Тақырып:Қуаныш жан шуағы
Қасиеттер: мейірімділік, сыйластық
Сынып: 4«а» Оқушылар саны:__12___
Өзін өзі тану мұғалімі: Сеилханова Самал Дюйсембаевна
Сабақтыңмақсаты:оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақбарысы:
1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет! Ресурстар:
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттау. Сабақ барысын талқылау:
3. Әңгiмелеу (сұхбат).
В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» әңгімесі.
• Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?
• Сенің ойынша қарт балаға не айтуы мүмкін?
• Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?
4. Дәйек сөз.
«Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес»
В.А.Сухомлинский
Жаңа ақпарат
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларға «Қуаныш» сөзінен бес жолды-өлең ұүрастыру тапсырылады.
Мысалы:
1.Қуаныш
2.шаттық, думан
3.күлдіртеді, қуантады, шаттандырады.
4.Қуаныш жүрекке нұр сыйлайды
5. Бақыт
(Өз ойларын әртүрлі қылып жазуы дамүмкін)
6. Сергіту сәті (Өлең жолдарында берілген сөздерге байланысты қимыл-қозғалыспен айтылады)
Шаршадым «Уһ!» дедім,
Ренжідім «Туһ!» дедім
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Аһ!» дедім,
Шарасыз «Еһ!» дедім,
Таңырқап «О!»дедім,
Кейідім «И!» дедім,
Біліп ап «Е!» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім
7. Жүректен-жүрекке
(Балалар жұптасып дөңгеленіп тұрады. Бәрі қол ұстасады, қолдарын жоғары көтеріп, күннің шуағын құрайды. Бәрі қосылып мына өлең жолдарын айтады)
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
8. Топпен ән айту.
«Көңілді күн!»
Сөзі: Ш.Смаханұлы
Әні: И.Нүсіпбаев
9. Топтастыру әдісі:
«Күннің шуағы» күн шапағына жақсы тілек жазып тақтадағы күннің айналасына орналастырайық.
10. Үй тапсырмасы.
А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін жаттау.
11. Сабақты қорытындылау:
Талап тобы:
Ақыл тобы:
Ой тобы:
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу өзіңнің де, өзгенің де өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, мүмкіндігінше айлаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.
12. Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды «2 тілек, 1 ұсыныс» формативті бағалау әдісімен мадақтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4330 |
|
|
|
Қуаныш-жан шуағы

Автор Сеилханова Самал Дюйсембаевна
Павлодар облысы Железин ауданы Железин №3 ЖОББ мектеп
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |