Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Желілік қоғамдастықтың мұғалім біліктілігін арттырудағы ролі


Желілік қоғамдастықтың мұғалім біліктілігін арттырудағы ролі

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМ БІЛІКТІЛІГІН  АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

                                                Солтанаева Ардак Сабырхановна

                                                      «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ.

Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. Желілердің маңыздылығын қолдайтын экономикалық айғақтар да бар. ЭЫДҰ-ның «Тұрақты икемділік»  атты зерттеуінде ақпарат пен білімге негізделген  ХХІ ғасырдың жаңа экономикалық жағдайында жұмыс сипаты да өзгеретіні айтылған. Тиімді білім беру жүйелеріне арнайы құрылған басшылық керек. Желінің табыстылығы өзіне басқарушылық ролді алған адамдардың ұстанымдарына, қажырлылығы мен күш-жігеріне, табандылығына байланысты. Жоғарыдағы есептерімде айтқанымдай Біз бір мектептен үш мұғалімнің мектептегі тәжірибеден өтуде үлкен ынтымақтастыұта жұмыс жасадық. Үшеуміздің бастамамызбен  «ДАМУ» желілік қоғамдастығы құрылды. Үшеуміз бірлесе талқылай отырып, атын,  қоғамдастық құрылымын, қоғамдастықтағы іс-әрекет түрлерін бастап жазып, талқылау, ұсыну үшін дайындадық. Шақыратын адамдар мен мектептерді анықтадық.

Телефон байланыстарын пайдаланып І деңгей бойынша бірге оқыған  қала мектептеріндегі әріптестерімізді шақырдық. Болашақта атқарылатын жұмыстарымызға сәйкес Семей қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Құралай Рымқұлова мен Қарашаш Аханованы және Шәкәрім атындағы университеттің жоғары математика кафедрасының деканы,  осы жоба тренерлік курсынан өткен математика ғылымдарының кандидаты Оралтай Жолымбаевты шақырдық. Қоғамдастық ішінде ағылшын тілі мұғалімінің болуы міндетті деп ойлаймыз, бұл жерде біздің үшеуміздің ішімізде  Қармысова Рыстың ағылшын тілі мұғалімі болуының болашақта көмегі тиері сөзсіз. Сонымен бірге көпшілігіміз АКТ-ны өте жақсы меңгергеніміз және жақсы информатик Жарқынның қоғамдастығымызға кіруі де жұмысымыздың тиімділігіне ықпал етеді деп ойлаймыз.  Ұсыныстарымыз бен идеяларымыз шақырылушылардың бірауыздан қолдауына ие болды. Әріптестерімізбен алғашқы кездесуімізге «Желілік қоғамдастық –ынтымақтастық кепілі»  шеберлік сағатын өткіздік.  Біздер кезекпен ойтастау сұрақтарын қою және түрткі болу арқылы шақыруымызды қабыл алған №17,№19,№21,№23,№31, №34,№37 мектептерінен келген әріптестеріміздің және өзара бір-бірінен естіп келген №3, Ауезов атындағы мектептен келген әріптестеріміздің басшылық етуші, үйлестіруші, дамытушы топтарға бөлінуіне ықпал еттік.Топтарда талдау арқылы  қоғамдастықтың мақсат, міндетерін анықтауда ортақ шешімге келдік. «Даму» қоғамдастығының мақсаты «Қала мұғалімдеріне мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру арқылы тәжірибелеріне өзгеріс енгізу».

  Іс-әрекеттерге сәйкес стикерлерді пайдалану арқылы қатысушылар  қоғамдастық жоспарын құруға өз үлестерін қосты. Орта мерзімді жоспарлау бойынша постерлер жасап, қорғау арқылы «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулімен қала мұғалімдерін  таныстыру үшін атқарылатын жұмыс түрлері анықталды. Қоғамдастықта екі бағыт бойынша бірлескен зерттеу топтарын құру, коучингтер, кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар (әртүрлі мектеп мұғалімдерінің кездесулері, конференциялар), желі ішіндегі «оқыту» мақсатындағы сапарлар, бірлескен тәлімгерлік пен тренингтер,бірлескен жұмыс топтарының жұмысы жоспарланды. Болашақта критериалды бағалау бойынша қала  математиктері үшін әдістемелік құралдар әзірлеуге байланысты ойымызды қоғамдастықтың барлық мүшлері қолдады. 

Кезкелген жұмысты бастап, бір арнаға салып алғанға дейін үлкен қажырлылық пен табандылық керек екені белгілі.  Ары қарай қадамдарымыз қауымдастық почтасын ашу және қоғамдастықтағы іс-әрекет түрлері бетіндегі қоғамдастық мүшелерінің пікірлері бойынша «Даму»-дың жылдық жоспарын құру болды. Бұл жерде желі арқылы 21,31 мектептердің мектепішілік қоғамдастықтарымен байланысқа түстік. Жоспарымызды почтаға қою арқылы талдап, бекіттік. Соңғы аптада тағы да өз мектебімізге шақырып, «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулі бойынша тәжірибе алмасу коучингін өткіздік.

 

«ДАМУ» желілік қоғамдастығы

Басшылық етуші топ:   Солтанаева Ардак Сабырхановна, Сарсекова Гулнара Кусмановна,

Кармысова Рыс Окметхановна

Қоғамдастықтың ұраны: «Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе – осы өзгерісті уақытында жаса » (Махатма Ганди)

Қоғамдастықтың мақсаты: «Қала мұғалімдеріне мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру арқылы тәжірибелеріне өзгеріс енгізу».

Міндеттері:1. Мұғалімдерді  қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлауға тарту;

2.Сабақта оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру;

3. Желі ішіндегі мектептерде бірлескен зерттеулер мен тәлімгерлік жүргізу;

4.Желі ішіндегі оқыту мақсатындағы сапарларды ұйымдастыру

5.Электрондық жарнамалық аңдатпаларды тарату мен электрондық хат алмасуды ынталандыру

 

ДАМУ» желілік қоғамдастығының жұмыс жоспары

Атқарылатын жұмыстар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

1

Ұйымдастыру жұмыстары

Мектепті дамыту жұмысында желіні пайдалану

Желілік қоғамдастықтың аты, құрылымы, ұраны, мақсат-міндеттер жобасы.

Диалог.Ойтастау түрткі болу.

2

І деңгей бағдарламасы тыңдушыларын (қала бойынша) қоғамдастыққа шақыру үшін телефон байланысы арқылы ұсыныс жасау

Қала мектептерінде бірге оқыған І деңгей мұғалімдерін және қалалық білім бөлімі мен жоғарғы оқу орнының мамандарын қоғамдастыққа шақыру

Ұсынысымызға  қолдау көрсетіп, ынтымақтаса өзгеріс енгізуге дайын топ

 

3

«Желілік қоғамдастық –ынтымақтастық кепілі» шеберлік сағаты

Қатысушылардың сеніміне кіру, желілік қоғамдастықта жұмыс жасау дағдыны жетілдіру

Өзгерістерді енгізуде желіні тиімді пайдаланып, ынтымақтаса жұмыс жасау

Қолайлы орта туғызу

Ынтымақтастыққа түсу, АКТ,

4

Қоғамдастықты ғаламтор желісіне тіркеу

Тәжірибе бөлісу, қоғамдастық аясын кеңейту

Жеке электронды почта, конференция құру

АКТ

5

Желіде жылдық жоспар жобасын талдау

Жылдық жоспарды бекіту

Қолдау тапқан, бекітілген жоспар

 

6

Электронды хат алмасу

 

Идеялармен бөлісу, желіні тиімді пайдалану

Желіні өз тәжірибесіне тиімді пайдалана алу

 

7

Оқыту мақсатында «Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлау»

Жоспарларды сайтқа қою арқылы бағыт-бағдар беру

Жеке сабақ жоспарлау мен тізбектелген сабақ жоспарларын жасай алады

АКТ, ойтастау

8

Коучинг: «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі жұмыстарды қорытындылау , болашақ жоспарды нақтылау

«Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулі бойынша тәжірибе алмасу

Диалог, топтық жұмыс, АКТ, ынтымақтастыққа түсу

9

Коучинг: «Критериалды бағалау –дәлдікке үйретеді»

Желі мүшелерінің критерилер және дескрипторлар жасау дағдыларын дамыту

Өз пәнінен тақырыптар бойынша критериалды бағалауды

 

10

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында коучинг

 

Мұғалімдер оқыту үшін бағалау мен бағалаудың нақты айырмашылығын түсіну арқылы өз тәжірибелерінде қолдануға үйренеді.

 

11

Коучинг: «Формативті бағалау түрлері»

Желілік қоғамдастықтағы мұғалімдер арасында формативті бағалаудың  тиімді түрлерін пайдалану дағдыларын дамыту

Формативті бағалау әдісін өз тәжірибесінде қолданатын мұғалімдер саны артады.

Топпен жұмыс, ДЖИКСО

 

12

Оқыту сапары № 33, №21

Бағдарламаның мақсат, міндеттерімен таныстыру. Жеті модулмен таныстыру

 

Қоғамдастыққа тартылатын мұғалімдер

Диалог, АКТ, ынтымақтастыққа түсу

13

Желі ішіндегі қорытынды конференция

Келесі, қайта жоспарлау үшін желі жұмысына мониторинг жасау

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды"
Менің тәжірибемдегі өзгерістер
Диалогті оқыту. Зерттеушілік әңгімеге тартуда ашық сұрақтар қою.
Қабілетті және дарынды балаларды дара оқыту бағдарламасын жүзеге асыру
Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы
Мектепті дамыту жоспар
Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі
Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы – оқыту үдерісін жаңартуды
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазбалары.
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау»
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 9589 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз