Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Жаз» композициясы


«Жаз» композициясы

«Жаз» композициясы

БҚО

Теректі ауданы

Подстепное ауылы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Э.А.Узбекова.

Пәні: Еңбекке баулу

Тақырыбы: «Жаз» композициясы

Мақсаты: Оқушыларға гүлдерді бейнелеп панно жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  аралас сабақ

Әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, композициялар

Қажетті құрал-жабдықтар: қатты қағаз, түрлі-түсті мата қиындылары, калька қағазы, ПВА  желімі, қайшы, қарындаш,өшіргіш.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Жазда

Жұпар атқан жазда

Ермек бізге аз ба?

Жасыл кілем ауламыз,

Өзенге де келеміз,

Жауқазынын тереміз

Өрлейміз тауға біз.

Тоғай толы шуға,

Шомыламыз суға.

Көл ауылдың көзіндей.

Күнде үш ай бойы

Қызық думан, ойын...

Жаз өтеді сезілмей.

Қабдікәрім Ыдырысов

II.Мақсат қою кезеңі.

-Жазғы демалысты қалай өткіздің?

- Жазғы демалысты қай жерде өткіздің?

-Жаз мезгілі саған несімен ұнайды?

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Жазда табиғат аясында демалу барлық балаларға ұнайды. Қызыл-жасыл гүлдер жайқалып өсіп, айнала ерекше бір әдемі көрініске айналады. Осы тамаша көрініс біздің бүгінгі композициямызға арқау болады.

Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,  тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Біреуі жасыл, екеуі ақ түсті қатырмақағаз дайында.

  1. Көгілдір қағаздан бұлттың бейнесін қиып ал. Көзін жапсыр.

3. Шатырлы кішкентай үйшікті дайында.

4.Алма ағашын, орындықты жапсыр.

5. Гүлдер  жаса.

6.Жасыл шөптің өсіп тұрған көрінісін көрсет.

7. Дайындап алынған үлгілерді қатты қағаз бетіне бөлшектерін ауыстырып алмай жапсырамыз.  Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Композиция жасау ұнады ма? Сен тұратын аймақта қандай гүлдер өседі?

VI. Бағалау.  Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Гүлдерден панно дайындау
Чайзада Ақтолқынның тырнақалды туындылары.
«Жайдары жаз»
Ғарыш туралы алғашқы түсінік Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер
Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру
Гүлденген Қазақстан композициясы
Жазғы еңбек
Жапырақтардан панно дайындау
Үлкен, кіші көлемдерді ажырату
Сәукеле тігу
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3786 | Қосты: Э.А.Узбекова. | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык