Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің педагогикалық философиям


Менің педагогикалық философиям

Менің педагогикалық философиям

(эссе)
        Менің педагогикалық философиям «қарапайымнан жоғарыға» яғни қарапайым тәрбиелей отырып жоғары бірім шыңына жетелеу, бағындыру. Әрине  қиялдағының бәрін жеткізу мүмкін болғанымен орындау уақытты қажет ететіні болмаса... 
         Мен өзім М.Тәжин атындағы орта мектепте тарих пәні мұғалімімін және класс жетекшімін. Мұғалім оқушы үшін өз ата-анасынан кейінгі екінші жақын адам. Сондықтан да болар мұғалім балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне жетелейтін тұлға. Сонымен қатар мұғалім ұрпақтың бойына біліммен тәрбиенің негізін қалыптастыра алатын адамгершілігі жоғары, мәдениетті, шыншыл да адал, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, спорттың, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын маман болуы керек. Қазіргі таңдағы ұстазға деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдымен өзі тәрбиелі, сауатты болу керек. Сонда ғана  бар баланың емес әр баланың жүрек төрінен орын алады деп білемін.
        Мемлекетіміздің жас мамандарға арналған «дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жолдамамен еңбек жолымды Шоқысу негізгі мектебінен бастадым. Ұстаздыққа жол тартқан жас маман мен үшін, өзім секілді жас мамандарға толы шалғайда жатқан шет мектептен еңбек жолымды бастау үлкен тәжірибе болды. Шыным айтсам кейде еріксіз есіме оралатыны балғын студент шақтан «жас маман» атанып, танымайтын шет ауылда мұғалімдікті тәлімгерсіз алып кету мен үшін биік тауға жалғыз өрмелеп шыққанымдай болды. Алғашқы ашық сабақ, сыныптан тыс шаралар.               
        Ия, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян. Бүгінгі сабақты өткізген соң, ертеңгі сабаққа тың ой, идея, өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек. Қазіргі ақпаратты технологияның, компьютердің үлкен орын алып тұрған заманында әсіресе тарих пәнін жалықтырмай қызғылықты етіп оқушыға жеткізу, меңгерту үлкен ізденісті қажет етеді. Сондықтан мұғалім ақпараттық коммуникативтік технологияларды ұтымды, тиімді пайдалануы қажет. 
     Бір айта кететін жайт-оқушы бойына білім, дағды, құндылықтарды қалыптастыруда тарих пәнінің алатын орны ерекше. Кешегісіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңіміз жоқ екенін шәкірттеріміз тарих пәні арқылы жақсы білуі керек. Әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойланып сөйлете білу-ұстаздың шеберлігінің жемісі деп білемін. Тарих пәнін беруде мақсатқа түпкілікті нәтижеге жету үшін мұрағат және мұражайларға бару, баспасөз деректері, ғаламтор желісіне шығу, жаңа ақпараттық технологиялар арқылы таным белсенділігін арттыру, дамыту десек, осы талаптарды іске асыруда аймақтық компанентті қолдану  оқыту сапасының артуына ықпал етеді. 
        Ұстаздықты жүрегімен сезінген адамға ұстаз-киелі мамандық. Мен педагог ретінде оқушыларды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт-санасын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Адам тәрбиелеу оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету- өте қиын екені белгілі. Мұғалім өз баласынан бұрын өзгенің баласы үшін жаратылған жан деп бекер айтылмаса керек.
        Менің мамандығыма деген қызығушылықтың, дұрыс көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Ұжымдағы тәжірибелі педагогтардан үлгі-өнеге аламын. Атап айтсам, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Адетова Бадиға апай, Насырова Пакия апай, Әміралин Тарғын ағай. Осы кісілерден алған ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, кешірімшіл болу, ата-анамен және сырт адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу. 
        Менің бір ұққаным әр таңда жұмысына, мектепке, оқушыға асыға жеткен ұстаз, ол –үлкен жүректі ұстаз.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Эссе
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Менің педагогикалық философиям
Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты.
Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдылықтары
Менің педагогикалық философиям
«Шығармашыл ұстаз-жаңашыл ұстаз».
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3445 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык