Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Тарбақов Бауыржан Айдарұлы

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектебі

 

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш -  білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты  жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі -  әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау  жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

            Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН,  70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.

            Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

            Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

            Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН,  107 бет]

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
  • Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
  • Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;
  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

  • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;
  • Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: 

  •  Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
  •  Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
  • Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
     

            Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары. 


Критерийдің мазмұны:

Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы. 

 

Критерийлер

 

Дескрипторлар

 

А

Білу және түсіну

 

Жекелеген  сыныптар  мен пәндер  көлемінде  оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және  сипаттамаларды  білу және  жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В

Қолдану

 

Бұрын алған ақпараттар  мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалануБілгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару,  жобалар, мәселені шешу  және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

С

Сыни ойлау және зерттеу

 

Білім  көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау  арқылы  пікірлер  қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар  мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы  зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.

D

 

Коммуникация және рефлексия

 

 

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер  мен     ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын  қабылдай отырып, өз көзқарасын   түсіндіру арқылы ортақ ойға  келу. Айтылған  ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

 

            Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. [МАН,  55 бет]

            Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау)  маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін. Сабақ барысында  қалыптастырушы бағалаудың  формальді, формальді емес  әдістерін тиімді әрі жүйелі  қолдану қажет. Мәселен,10-сынып бойынша қазақ тілі сабағында «Қазақстан облыстары: құрылу тарихы» тақырыбын өту кезеңінде оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийін қолдандым:

  Тапсырма: Мәтін бойынша өз көзқарастарын тұжырымдау

Оқу мақсаты

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

 

 

ОМ1

 

 

В

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау

 

 

 

 

Мәтіннің стилін анықтау

 

 

 

 

 

ОМ2

 

 

 

С

Мәтіннен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасай алу

 

 

 

Жасырын, ашық тест орындау

 

 

 

 

ОМ3

 

 

D

Қазақстан облыстарының құрылуы жайлы тың ақпарат бере білу

 

 

 

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу -  жиынтық бағалаудың  нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың  бастауы негізі  қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

            Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Олай болса, білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.

2.Красноборова А.А.  Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет, 107-бет


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.
ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі
ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУ
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Критералды бағалау
Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану
Жаңаша бағалау білім сапасын көтеру кепілі
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 17381 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз