Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » VIII түрдегі коррекциялық мектеп оқушыларының сөйлеу дағдылары


VIII түрдегі коррекциялық мектеп оқушыларының сөйлеу дағдылары

VIII түрдегі коррекциялық мектеп оқушыларының сөйлеу дағдылары

Картенова Айгүл Мақсұтханқызы

Жетім балаларға арналған ШҚО арнайы мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі, Өскемен қаласы.

Ақыл-ойында бұзылуы бар оқушылардың тілі грамматикалық тұрғыдан қарасақ өте қарапайым. Олардың сөзі бір сарынды. Бұндай балалар кең ауқымды сөйлей алмайды, өз ойларын жеткізу үшін керекті сөздер таба алмай  әлек болады. Оқушы күндеріндегі олардың тілдесу мәнері, ақыл-есі дұрыс баланың 3-4 жаста пайдаланатын сөздеріне ұқсайды. Әсіресе, бір жағдайға байланысты ойын білдіргенде, ақыл-есі кембаланың не туралы айтып тұрғанын сол жағдайдан хабардар адам ғана түсінеді. Бұл балалар есімдіктерді көп пайдаланады, кім туралы айтып тұрғанын, оның аты-жөнін атаудың орнына «олар анда кетті» немесе «біз сонда болдық» деп түсініксіз сөйлейді. Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырмайды.

Ақыл-есінде ауытқулары бар балалардың алғашқы сөздері 2-3 жаста пайда болады, ал қысқа, грамматикалық құрылысы дұрыс емес сөз тіркестері 5-6 жастарында  қалыптасады. Оқу жасына келгенде бұндай балалардың тілі өздерімен жасты дені сау балаларға қарағанда дамымай қалады.

Ақыл-есі  кембағал балалар өз сөздерінде сын есім, етістік, шылауларды өте аз қолданады.

Ақыл-есінің кемдігі болғанда тілдің барлық жағының қалыптасуы бұзылады: оның фонетикалық-фонематикалық жағы, лексикасы, грамматикалық құрылысы, яғни тілдің дамуындағы жүйелі бұзушылық туралы айтуға болады.

Дені сау баланың 3-4 жасында сөздік қоры бай, тілі грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс, ал фонетикалық қателіктер (дыбыстарды алмастыру) көп байқалмайтын түрде болады.

Ал олигофрен балада сөйлеу дағдысы жай қалыптасады. Оның сөзі кедей және дұрыс құрылмаған. Бұл көбінесе естіп қабылдауы бұзылғандықтан болып келеді. Осының кесірінен бала көпке дейін дыбыстарды ажырата  алмайды, бірталай уақыт жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгермейді.

Ақыл-есі кем балалар  ұқсас дыбыстарды әрең ажыратады, әсіресе дауыссыз дыбыстарды, сондықтанда егер мұғалім оған доп десе, ол топ, жақ десе шақ деп естуі мүмкін.

Бұл сияқты қателіктердің екі себебі болуы мүмкін. Біріншіден, әртүрлі грамматикалық формаларды іс жүзінде пайдалануға дағдыланбайды, себебі тілдесуді жекелей қабылдай алмағандықтан сөздердің жалғауларындағы айырмашылықты естімейді. Екіншіден, бұл бұзылыс  жүйке процесстерінің жетілуіне байланысты. Бала сөзін бастайды, бірдене айтқысы келіп тұрады да, бірақ басқа бірой келе қалғандықтан, бастап алған әңгімесін ұмытып кетіп, сөзін аяқтамай, келесі ойға көшіп кетеді. Сөз құрауы бұзылады.

Мысалы, бір тақырыпты мазмұндағанда оқушы мәтіннің басын айтып тұрып бірден соңына көшіп кетеді, немесе мазмұндама жазу барысында сөйлемдер арасында мүлдем логикалық байланыс болмайды.

Фонематикалық есту қабілеттерінің қажетті мөлшерде дамымауы, дыбыстарды айтудағы қателіктер, сөзді дыбысқа бөлудегі қиыншылықтар – осының бәрі ақыл-есі кем баланың жазу барысында әр сөзді қатемен жазуға әкеліп соғады. Олигофрен балаға әріптерді дұрыс жазу көптеген қиыншылық тұғызады. Жазу барысында олар с әрпін э әрпіне, немесе ш әрпін т әрпімен алмастырады. Ұқсас әріптерден басқа, кейбір кезде балалар айнадағыдай жазуы мүмкін, яғни оннан солға қарай, жазу немесе оқу барысында жолды жоғалтып алады.

Бірақ ақыл-есі кем балалар арасында әртүрлі жағдайларға байланысты (миға қан құйылу, менингоэнцефалит, соққы алу) анализаторлардың бірінің  (есту, көру) дамуы ерекше тежелуі мүмкін. Бұл оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге үйрету барысында белгілі болады. Бұндай жағдайда баламен жеке коррекциялық жұмыс жүргізе отырып, мұғалім оның үлгермеушілігіне мойынсұнады.

Коррекциялық мектепте оқу барысында ақыл-есі кем балалардың тілі біршама  дамиды. Сөздің қоры кеңейіп, айтуы түзеледі, тілдің грамматикалық құрылысы ауқымды болып, тіл арқылы қарым-қатынас жасауға қажеттіліктері артады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
Мектепалды даярлық – білім бастауы
Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері
Балабақшада 2-3 жасар балалардың тілі мен қимыл-қозғалысын дамыту
VIIІ түрдегі коррекциялық мектептің VII-IX сынып оқушыларының тарихи және қоғамтанушылық материалдарды меңгеру ерекшеліктері
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.
Қазақстан
Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру
Ойын мен тәрбиені ұштастырудың жолдары
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2301 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз