Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Толеранттық деген не?


Толеранттық деген не?

Толеранттық деген не?

    Мақсаты:

  • жасөспірімдерді «толеранттық» ұғымымен таныстыру;

Кіріспе.

Қажетті уақыт: 25 минут.

Барысы:

Топ мүшелері жұмыс ережесін қабылдайды. (1-қосымша)

Жаттығу: «Таныстық».

Уақыт: 15 минут.

    Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші өзін топқа өзіне ұнайтын атпен таныстырады. Сол жағындағы қатысушы жүргізушінің атын және өзінің атын айтады. Осылай топ мүшелері түгел айтып шығады.

Сергіту.

Мақсаты:

  • топта жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
  • Топ мүшелерінің ынтымақтастығын, өзара сенімін арттыру.
  • Қажетті уақыт: 10 минут.

Жаттығу: «Мен қандаймын?»

Мақсаты:

  • жасөспірімдерге өзін көруге және айналасындағылардың тануына, оны өз «Менімен» салыстыруға мүмкіндік беру.

Қажетті уақыт: 30 минут.

Жүріс барысы. Әр қатысушы қағаз алып оны төрт бөлікке бөледі. (5-қосымша)

Бірінші бөлігіне «Мен қандаймын?» деген сұраққа 5 жауап жазады. Екінші бөлігіне «Жақын адамдарымның ойынша мен қандаймын?» деген сұраққа 5 жауап жазады. Үшінші бөлікке «Менің көршімнің ойынша мен қандаймын?» деген сұраққа 5 жауап жазады. Жазу мүмкіндігінше тезірек орындалғаны жөн. Содан соң қатысушылар қағаздарын көршілеріне көрініп қалмауы үшін бүктеп,

оң жақтағы көршілеріне береді.

   Бұдан соң қағаздар жинап алынып, араластырылады. Соңғы бағанынан бастап оқылады. Топ кім туралы оқылып жатқанын табады. Топ мүшелері берілген мінездемемен қаншалықты  келісетіндігі талқыланады.

Ең соңында әр қатысушының қағаздары өздеріне қайтарылады, олар төрт баған бойынша жазылған мінездемелердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын өздері талдайды.

Рефлексия:

  •  
  • Өзіңіз туралы бұрын білмеген, өзіңіз туралы жаңа нәрселер білдіңіз бе?
  • Өзіңіз туралы қаншалықты жақсы білесіз?

 

Жаттығу: «Бес жақсы сөз».

Мақсаты:

  • топтан кері байланыс алу, өз-өзін тану, басқа адамдарға жағымды жағдай жасау мүмкіндіктерін арттыру.

Қажетті уақыт: 15 минут.

Қатысушылар 6 адамнан бірігеді. (ерікті түрде бірігеді)

Нұсқау. Әр қатысушы қағазға өз қолдарын бастырады, алақан тұсына есімдерін жазады. Содан соң сол жақтағы көршісіне береді, өздері оң жақтағы көршісінің қағаздарын алады. «Саусақтың» біреуіне өз ойыңызша бағалайтын жақсы қаситеттері мен қабілеттері туралы жазуыңыз керек. Мысалы: «Сен өте мейірімдісің», «Сенің әрдайым басқаларға көмектесетін қасиетің ұнайды» т.б. Болған соң оң жақтағы көршілеріне береді. Қағаз өзіне қайтып келгенше сағат тілі бағытымен жылжып отырады.

Жазу аяқталған соң жүргізуші қағаздарды жинап алып, «Жақсы сөздерді» оқиды, ал топ мүшелері оның кімге арналып жазылғанын табады.

Талдау:

- Сенің «қолыңдағы» жазуды оқығанда не сезіндің?

- Сен туралы жазылған пікірлер саған белгілі болды ма?

Жаттығу: «Менің затым мен туралы не біледі?»

Мақсаты:

- өзін-өзі тану, өзін-өзі ашу;

- топ мүшелерінің өзара сенімділігін арттыру.

Қажетті уақыт: 20 минут.

Жүріс барысы: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Қатысушылардың біреуі нәрселерінің біреуін алып, өзі туралы нәрсе атынан баяндайды. Мысалы: «Мен Қарлығаштың бантигімін. Мен оны көптен білмесем де, ол туралы айта аламын... ». Осы  бағыт бойынша топ мүшелерінің барлығ да айтып шығады.

 

Жаттығу: «Сиқырлы дүкен».

Мақсаты: оқушылар өздерін толерантты адаммын деп есептеу үшін қай қасиет жетпей тұрғандығын түсінуге мүмкіндік беру.

Жүріс барысы: Бізде «Сиқырлы дүкеннің» бар және оның кәдімгі дүкендерден ерекше. Бұл дүкенде «ерекше»: шыдамдылық, кішіпейілділік, басқаның ыңғайына көне білу, әзіл оспақты түсіну,  сезімталдық, өз-өзін игере білу, айырмашылықтарға төзімділік, қайырымдылық, өзгелерді кінәлай алмау, адамгершілік, тыңдай білу, білуге құмарлық, уайым-қайғыны бөлісе білу сияқты нәрселер сатылады. Мен -  сатушымын, бір қасиетті басқасына ауыстырамын. Бір оқушы шақырылады. Ол өзінде жоқ «нәрсені» сатып ала алады. Бұл қасиет топтың пікірі бойынша толерантты адам үшін маңызды болып табылатын, бірақ өзінде аз көрінетін қасите болу керек. Мысалы: сатып алушы шыдамдылықты сұрайды. Мен одан шыдамдылықтың не үшін қажет екенін сұраймын, ал сатып алушы төлемнің орнына онда ең көп көрінген, артық қасиеттің біреуін ауыстырып кетуіне болады.

    

Рефлексия:

  • Толерантты адамға қандай қасиеттер тән?
  • Интолерантты адамға қандай қасиеттер тән?
  • Сенің ойыңша толерантты адамды қалай қалыптастыруға болады?

 

Жаттығу: «Жақсы сөз».

Жүргізуші қатысушыларға жақсы сөздер ойлап тұруды тапсырады. Ол қатысушылардың біреуіне жақсы сөз арнап, сонымен бірге қолындағы добын лақтырады. Мысалы: «Данагүл, сен өте шыншылсың!» немесе «Қарлығаш, сенің көзің әдемі!». Доп алған қатысушы өзіне арнап айтқан жақсы сөзі үшін рахмет айтып, өзі де келесі қатысушыға арнап жақсы сөз айтып, добын лақтыруы  керек. Әр қатысушыға айтылуы қадағалануы керек.

 

Жаттығу: «Қошеметшілер».

Мақсаты:

  • өзін-өзі бағалауын, көңіл-күйін, белсенділігін арттыру.

Қажетті уақыт: 5 минут.

Жүріс барысы:  Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші белгілі бір сапалар мен қасиеттерді меңгерген оқушының орнынан тұруын сұрайды (мысалы: «Тоқу білетіндеріңіз, коньки тебе алатындар, сериал көргісі келетіндер, үлкен теннисті үйренгісі келетіндер орындарыңыздан тұрыңыз» т.б.). Қалған оқушылар орындарында отырып, тұрғандарға қолдарын шапалақтайды.

 

 

Жаттығу: «Мен қай әдеби кейіпкеріне ұқсаймын».

Мақсаты: өзін-өзі көрсету, топтан кері байланыс алу.

Қажетті уақыт: 10 минут.

Қажетті материалдар: доп.

Жүріс барысы: Жүргізуші қолын допты алып, қатысушылардың біреуін таңдап, оған оқыған әдебиеттер бойынша қай әдеби кейіпкерге ұқсайтынын айтады. Мысалы: «Айнұр, менің ойымша сен «Менің атым-қожа» повесіндегі Жанарға ұқсайсың». Қатысушы допты қағып алып, оны басқа қатысушыға осы ретпен лақтырады. Топ мүшелері өздеріне айтыған сөздерді естеріне сақтап тұрулары керек. Өзіне айтылған  теңеулер туралы өз пікірін білдіруге болады. Мысалы: «Дана сен мені ..... ұқсайсың дедің, бірақ мен ..... ұқсайтын сияқтымын». Осылай кері қарай айналып шығады.

Мен қандаймын?» таблицасын толтыру.        Үш жақсы, бір жаман қасиетіңді жазу тапсырылады.                                                    

Өзім туралы не ойлаймын?

Менің жақын адамдарым мен туралы не ойлайды?

Мен туралы сол жақтағы көршім не  ойлайды?

 

 

 

Рефлексия.

  • Жаттығуды орындау оңай болды ма?
  • Таблицаның қай бөлімін толтыру оңай болды?
  • Қайсысында қиналдыңдар?
  • Сабақ ұнады ма?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қабілет және дарындылық»
Мен және Болашақ!
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы
Психологиялық КТК
Lesson Study әдісі
Психологиялық КТК
Он бөлме ойыны (10 мин)
Суретті жалғастыр және біреуге беру жаттығуы
Жақсы көңіл-күй – жан азығы
Жаңаша бағалау білім сапасын көтеру кепілі
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 3570 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз