Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің іс-тәжірибем


Менің іс-тәжірибем
«Ыстық орындық» тәсілі менің өзгеруіме себепші. Ой толғау.

Мен шындығында өзгердім. Бұрын мен оқушымен еш санаспайтынмын. Берген тапсырмамды қалай болғанда да орындап келуге міндетті деп есептейтінмін .Олардың айтқан уәж-сылтауларына мұлде құлақ аспайтын едім. Шынын айтсам, физика болмайды десе барлығы уралап қуанатын. Бірақ ол маған еш әсер етпейтін.
Курстан кейінгі сабақтардағы «ыстық орындық» тәсілі мені ойлануға мәжбүрледі, мен оқушыларды тыңдайтын болдым; сынып жетекшісі болмасам да, олардың проблемаларын шешуге тырысып бақтым. Оларға бағыт-бағдар беретін болдым. Олар өз ойларын, армандарын еркін айта бастады. Кейбір оқушылардың проблемалары маған қатты ой салды. Мысалы: 7г сынып оқушысы - Сейдулаев Арсеннің әкесі қайтыс болған. Мамасы үш баланы жалғыз өзі асырап-бағып жеткізуде.Таң атқаннан күн батқанға дейін жұмыста, ал Арсен үйінің үлкені.Оқуы нашар, ересектерге еліктегіш, өте активный ұрыншақ бала.
Бірде Арсен «ыстық орындыққа» отырып, өзінің тамақ дайындай алмайтындығын, тал түске дейін ұйықтайтындығын, үй жинау ер баланың тірлігі емес екендігін айтты.
Сыныптағы оқушылардың көпшілігі онымен келіспейтіндігін айтып, қарсылықтарын білдірді. Арсен болса, мен сондаймын, менікі дұрыс деп дауласа бастады. Мен шыдамай баяғы әуеніме басып Арсенге: «сенің шешеңе жаның ашымайды екен.Сен артыңнан ерген інің мен қарындасыңа қандай үлгі бересің? Сен үйдің үлкені, шешеңнің арқа сүйері емессің ба?»- деп дүрсе қоя бердім. Ол үндемей отырды. Мен қоймастан: «еш көмегі жоқ арамтамақты баққанша, өзін бағатын адамға күйеуге шығып алмай ма; сенен не рахат көреді?»-дедім. Мен қатты кетсем керек, бала жылап жіберді. Мен: «орныңа бар»-дедім.
Сыныптағы оқушылар жым-жырт отырды.
Біраз уақыт өткен соң (1ай) Арсен қайтадан «ыстық орындыққа» отырды. Мен оның көзін байлап: «мектеп бітіргеніңе 20 жыл болды, сен кабинетте жалғыз отырсың»-дедім. Сыныпта үнсіздік. Бір кезде Арсен екі аяғын көтеріп мұғалімнің үстеліне айқастыра қойды. Қалтасынан телефон алған сияқты болып сөйлесе кетті. Ол екінші әйелімен әуежайға баратындығы туралы сөйлесті. Сөйлесіп болған соң, хатшы қызды шақырып, үйіне мамасына көлік жіберуін сұрады. Мен сюжетті өрбіту мақсатында, қартайған Бота апай болып кабинетке кіріп келдім. Арсенмен амандасып амандық сұрасып болған соң, ол маған: «Бота апай, сізді оқу центрін ашты деп естідім. Құтты болсын. Қандай көмегім қажет?»-деп сұрады. Мен: «бір кабинетімді заманауи түрде жабдықтап беруін сұрандым.
Сіздің арманыңыз дөңгелейтін еден ба?»-дегені. Мен ішімнен бұл жәйттің есінде қалғанына қатты қуандым. (мен айтатынмын класс бөлмесі дөңгелек, еден айналмалы, ал қабырға жағалай тақта болса дейтінмін).
Осылай рольдік ойынды тиімді аяқтадық. Сынып оқушылары Арсенге қошемет көрсетіп шапалақ ұрды. Осыдан кейін Арсен «ыстық орындыққа» өте жиі отыратын болды.
Бірде ол: «мен жұмыртқа қуыруды үйрендім және мамам ашытып кеткен қамырды қайтаруды білемін; қарындасымның шашын өре аламын, бірақ менің өргенім оған ұнамайды»-деді.
Мен физика формулаларының Арсенге қажет емес екендігін білем, бірақ Арсеннің өз үйіне қажет екендігіне қатты қуанамын.
Мен осы балаға кішкене болса да себебімді тигізе алғаныма ризамын.

Фотосуреттерді пайдалану.
Жақсы суреттер сыныпта пайдалануда мүмкіндігі мол ашық ресурс болып табылады. Адамдар және әлемдегі түрлі жерлер бейнеленген фотосуреттер-
мен жұмыс балаларға оқу жолында ынталандырушы, күрделі және шығарма-
шылық мүмкіндіктер береді, сонымен қатар оларға білім алып, әлемді сын тұрғысынан түсінуге көмегін тигізеді.Оқушы өмір туралы кеңейтілген көз-қарас дамытуға мүмкіндік алады және сыйластық пен алуан түрлілікті бағалау маңызды болып табылатын өзара байланысты әлемнің азаматы ретінде өзінің орнын сезінуін дамытуға көмектесетіндігі сөзсіз.
«Мен көрген сурет» атты сынып сағатында 11в сынып оқушыларына бір жағымды әсер ететін сурет көрсеттім де, осы суретке қатысты эссе жазуды тапсырдым.Сынып оқушыларының тең жартысы 45 минут уақытты тиімді пайдалана алмай, өз жұмыстарын өткізбей қойды.Олардың ішінде қазақ тілі мен әдебиетінен жақсы үлгеретін, өлең жазатын, өз ойларын еркін айта білетін небір сөзшең оқушылар да бар еді.Олардан: «тапсырма қиын болды ма?Неліктен жазбадыңдар?»-деп сұрағанымда, олардың көпшілігі: «апай, мұндай тапсырманы орындау үшін уақыт және шабыт қажет»-деді.
Қалғандары тапсырманы орындап шықты.
Енді суретке қатысты үш эссені ұсынамын.
Ақбота- түрлі конкурстарға қатысып жүрген, ойы жүйрік, тілі жатық оқушы.Ол суретке «Жан шуағы» деп ат қойған және былай суреттеген: «Көктем мезгілі.Аспан алқасы алтын күнде бүкіл әлемді шуағымен жылытып тұр.Адамдар дәл осы күні тіршілігінде бүкіл істерін шегеріп тастағандай.
Бәрі бақытты, бәрінің іс-қимылынан әлдебір шаттық, қуаныш сезіледі.
Дегенмен, әрбір адамның басында түрлі қиындықтар бар.Табиғат суреттері адам жанын нәзік сезімге бөлеп,барлық мұң-шерін бір сәтке ұмыттырады.
Күндер жылжып өтебереді, ал қызықты демалыс адамның есінде қалатыны хақ.Сәтті демалыста түскен суреттер нағыз естелік емес пе?!
Осындай табиғаттың тамаша күнінде қуанышты болмау мүмкін емес, сірә».
Ұлжан-үлгерімі орта, ашылып сөйлемейтін, дүңк етіп қойып қалатын мінезі бар оқушы. «Менің ойымша бұл сурет «жұмақ» сияқты, себебі бұл жерде тек адал күнәсі жоқ адамдар жүрген сияқты.Өмірде бақытты, сүйген жандарына адал, достарын, басқа адамдарды құрметтейтін, сыйлай алатын адамдар. Бұл- «Бақыт шеңбері»».
Арай-сөзге шорқақ, көп сөйлемейтін оқушы. «Мен бұл суретте дөңгелен-
ген жер шарын көріп тұрмын. Диірменнің шүмегіндей дөңгеленген дүние деген алма кезек.Сондықтан ананы құрметтеп, күннің шуағына бөленіп
бақытты болып күліп-ойнап өмір сүру керек».
Мен бұл эсселерді оқи отырып, оқушының көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің алуан түрлі болатындығын байқадым.Үш түрлі мінез және өмірге үш түрлі көзқарас төңірегінде айтар болсам, жазда осы оқушылар ҰБТ тапсырды.Сонда Арайдың таңдау пәні «физика» болды.Ол физикадан 12 балл жинап «4» алды.Эсседе оның дөңгеленген жер шарын және айналу периодын «диірменнің шүмегіндей»
деген теңеуі, оқушының техникалық бағыттағы икемділігін айқындап отыр.
Ал Ақбота болса, дүние жүзі тарихын таңдап,19 балл жинады.Бағасы «4».
Ақботаның жазған эссесінде «қазіргі жасалған дүниенің ертеңгі тарих» екендігін көруге болады.
Ұлжан денсаулығына байланысты, ҰБТ-дан бас тартып, мектепте емтихан тапсырды.Психологтың жүргізген тестері бойынша, әлуметтік отбасы жағ-
дайына байланысты Ұлжанмен ешкім санаспайды және құрбы-құрдастары арасында беделінің жоқтығы байқалған.Ол өзін басқалардан кем санайды және күйзеледі.
Сонда оқушының ой толғанысын жазу барысында көңіл күйінің әсері бар ма?
Міне, сондықтан сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру қажеттігі пайда болды емес пе?
Бұрын бұған мән бермеген екенбіз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зерттеу сабағы
Дуэт сабағы
Анамдай болған асыл жан.
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі кіріктірілу негіздемесі методикасы көрсетілгені туралы рефлексивтік есеп.
Бозторғай - дала сәні
​Қоян мен бұғы.
Менің педагогикалық философиям
Менің педагогикалық философиям
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есебі.
Қуаныш-жан шуағы
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 2253 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз