Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Он бөлме ойыны (10 мин)


Он бөлме ойыны (10 мин)

Тақырыбы:  «Он бөлме» ойыны  (10 мин)

 
Мақсаты:  Тренингке қатысушылар мінез-құлық үлгісіндегі түрлі эмоциялардың пайда болуын ұғындыру.
Жүргізуші: Сіз тұратын үйде он бөлме бар деп көз алдыңа елестетіңіз. Мысалы: қуаныш, үрей, қайғы, ашу, агрессия, жалғыздық, үміт, қорқыныш және тағы екі бөлме. Қандай? Екі бөлмені өзіңіз табыңыз, оларға ат беріңіз. Әр бөлменің суретін салып, мына сұрақтарға жауап беріңіз: Сіз онда жиі боласыз ба, болсаңыз не істейсіз? Қай бөлмеден күш жинайсыз, керісінше қайсысынан күшіңді жоғалтасыз?
Ойынға қатысушылар парақты 10 бөлікке бөледі. Әр бөлік жоғарыда аталған сезімдермен бөлініп және сәйкес символдарын салады.
Талқылау: Суретті салып болғаннан кейін қатысушылар қай бөлмеде жиі болатындары, қай бөлме ұнайтыны, қай бөлмеде ұзақ болатындары жайлы айтады.
Талқылау барысында тренингке қатысушыларда түрлі сезімдер болғандығы айқындалуы мүмкін. Біреулерде жалғыздық бөлмесінде өте ауыр күй, ал басқалар үшін «жалғыздық» бөлмесі демалу бөлмесі немесе шығармашылық бөлмесі болуы мүмкін.
Екі бөлменің атын қатысушылардың өздері ойлап табады да, қазіргі уақытта оның құндылықтары және өзекті де маңызды қажеттіліктері жайлы айтады.
 
Тақырыбы: «Ааааа және Иииии жаттығуы» (10 минут)
Мақсаты: Мен позитивтік үлгінің дамуы;көңіл күйін; оқушының бойындағы әдеттерін, жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы ойлауға мүмкіндік беру.
Өткізу техникасы: топ қатысушылары шеңбермен тұрады. «А а а а а» -дыбысының энергиясы.
Құрамы: мен сендерге өздеріңді күш  жинауға көмектесемін.Тұрыңдар және терең дем аламыз,содан кейін толық жеңіл ауа жинап, оны дыбыспен сыртқа шығарыңдар.Тыныс алу кезінде «Аааааа» әндетіңдер.Осы кезде сенің шаршаған әсерлерің кетіп жатқанын көз алдыңа елестет.Тыныс алған кезде өздеріңді көңілді қызықты ойлармен толтырғандай қылып елестетіңдер.Әр тыныс алғанда өз «Ааааа» дыбысын қатты-қатты  қайталай бер,өздеріңнің жағымсыз әсерлеріңді және шаршағандарыңды жоғатқанша.
«Ииииии» дыбыстарының энергиясы.
Құрылымы: Бір сәтке тұрып өздеріңді машинаның сигналды серенасындай сезініңдер.(жедел жәрдем) Қолдарыңды бастарыңа қойып қатты, ұзақ «Иииии» дыбысын дыбыстаңдар.Осыдан өздеріңнің бастарың дірілдейтінін сезініңдер.Ал енді ойынмен серена сигналындай осы дыбысты айқайлап айтып көр,біресе жоғары,төмен.Шамалы уақыттан соң өздеріңнің күштеріңді сақтағаныңды байқайсыңдар.(30 секунд)
Кей сәттерде өздеріңіз басқада дауысты дыбыстармен эксперимент өткізе аласыз,өздеріңнің күштеріңе қандай сенімді екеніңді білесің.Сонымен бірге сигналды серенаны АИОУ –дыбыстарымен ойнай аласыз.Дыбыстардың жаттығу орындау барысында біресе жаттығу, біресе орындау болғаны қажет.Өздеріңнің сезімдеріңді айтыңдар.
Тақырыбы: Мини- лекция.«Емтихан уақытында қалай ұстау қажеттілігі туады?» (15 минут)
Мақсаты: Емтиханға дейін және емтихан уақытында өзін қалай ұстау қажет екендігін,оқушыларды таныстыру.
Емтихан уақытында қандай киім киген жөн?
Киіміңіз бір түсті болуы қажет.Ашық және адамдардың назарын өзіне аударатын түстерден аулақ болу қажет.Ешқандай артық зат болмауы қажет.
Емтихан уақытындағы мінез-құлыққа және өзін-өзі  ұстауға ұсыныс
1.Емтиханға бір күн қалғанда және емтихан басталар уақытта ешнәрсе істемеңіз.Егер бір нәрсені дұрыс оқымасаңыз,оны осы  уақытта оқуға тырыспаңыз.Демалыңыз,алдағы болар емтиханды ұмытуға тырысыңыз.
2.Емтихан алдында жақсылап ұйықтап алыңыз.
3.Сен сынып алдында тұрсың.Тыныштал. «Маған тынышталу қажет.Маған шындығында да тынышталу қажет!» -деп бірнеше рет қайталаңыз.Сынып алдында көп кідірмей,сенімділікпен ішке кіріңіз.
4.Ақыл-ойыңды,біліміңді,эмоциялық көңіл-күйіңді қалпына келтіріп,өзіңді-өзің жинақта.
5.Сенімділікпен,батылдықпен сыныпқа кіріңіз.
6.Арқңызды тік ұстап,өзіңізге ыңғайлы отырыңыз.Сіз өзіңізді бәрінен биік,ақылды,қу санаңыз,сонда сізде барлығы орындалады.Ішіңізден: «Мен тынышпын,мен шындығында тынышпын» -деп бірнеше рет қайталаңыз және саусақтарыңызды алақаныңызға бүгіңіз.
7.Жүйкелік (нервтік) шиеленісті түсіру үшін тыныстық жаттығу  жасаңыз:
- ыңғайлы отырыңыз;
- мұрын арқылы 4-6 секунд терең демалыңыз; 
 -тынысыңызды 2-3 секунд ұстаңыз;
8.Тестті толтыру жөнінде қажет емес сұрақтар тумас үшін және алаңдамас үшін жақсылап тыңдап алыңыз.Бланкіні қалай толтыру және қандай әріппен жазылу қажеттілігі және т.б.жөнінде барлығынтүсіндіреді.
 9.Сіз айналаңыздағылар жөнінде ұмытып,назарыңызды тест белгілеуге салыңыз.Саған енді тек қана уақыт,тест толтыруға кететін уақыт,тест толтыруға кететін уақыт пен бланкі және тапсырмаға ғана көңіл аударыңыз.Асыққан уақытта тапсырманың басын оқып,ал аяғын өзіңіз ойдан құрауыңыз да ғажап емес.
10.Барлық сұрақтарды қарап шық.Сонан соң өзің білетін жауаптардан баста.Сонда ғана сіз тынышталасыз және жұмыс ритміне кіресіз.Кез-келген тестте өзің білетін және оймен ғана шешетін тапсырмалар бар.
11.Жаңа тапсырмаға көшкенде ереже секілді,бір біріне байланыссыз бірақ ұқсас тапсырмалар болуы мүмкін.
12.Қысқарту әдісін пайдалан!Бір- біріне келмейтін жауаптарды қысқарт.
13.Егер жауабыңның дұрыс екендігіне сенімсіз болсаң,онда өз интуициаңа сүйен.
14.Өз тестіңді бір қарап шығуға,жіберген қателеріңді байқау үшін уақыт қалдыр.
15.Тапсырманың барлығын орындауға тырыс,бірақ есіңде болсын,бұл практикада мүмкін емес.Жақсы баға алу үшін тапсырманың 70% толық орындау қажет.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ата-ана бастауыш сынып баласының үй тапсырмасын орындауына қалай көмектеседі.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау
ҰБТ-ны - «Өте жақсыға!»
Суретті жалғастыр және біреуге беру жаттығуы
Емтиханға қалай жақсы дайындалу керек.
Емтихандағы мінез-құлық (іс-әрекет)
Стресспен қалай күресуге болады?
ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.
Жақсы көңіл-күй – жан азығы
«Компьютердің пайдасы мен зияны»
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2367 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык