Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

Аннотация

    Білім беру үрдісі уақыт өткен сайын жаңаруда. Оқушы мүмкіндіктерін арттыруда жаңа технологиялардың маңызы зор. Сондықтан деңгейлік бағдарлама аясында оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуді жөн санадым. Сонымен қатар оқушылардың оқуға мүмкіндіктерін арттыруда критериалды бағалау да тиімді.

 

Аннотация

Методы обучения совершенствуются постоянно. В развитии интеллектуальных возможностей ученика значение новых технологии очень важны. В уровневом программе обучения я выбрала пути усвоения учебного материала учеником. Критериальное оценивание полезно для активизации ученических возможностей.

 

Anatation

The trend of education, is updated every year. In development student play a central role in new technologies. Need to introduce new technologies. The most favorable is the evaluation of students according to the criteria. Thus, based on the level of training, I decided to assess students on the criteria.

 

      Әлемдік білім беру жүйесі уақыт өткен сайын жылдам дамуда. Білім беруде мұғалімдердің басты нысаны-оқушы. Ендеше алдымыздан білім нәрімен сусындаған оқушыларымыз қандай болу керек..? Менің ойымша өзінің және қоғамның көзқарасын барша жұртқа білдіре алатын, білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, құзырлы жеке тұлға болу шарт. Ал оқушыларымызды осы деңгейге жеткізу үшін біз сабақтарымызды қалай түрлендірер едік? Оқушының оқуға қызығушылығын, мүмкіндігін  қалай арттыра аламыз?

     Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011) [2, 15-бет]. Стронгтің бұл тұжырымымен мен келісемін, себебі мұғалім оқу үрдісін ұйымдастырушы, оқушының дамуына өз септігін тигізіп, бағыттаушы. Деңгейлік бағдарламаны игеру барысында «Қалай оқу керектігіне үйрену» арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды көздедім. Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді [2, 25-бет]. Сондықтан да өз тәжірбиемде негізінен деңгейлік бағдарламалардан алған теорияма сүйенемін. Оқытудың әлеуметтік-мәдени теориясын дамыту барысында Выготский оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның көмегімен қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады [2, 24-бет]. Яғни оқушы көп білетін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Бұл арада курс кезінде алған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бір-бірін үйретіп, «бағдаршам», «автор орындығы»,т.б. тәсілдермен оқыту қажет деп білемін. Мұғалімге жеткізе алмаған ойын оқушы өз сыныптасына айта алады. Сол себепті топпен, жұппен қарым-қатынас жасау арқылы сол ортаға бейімделе бастайды. Оқушылар толығымен жаңа мәліметтерді бірін-бірі оқыту, толықтыру арқылы игереді. Деңгейлік бағдарлама аясында оқушыларға қалай оқу керектігін оқыту мен оқуда қолдану  қажеттігін түсініп, жан-жақты игеріп, өзімнің іс-тәжірбиеме енгізудемін. Осыған дейін барлық ақпаратты мұғалім өзі оқушы санасына жеткізгісі келсе, баланың пікірін ескермей, уақыттың жетегіне кетіп, «мен» деген сөздің аясында жұмыс істесе, ал қазір қарым-қатынасты нығайту арқылы жаңа өмірге деген көзқарасы күрт өзгереді. Мұғалім аз сөйлеп, қажетті ақпарларды оқушының өз бетімен қабылдауына жол ашылды. Мұғалім – бақылаушы, оқушының қандай бағытта жұмыс жасап жатқанын қадағалап, кей жағдайда ғана өз ықпалын жасайды.Выготский танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды. Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс- шаралар ақыл-ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын көрсетті. Пиаженің танымдық өзгерістер балалар ересектердің емес, өздерінің құрбы-құдастарының идеяларымен және көзқарастарымен қарсы келіп қалған жағдайда орын алады деген болжамы бұл құбылыстың бірнеше түсініктемесін ұсынады [2, 24-бет]. Жоғарыдағы аталған ғалымдардың ой-пікірлері менің өткізген сабақтарымда қолданыс тапты және басшылыққа ала отырып, көптеген жетістіктерге қолым жетті. Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Мысалы, 8 сыныпта биологиядан «Ұлпалар» деген тақырыпты өткен кезде, ұлпаның төрт түрі бойынша топтарда талқылады. Ең алдымен жұптық жұмыс жасауды ұсындым. Кейін жұппен талқылап болғаннан кейін топтың ішінде өзара пікірталас жүреді. Себебі бірінің ойын бірі жалғастыруда немесе түсінбей қалған жайттарды толықтыруда оқытудың осындай әдісі маңызды. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі. «Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т.б. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.Сонымен қатар бағалау модулі мені қызықтырды. Сондықтан да өзімнің іс-тәжірибеме оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарымда критериалды бағалауды енгіздім. Себебі критериалды бағалау жүйесі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнатып, оқу үдерісі барысында қателіктерді дұрыстауға мүмкіндік береді, оқушының оқуға деген ішкі уәжін оятып, дамытатын құрал болып табылады. Критериалды бағалау / Оценивание критериальное / Criteria assessment - оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мек- теп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс[1, 9-бет].

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату;
  • Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі мынада: 
- Мұғалімге оқушының оқу үрдісіндегі іс-әрекетін объективті түрде бағалауына мүмкіндік береді;
- Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, шынайы бағаланғандығына көзі жетеді;
- Ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктер орын алмайды. Себебі өз баласының объективті бағаланғандығы туралы дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынас орнатылады. Оқушылардың өздеріне сенімсіздігі жойылады. Критериалды бағалаудың арқасында оқуға деген мүмкіндіктерінің арттады. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, анализ, синтез, бағалау. Мысалы, мен химия сабақтарында былайша қолданамын: 

Кесте 1. Химия сабағында бағалау критерилері

 

компоненттер

критерилер

білу

-     Заттардың атын біледі;

-          есеп шығаруда формулаларды жазу біледі

түсіну

-          Оқушы материалды түсінеді;

-          Формуласына қарай заттарды түсініп ажыратады;

-          Қажетті формулаларды түсінеді;

-          Есепті бастай алады.

қолдану

-          Формулаларды орнымен қолдана алады;

-          Есептің шарты бойынша алгоритм құра алады.

анализ

-          Есептің шартын талдай алады;

-          Келесі қадамды болжай алады.

-          Заттардың маңыздылығын айқындайды

синтез

-          Әр есепке қажетті алгоритмнің ең қысқа жолын таңдай алады.

-          Өз бетімен есептер құрастыра алады

Бағалау

-          Материалдың мәнін бағалай біледі;

-          Тақырып бойынша зерттеу жүргізе алады.

 

Сабақта блум бойынша оқушыларға бағалау шкаласы беріледі, оқушылар топта өздерін-өздері бағалайды . Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [3,107- бет] Сабақ барысында мен нені өзгерттім? Оқушылардың өздігінен білім алу дағдысын, әр сабақта өз түйгендерін жазуды қалыптастырдым. Бұл жақсы жұмыс түрі, жақсы бағалау әдісі.Өз тәжірибемде оқушылардың еркін сөйлеуі, ойын ашық айтуы, бір-бірінің пікірін құрметтеуі үшін әрекет жасай отырып, сөз байлығын және ой өрісін кеңейту үшін, шығармашылық қабілетін арттыру және пәнге қызығушылығын арттыру үшін жұмыстар ұйымдастырдым, әрі қарай алдағы уақытта да жалғастыруды басты міндеттерімнің бірі деп ойлаймын. Барлық сабақ барысында оқушылар дәл осылай жұмыс жасағанын, пәнге деген қызығушылықтарын әлі де арттыру, сабақ барысында жұмыс түрлерін өзгертіп отыруды мақсат етемін, осы курста алған бар білімімді, күш жігерімді салуға тырысамын.Өз тәжірибемде нені дамыттым? Оқушылардың сабақта еркін отырып, өздігінен білім алуларын, сыныптың ұйымшылдығын,  мәтінмен мозайкалық әдіс арқылы  жұмыс жасауды дамыттым. Видеоға, фотоларға түсірген кезде оқушылар бас кезінде қобалжығанмен, артынан өздерін еркін ұстады. Жұппен, топпен жұмыс жасаған кезде  сабақта жіберген қателіктерін өз араларында түзеп отырды,  жақсы түсініп, талдап, бағалай білді. Әсіресе бір-біріне қолдау жасап, ойларын ашық айтқаны, кері байланыс жасағаны ұнады. Олар топқа бөлініп, жаттығуларды орындау барысында, жетістіктеріне жеткендеріне және сол топтағы нашар оқитын баланың өзі белсенділік танытып, жақсы көрінгеніне, ортаға шығып дұрыс жауап айтқанына өте қуанды. Өздерінің жетістіктерін өздері көріп, бағалады.Дәл осындай қарқынмен өткен сабақтарымда үндемей отырған оқушылар болған жоқ.Менің алдағы уақытқа қойған жоспарым: мектепішінде, мектепаралық, желелік қоғамдастықта  ұстаздармен тәжірибе алмасу. Сонымен қатар болашақта барлық сабақтарымда оқушылардың мүмкіндігін арттыру мақсатында критериалды бағалауды енгізу.   Сонымен қатар тәлімгермен/мұғалімнен кеңес/ өздігімен талдау/жоғарыдан көмек және өзімнің қасымдағы әріптестерімнің, сынып жетекшілерінің,  ата - аналардың көмегін күтемін. Себебі мектеп-мұғалім- оқушы-ата-ана бірлескенде ғана жұмыс сапалы болады, әрі нәтижеге жету байқалады.Блум таксономиясымен сабақ жоспарлауды әлі де жалғастырып, курста алған білімімді әр сабағымда қолданып, балалардың білімін тереңдетіп, жақсы жетістіктерге жетуді мақсат етемін. Білім саласындағы қазіргі проблемалардың бірі өскелең ұрпақта, өзіндік даму, нәтижеге бағытталған білім беру. Оқушылардың өзін-өзі тануға, дамытылуына жағдай жасау кез келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тәжірибе көрсеткендей көптеген ұстаздардың санасы бүгінгі күн талабына қарай ояна қоймаған. Оқу процесінде әлі күнге дейін оқушыларға Вербальді монологикалы әсер ету сақталған. Жас ұрпақтың бойында дамуға деген танымдық мақсатын қызметі тек оқушының өзіндік ойлау белсенділігі негізінде ғана іске асады. Ол процесс сабақты инноватикалық тәсілдермен түрлендіргенде ғана   жүзеге асады. Алайда, кез келген білім мекемелеріндегі инноватикалық процестер түрлі объективті себептерге байланысты бірден пайда болып, іске асып, дамып және өзінің нәтижесін бермейді. Ол үшін оқу процесінің басқару құрылымын модернизациялау қажет. Озық тәжірибені ендіру және қарқындату түрлі инновациялық  инициациялауға байланысты. Мектеп үшін білім мазмұнының жаңартудағы инновациялық және педагогикалық технологияларды ендіру, мониторинг бағдарламалары мен оқулықтардағы әдістемелік аппаратты эксперттеу күнделікті жағдайға айналды. Қорыта айтқандазаман талабына сай оқушыларымызды білім нәрімен сусындату. Озық елдегі білім беру жүйесінің қаймағын өзіміздің білім беру реформасына енгізу. Деңгейлік бағдарламалар бойынша алған білімізді орынды қолдану. Сөзімнің соңында егер мектеп алдында әр баланың қабілетін дамыту сияқты әлеуметтік міндет тұрса, барлық пәндерде жаңа технологияны тиімді пайдалану арқылы білім алушының өз белсенділігін ояту, біліктілікті арттыру жағдайында рефлексивті кері байланыс орнату сияқты мәселелердің орындалуы тиіс дегім келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж Университетінің білім беру Факультетімен бірселіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлірінің біліктілігін арттыоу курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий. Оқу-әдістемелік құрал – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектетері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. – 2012 ж
  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері деңгей). Екінші басылым. 2014ж
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Екінші басылым. 2014 ж

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР – БІЛІМ БЕРУДІҢ КІЛТІ
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Диалогтік оқу– оқу сапасын арттыратын әдіс
Заманауи мектептің әдістемелік қызметіндегі инновациялық модель
Оқытудағы жаңа тәсілдер
Қазақ тілі пәнін оқытуда модульдердің кіріктірілуі
Қазақ тілі пәнін оқытуда модульдердің кіріктірілуі
Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 4877 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз