Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бұйрық



Бұйрық

ТАҚЫРЫБЫ: «БҰЙРЫҚ»

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ»

ПӘНІ БОЙЫНША

Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.

Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату және т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық осы кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті.

 

Деректемелерi:

  1. Кәсiпорын атауы            Наименование предприятия
  2. Құжат түрiнiң атауы                 Наименование вида документа
  3. Мезгiлi                              Дата
  4. Мәтiн тақырыбы              Заголовок к тексту
  5. Мәтiн                                 Текст
  6. Қолы                                 Подпись
  7. Мөр                                   Печат

Бұйрық мәтiнiн басқа мәтiндерден айыра алу үшiн салыстыру мақсатында келесi етiстiктерді қарастырған жөн:

1. Қабылданды            -қабылдансын

2. Ауыстырылды         -        -ауыстырылсын

3. Берiлдi                      -берiлсiн

4. Жолданды                -жолдансын

5. Көрсетiлдi                -көрсетiлсiн

         Осыдан ашық рай -     изъявительное наклонение және бұйрық рай-повелительное наклонение ұғымдары еске түсiрілiп, бұйрықтың етiстiктерi –сын, -сiн жұрнақтарын қабылдайтындығы анықталады.

Мәтiн тақырыптарына бiрнеше мысалдар келтiрейік. Мысал:

  1. “Жұмысқа қабылдау туралы”       -        “О приеме на работу”
  2. “Еңбек шартын бұзу туралы”       -        “О расторжении трудового договора”
  3. “Сыйлықақы тағайындау туралы”         -“О назначении премии”
  4. “Iссапар туралы”                            -        “О командировке”
  5. “Демалыс туралы”                -        “Об отпуске”
  6. “Материалдық көмек көрсету туралы” -        

“Об оказании материальной помощи”

  1. “Қосымша ақы туралы”                -        “О доплате”
  2. “Басқа жұмысқа ауыстыру туралы”       -  “О переводе на другую работу”

Бұйрық үлгілері

“Вега” ЖШС

Бұйрық

00.00.00 ж.

“Сенбiлiк өткiзу туралы”

         Қалалық сенбiлiктi өткiзуге байланысты

бұйырамын:

  1. “Вега” ЖШС ұжымы 00.00.00 ж. сенбiлiкке шықсын. .
  2. Шаруашылық бөлiмi қызметкерлердi қажеттi еңбек жабдығымен қамтамасыз етсiн.
  3. Көлiк бөлiмi қоқысты шығаратын машина дайындасын. 

“Вега” ЖШС                                   қолы                             аты-жөнi

директоры

 

(Министрлiктiң, ведомствоның атауы)

(Мекеменiң, ұйымның немесе кәсiпорынның атауы)

 

БҰЙРЫҚ

 

________________№______________

Алматы

Жұмысқа қабылдау туралы

 

010 Есеп нөмiрi___________________________________

020 Табельдiк нөмiрi______________________________________________

030  Тегi________________________________________________________

031 Аты________________________________________________________

032 Әкесiнiң аты_________________________________________________

040 Қабылдау түрi _______________________________________________

050 Қызметi ____________________________________________________

060 Құрылымдық бөлiмше_________________________________________                                                                  (басқарма)

__________________________________________________________________________

(бөлiм)

070 Жалақысы____________________________________________________

080 Қабылданған күнi_____________________________________________

(күнi, айы, жылы)

090 Негiздеме____________________________________________________   

Бiрлестiктiң бас директоры____________________________________

                          қолы (аты-жөнi)

Қол қоятындар

    Кадр бөлiмiнiң бастығы

   Бас механик

Бұйрықпен таныстым______________________________________________                                                            (қызметкердiң қолы)   

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Салагаев В., Шалабай Б. Iс қағаздарын жүргiзу Алматы, 2002

2.   Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э., Қазақ тiлi Ресми қарым-қатынас, iс қағаздар тiлi  Қазақ тiлi. Алматы, 2001

3.   Скала В.И., Скала Б,В,, Скала Н.В., Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізу үлгілері). Алматы: «LEM баспасы» ЖШС, 2005

4.   Хазимова Ә., Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы, 2004

5.   Мухамадиева Н.Қ., Іскерлік қазақ тілі. Астана: Фолиант, 2007

6.   Замыцкова О.И. Делопроизводство для колледжей. Ростов на Дону, 2001

7.   Iс жүргiзу және мұрағат iсi сөздiгi Алматы, 2000


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тілдің мәні мен қызметі
Алтынсарин әңгімелері
Тіл- тарихи құбылыс
Физика және Қазақстан энергетикасы
Now I know the ABC
Алгоритм түрлері. Сызықтық және тармақталған алгоритмдер.
“Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу” пәні
Ол кім?Бұл не?
Арал қалалық №13 орта мектебіндегі психологиялық қызмет жайлы
“Қызықты математика” әлемінде
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 6963 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз