Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сапалы білім-Көшбасшылықта


Сапалы білім-Көшбасшылықта

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай аулындағы Ломоносов атындағы №2 орта мектебінің жағары біліктілік санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Наметова Эльмира Мұратбекқызы

Сапалы білім-Көшбасшылықта


Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін
заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды дамыған 50 елдің
қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін-білім.

Н.Назарбаев

Білім саласы әр уақытта өзіне айрықша мән беруді талап етеді.Қазіргі таңда әлем өзгерістің жаңа кезеңі, білім сапасын арттыру кезеңіне белсенді түрде өтуді өзекті мәселе ретінде алға қойып отыр.Жаңа ғасырға сай білімді де қабілетті, креативті тұлға тәрбиелеу басты назарға алынуда. Қай қоғамда болмасын өзгеріске тікелей атсалысатын басты тұлға ол-мұғалімдер қауымы. Елбасы Н.Назарбаев біз, мұғалімдер қоғамымыздың интеллектуалдық, адамгершіліктік негізін қалыптастырушылар, ал ел болашағы соған байланысты болатынын орынды атап кеткен.Сондықтан да өзгерістің бізден бастау алуы дұрыс. Өйткені мұғалім ғана үздіксіз оқи алады, болашақтың тұтқасы қолында екенін түсінеді, өзгерістің болмауы өмірдің тоқтауы деген тұжырыммен толығымен келіседі.
Ежелгі Грецияда: « Оқушы су толтыра салатын ыдыс емес, оқушы- алау, оны жаға білу керек.Ал оны жағатын адам өзі лаулап жану керек» деген ұлағатты сөз бар.Демек, оқушының алау болып жанып, жарық сәуле шашуы бізге байланысты.Ол үшін біз не істеуіміз керек?
Алдымен, мұғалімдерге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сапалы да қызықты сабақ өткізу жолдарын үйрету үшін әдістемелік көмек қажет. Осы мақсатта Кембридж университетінің сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша мұғалімдерді деңгейлеп оқыту курстары жұмыс істеуде.Аталған курста кәсіби біліктіліктерін арттырған 1-деңгей мұғалімдері өз мектептерінде өзгеріс ендірудің алғашқы баспалдақтарын қалауда. 1- деңгей бағдарламасы бойынша олар мектепте Көшбасшылықты дамыта отырып , әріптестеріне тәлімгерлік етеді, мектепті дамыту жоспарына өзгерістер енгізуге , білім сапасын арттыруға өз үлестерін қосады.Табыс пен көшбасшылық ұғымы бір-бірінің ажырамас бөлігі.Көшбасшылық қабілеті дамымаған адамның табысқа жетуі де қиын, бірақ нағыз көшбасшы әрқашан алға ұмтылуы тиіс, артынан ілескен әріптестеріне бағыт-бағдар бере отырып, сенімді серік бола білуі керек.Тек өзі көшбасшы болу ғана емес, өзгелерді үйрете отырып, нәтижеге жетуді көздеуі қажет.Осы негіздерге сүйене отырып, біз көшбасшы ретінде әріптестерімізбен бірлесе келе, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу мақсатында тек мектебімізде ғана емес, ресурстық орталық ретінде бекітілген аудандық 12 мектеп мұғалімдерімен де алғашқы тәжірибе алмасу жұмысын жүргізудеміз. Мұндағы жұмыстың негізгі мазмұны мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету, барлық мұғалімдер үшін тәлімгерлік пен коучинг өткізу және ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау, командалық жұмыс пен бірлескен оқуды ұйымдастыру болды.
Елбасы айтқандай, біз әлемдік стандартқа сай сапалы білім беру жүйесін құруымыз керек.Осы мақсатта елімізде біршама өзгерістер болып жатыр: заман талабына сай замануи мектептер ашылуда, біз үшін арман болған шетелдерде білім алу қабілетті оқушыға қолжетімді дүниеге айналды, мемлекет ел болашағы, жастар үшін барлық жағдай жасауда.Мұғалімдердің де материалдық және әлеуметтік деңгейі жақсаруда. Мектептердің материалдық-техникалық базасы дамуда, жоғары білім сапасы көрсеткішіне қол жеткізген, әр сабағында оқушылар қызығушылығын туғыза отырып, озық сабақ үлгілерін көрсете білетін тәжірибелі ұстаздар қатары да күннен күнге артып келеді. Ауданымызда Кембридж университетінің сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша курстан өтіп келген, оқып жатқан мұғалімдер саны да аз емес.Мектепке біз әкелген жаңашылдықты құптайтын әріптестерімнің барлығы мен үшін қуанышты жай болғанын жасырмаймын.Мен ел болашағы біздің қолымызда екенін мақтанышпен айта аламын.Қазақстанның білім беру жүйесіне реформа жүргізетін де, жаңашылдықты қолдайтын да мұғалімдер қауымы екенін еш естен шығармауымыз керек.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
Эссе
КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.
«Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» коучинг сабағы жайында рефлексивті есебі.
"Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды"
Екінші деңгей бағдарламасының басым бағыттары туралы пікірім.
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы – оқыту үдерісін жаңартуды
Бөлім: Статьи / Конкурс ең үздік шығарма | Көрсетілім: 2957 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз