпсіздік жастықтары», «Ашық алаңда тағамды дайындау», «Динозаврлардың жойылуы».
PISA тест тапсырмаларының типтері:
PISA-2012 тапсырмалары |
Пайыздық көрсеткіш |
Қысқа жауапты таңдауы |
32% |
«Ия» немесе «жоқ» жауаптарын таңдауы |
34% |
Жабық түрде құрастырылған жауаптар |
2% |
Ашық түрде құрастырылған жауаптар |
32% |
Барлығы |
100% |
Жаратылыстану бағытындағы PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын жоспарлау кезінде ең алдымен оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескеру керек. Олар:
1.Табу және алу:
- мәтінді көзбен жүгірту;
- басты элементтерін анықтау;
- ізденіс аймағын тарылту;
- қажет ақпаратты айыру.
2. Түсіндіру және ықпал ету:
- мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;
- мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу;
- автор ой түйінінен қорытынды шығару;
- мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасау.
3. Зерделеу және бағалау:
- басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру;
- әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстыру;
- автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен автор көзқарасын қорғауда дәлелдер іздеу.
Осы оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескере отырып, тест тапсырмаларын беру керек және төмендегі функционалдық сауаттылық ерекшеліктерін де ескерген жөн:
- жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адами таным мен зерттеу формасы ретінде түсіну қабілеттілігі;
- жаратылыстану ғылымдары мен технологияның материалдық, интеллектуалдық және мәдени салаға әсер ететіндігі туралы білімді көрсету;
- мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алу қабілеттігі, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасай және оны сыни тұрғыдан бағалай алу;
- эксперимент тәжірибелер жасау, болжамдар келтіру және қолдайтын немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу, айтылған көзқарасқа қарсы шығу немесе оны негіздеу.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама негізінде жаратылыстану ғылыми сауаттылықты анықтаға төмендегідей түсінік береді - ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтау, қорытындылар жасау.
Осыған орай PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды анықтау үшін оқушылардың төмен нәтиже беруінің себептерін қарастыру керек, ол тестілеудің басқа формасының кездесуі, диаграммалар, кестелер, сызбалар мен карталардан тұратын іскерлік стильдегі мәтіндермен жұмыс жасай алмауы.
Ал Қазақстандық мектептердегі оқушылардың әртүрлі мазмұндағы, форматтағы мәтіндерді түсінуде және оларға рефлексия жасауда практикалық дағдыларды қалыптастыру мәселелері дұрыс жолға қойылмаған.
Отандық бағдарламалардағы оқу түсініктері PISA тапсырмаларында кездесетін зерттеудегі мәтіндермен сәйкес келмейді. Бұл оқушыларға тек теориялық мәліметтерді ғана беріп қоймай, өз білімдерін қазіргі өмір жағдайларына қалай пайдаланатынын түсінуі қарастырылады.
Зерттеулер көрсеткендей, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша алынған нәтижелерді күнделікті өмірде шынайы жағдайларда пайдалану үшін ғылыми жаратылыстанудың негізгі ұғымдарына назар аудару, алған ақпаратты сыни бағалау, болжамдар жасау, өзіндік көзқарастарын негіздей білу қажет болды.
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:
1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру.
2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.
3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.
4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.
5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.
Жаратылыстанубағытындаберілетін мәнмәтіндік тапсырмалар 12 балдық жүйе бойынша бағаланып, үш блоктан тұруын ұсынуға болады:
Базалық деңгей - ол бір ғана жауапты көрсететін нұсқаудан тұрады.
Бағалауы 7-8 балл, «3» деген бағаға сәйкес келеді.
7-8 балл қойылады:
- толық жауап берілсе де мағыналы қателіктерінің болуы;
- жауап толық емес, бір-бірімен байланыссыз болған жағдайда;
- тапсырма жартылай орындалса да, логикалық түсінігінде қателердің болмай, тек есептеуде ғана мағыналы қателіктердің болуы.
Дамытушылық деңгей - химиялық теңдеулер мен есептерді шығарудан тұрады.
Бағалауы 9-10 балл, «4» деген бағаға сәйкес келеді.
9-10 балл қойылады:
- жауаптың толықболуыжәне оқытылған теориялық мәліметтерге сәйкес дұрыс тұжырымдалуы;
- материал логикалық тұрғыда көзқарасы берілсе де, аз-кем қателіктер болған жағдайда;
Шығармашылық деңгей - ашық жауап талап етіледі, логикалық ойлауға, өзінің жауабын дәлелдеуден тұрады.
Бағалауы 11-12 балл, «5» деген бағаға сәйкес келеді.
11-12 балл қойылады:
- өтілген тақырыптарғасәйкес жауаптың толық және дұрыс болуы;
- материал арнайы бір жүйелілікпен логикалық тұрғыда қарастырылған жағдайда;
- жауап әдеби тілде өзіндік ойлауы арқылы берілуі, қарапайым қателіктер болған жағдайда.
Оқушы неғұрлым көбірек тапсырма орындауға тырысса және максималды балл жинаса, онда PISA бойынша берілген тапсырманы толық орындай алғандығы анықталады.
Қорыта айтқанда PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыруда мұғалімнен көп еңбек, терең білімділік, күш-жігер, жан-жақтылық, ізденімпаздық, жаңа ақпарат көздерін мейлінше тиімді қолдана алатын қажыр-қайрат талап етіледі. Осы аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан-жақты ізденістегі шығармашылық тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал етпек. Сонда ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кәсіби бағытына жетуде адастырмайтын жол ашылады әрі елшілдік ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға айқындауға жол ашылады деп білеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы №1118 Жарлығы.
2. «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардыңғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту»тақырыбы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының типтік оқу бағдарламасы, Қарағанды 2014.
3. 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б.
4. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық // NIS – PEARSON
5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
ҚОСЫМША-1
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындау
Химия. 8-сынып. «Су. Ерітінділер. Негіздер» тақырыбы
«Қиярды тұздаудағы химиялық процестер»
Зертханалық және өндірістік тәжірибе нәтижелері мына мәліметтерді қарастырады: суық суда тұздалған қиярдың салмағы ортаға байланысты азаып және көбейіп отыруы мүмкін. Жаңа піскен қиырдың құрамында 95-96% су болады. Қалған 4-5% ерімейтін қосылыстардан тұрады. Сұйыққа батырылған жаға піскен қияр – ол физика-химиялық жүйе болып табылады. Табиғат заңына сәйкес ерімей қалған әр қосылыстар қияр бойымен біркелкі таралады, яғни барлық аймақта оның концентрациясы біркелкі болады. А деген адамның саяжай учаскесінде биыл көкөніс өте көп мөлшерде жиналып алынды. Қысқа дайындық жасау үшін А қиярды тұздауды ойластырды. Ол қиярды тұздау үшін тұзды ерітінді дайындау керек болды.
Сұрақ – 1: Табиғат заңына сәйкес ерімей қалған әр қосылыстар қияр бойымен біркелкі таралады, яғни барлық аймақта оның концентрациясы біркелкі болады деген түсінікке қалай жауап берер едің?
А. Бұл процесс химиялық реакция жылдамдығына келеді.
В. Бұл диффузия құбылысына келеді.
С. Бұл ешбір жауапты қажет етпейді.
D. Бұл тек табиғи заңдылық.
Сұрақ – 2: Қиярды тұздауға 500г 7%-ті ерітінді дайындау үшін қажетті тұз бен судың массасын есептеңіздер. Ас тұзының формуласын жазыңыздар.
А m(су) = ω . mерт = 500г. 0,07 = 35г, m(тұз) = 500 – 35 = 465г, КCl
В m(тұз) = ω . mерт = 500г. 0,07 = 35г, m(су) = 500 – 35 = 465г, NaCl
С m(тұз) = ω . mерт = 50г. 0,07 = 3,5г, m(су) = 50 – 35 = 15г, NaCl
D m(тұз) = ω . mерт = 5г. 0,07 = 0, 35г, m(су) = 50 – 35 = 25г, КCl
Сұрақ – 3: Мына кесте бойынша мәліметтерді қарастыра отырып, түрлі сортты қиярлардың құрамын салыстырыңдар, түсінік беріңдер.
«Тапар жылыжайында өсірілетін қияр сорттарының құрамындағы судың, азотты қосылыстардың проценттік құрамы»
Қияр түрлері |
Көкөніс көлемі |
Су |
Азотты қосылыстары |
Ақуыз |
Корнишон |
5 - 7 см. |
93,91 |
1,76 |
1,14 |
Ұсақ |
7- 9см |
93,9 |
1,86 |
1,21 |
Орташа |
9-12см |
94,78 |
1,13 |
0,74 |
Ірі жасыл |
12-14см |
95,25 |
0,97 |
0,63 |
Ірі сары |
9-14см |
95,04 |
0,94 |
0,61 |
Бағалау критерийлері
Критерийлер (1 балл) |
А тобы |
В тобы |
Мәтінде жасырын тұрған мәліметтерді анықтап, нақты жауап бере алады |
|
|
Берілген ақпаратты түсіне отырып, салыстыра алады |
|
|
Өзінің ойын жеткізе алады |
|
|
Өзіне қажетті мәліметті жинақтай алады |
|
|
Баламалы жауаптар бере алады |
|
|
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |