Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі


Қазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі

«Петровка жалпы білім беру орта мектебі»КММ

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі Сембаева Б.С.

2014-2015 оқу жылы

Баяндаманың тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі

Баяндаманың мақсаты:

өмірге жан–жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани – интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу , білім беру;

оқушыларды интерактивті тақтаны дұрыс қолдана білуге, жетік меңгеруге ықпал ету;

берілген тапсырмаларда жаңа техналогияның  көмегімен сауатты, шапшаң орындауға үйрету;

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.

Кез келген оқытушы өзінің пәнін қызықты өткізуге, және де оқушыларының білімін арттыруға тырысады. Қазіргі кезде көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алып келеді.

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ.

Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы

Интерактивті тақта – барлық сыныпта оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.

Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесінді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр. 
Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады.Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне тікелей байланысты. Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір пәннің орны ерекше. Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті болу керек.

Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады. 

            Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
  • Алған білімді жүйелеу;
  • Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдесін ұйымдастыруға толық қатынасын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі.

Интерактивтік тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушаларға естіртуге болады мысалы: құстардың үнін, судың дыбысын т.б. Сонымен қатар айта кетерлік мұғалім ғана емес оқушыда тақтаны қолдана алады, мысалы айтқанда заттарды үлкейту немесе керісінше кішірейту, бір затты биік немесе аласа түрін көрсету, тақтада мұғалім арқылы дайындалған тапсырмаларды орындау.

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді. 
Өз тәжірибемде сабақты тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін интерактивті тақтаны пайдаланамын. Осы орайда интерактивті тақтамен өткізген қазақ әдебиет пәні бойынша  «Мақалды жалғастыр» ойынын сіздерге үлгі ретінде көрсетіп кетсем:

«Мақалды жалғастыр» ойынын интерактивті түрде өткізу оқушылардың мақалдарды есте сақтап қалу қабілетін күшейтеді. Мысал ретінде мына мақалдарды алуға болады.

Өнер алды- ................ 
Көп түкірсе .............. 
Елдің көзі ................. 
Ер қанаты ...............

Керекті сөздер: ақ тіл, қызыл тіл, өзен, көл, жүз елу, елу, ат, көлік. Осы мақалдарды ребус түрінде де беруге болады.

Қорыта келгенде:

Күнделікті сабақты таңқаларлықтай өткізу бұрын соңды болмаған ойын түрлерін қолдану, сөзжұмбақ, ребустар пайдалану, проблемалықпен оқыту, өмірмен ұштастыру, әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау болып табылады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары
«Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» коучинг сабағы жайында рефлексивті есебі.
Сабақ сапасы- ұстаз біліктілігінде
Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Сөйлем туралы берілген білімді тиянақтау.
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Жаңа технология түрін қолдану
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. «Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 3856 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз