Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушының ойы Какимова Аружан 2 «ә» сынып оқушысы


Оқушының ойы Какимова Аружан 2 «ә» сынып оқушысы

Оқушының ойы Какимова Аружан 2 «ә» сынып оқушысы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Мен Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің 2 «ә» сыныбында оқимын. Сыныбымның оқушылары тату, ұйымшыл. Ұстазым –Тулпан Маратқызы сыныпта көптеген тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізіп тұрады. Қызықты тапсырмалар береді. Желтоқсан айында сыныптағы оқушылар ата-аналарымызбен бірігіп, «Тәуелсіздік –деп соғар жүрегіміз» атты сыныптан тыс үлкен мерекелік концерт дайындап өткіздік. Мен және сыныптасым Анес Мақсат екеуіміз осы концерттің жүргізушісі болдық. Анам М.Шахановтың «Желтоқсан» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Сыныптағы достарым Дильназ, Сабина, Мерует, Альбина аналарымен бірігіп, «Қазақ биін» биледі. Сыныптасым Батыр Санжар анасымен бірігіп, «Жаса, Қазақстан» әнін орындады. Меруеттің ағасы, әжесі, басқа да ата-аналар бізге «Желтоқсан оқиғасынан» көріністер көрсетті. Біз әлі де Желтоқсан оқиғасы туралы түсіне бермейміз. Дегенмен осы концерттен кейін Отанымызға, елімізге деген сүйіспеншілігіміз арта түсті. Отанымыздың гүлденуі үшін жақсы оқып, білім алып, ұстазымыз Тулпан Маратқызының, ата-аналарымыздың сенімінен шығамыз деп ойлаймын.
Какимова Аружан
2 «ә» сынып оқушысы
Подстепный қазақ ЖОББМ

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Менің анам
Ұстаз.
Ана
Оқушының ойы Альшаева Дильназ 2 «ә» сынып оқушысы
Қазақстан мәдениеті
Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат
«Жаз» композициясы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан жаңғырығы
Бөлім: Статьи / Оқушыларға | Көрсетілім: 2011 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 31 июля 2015 16:06
I secaehrd a bunch of sites and this was the best.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз