Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz


Қарағанды облысы, Шет ауданы,
Ақадыр кентіндегі А.Ермеков атындағы
№25 орта мектептін математика және
информатика пәнінің мұғалімі
Айдарбекова Нұрсұлу Сейсенхановна

Электондық пошта nursulu130569@mail.ru



Ұлы бабамыз Абай Құнанбаев «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға » - деген өлең жолдарын білмейтін ұстаз кемде кем. Бала тәрбиесінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін жалғастырып, оқытып, үйретіп, өнеге беріп, өнерге баулып, жас ұрпаққа білім беру мен ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу – бар ұстаздың алдында тұрған ең басты міндетіміз. Осы тұста білім мен тәрбие – егіз екенін де естен шығармағанымыз абзал. Себебі, болашағымыздың тірегі жас ұрпаққа тәрбие беріп қана қоймай, оларды оқытып, оқыту барысында Отан үшін жауап беретін жас ұрпақтың заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, патриоттық сезімдері берік қалыптастқан азамат болып шығуы үшін ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілік тұр. Әрине бұл орынды да, себебі әрбір ұстаз-болашақты тәрбиелеушілер.
« Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады »-деген болатын К.Д.Ушинский. Олай болса, Отан алдында жас ұрпақтың тәрбиесі үшін жауап беретін педагогтер заман ағысынан қалып қоймаулары үшін әрбір күні, әрбір сағаты, әрбір минуты, әрбір сәті ізденіске толы болып, білімдерін үнемі толықтырып, жетілдіріп отыруы керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: « Болашақта өркениет дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім. » Яғни, бұл жерден ұғынатын нәрсе қазіргі білім беру жүйесінің ең негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ал оны іске асыру – тағы да мұғалімдердің зор үлесінде. Ендеше, нарық заманында заман талабына сай мұғалімге қойылатын талаптар да өзгеше. Сондықтан да, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісінің технологияландыру, оған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау мәселесі тұр. Оқытудың әртүрлі әдістері, технологиялары сонымен бірге жаңашыл педагогтердің іс - тәжірбиелері зерттеліп, сарапталып мектептерге енгізілуде. Жаңашыл педагогтертедің, ғылымдардың еңбектерімен танысу, оны өз тәжірбиесінде қолдана білу де мұғалімдерді көп еңбектеніп, үздіксіз ізденуін қажет етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Білім және Ғылым қызметкерлеріне: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі керек» - деп атап өткен. Ал бұның өзі қазіргі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі-педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген, үнемі, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, ізденіске толы, кәсіби шеберлігі жоғары, толысқан шығармашыл тұлға болу керек. Уақыт талабына сай білім беру ісінде жыл сайын өзгерістер енгізілуде.
Осы орайда үкіметіміздің қолдауымен ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының үшінші деңгей бойынша үш айлық курсын тәмәмдәп, бірінші « бетпе–бет» кезінде білімімізді жетілдіріп, қашықтықтан оқыту кезіндегі тәжірибемізде қолданып, екінші «бетпе–бет» кезінде білімімізді шыңдап ары қарай дамытуға бел будым.
Аталған курстың мақсаты да жаңа технологияны меңгере отырып, қазіргі мұғалім : жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; педагогикалық өзгерістерге тез төселе алатын; педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; оқушылармен тез тіл табыса алатын; білімді; шебер; іскер болу керектігін айқындап отыр. Яғни, оқыту үдерістеріндегі өзгерістермен бірге өзіміз де өзгере отырып, білім алушы жас ұрпақты да, оқушыларды да өзгерістерге төселтіп, оқушы тек «оқушы – тыңдаушы – орындаушы» ғана емес, өздігінен білім іздейтін, алған білімін кез келген жерде пайдалана алатын, сыни тұрғыда ойлана алатын, ғылымды әр қырынан меңгере алатын, бәсекеге қабілетті, жан – жақты етіп тәрбиелеуіміз керек.
Әрине, бұл – қажырлы еңбекті, талмас қайраттылықты қажет ететін жұмыс.
Олай болса жаңа технологияны енгізу барысында қиыны мен қызығы мол еңбектерінізде тек қана сәттілік тілеймін, құрметті әріптестер! Тек қана алға!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
Физика сабағында жаңа технологияларды қолдану-білім құзіреттілігіне жету.
Сапалы білім-Көшбасшылықта
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Колледж әдіскері Ш.Танатаркызы
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Абай
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 3589 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз