Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің тәжірибемдегі өзгерістер


Менің тәжірибемдегі өзгерістер

Менің тәжірибемдегі өзгерістер

 

Ұстаз ойшыл болмаса, шәкірт ұшқыр болмайды.

                                                                                                          Халық даналығы

       Педагогикалық шеберлік орталығында әзірленген бірінші деңгей бағдарламасын игеру барысында мен өмірге деген көзқарасымды, жалпы мектептің оқыту тәжірибесіне, әріптестеріммен, оқушыларыма қарым-қатынасымды өзгерте бастадым. Деңгейлік бағдарламаның негізгі идеясын түсінгеннен кейін мектептің оқу үрдісіне өзгерістің қажеттілігін ұқтым. Бағдарлама аясында енгізіліп жатқан өзгерістердің тиімді екенін өз бойымнан да көре аламын.

     Біріншіден, өз тәжірибеме қатысты рефлексия жасауға үйрендім. Себебі ЭЫДҰ-ның 1-ші сілтемесінде былай делінген: «Мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз тәжірибесіне қатысты рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті». Осы сілтемені негізге ала отыра рефлексия жасаудың арқасында атқарылған іс-шараларды ой елегінен өткізу арқылы кемшіліктерді көріп, оны болашақта болдырмау үшін нені өзгерту керек екендігі туралы ойланып, тәжірибе жинақтап, оның менің өсуіме ықпалы болды. Әрдайым өзіме «Неге?» «Не себепті?» деген сұрақтар қою арқылы оның шешімін іздеп отырдым.

     Екіншіден, өзгерістер оқыту үдерісінде ойлау мен өзін өзі ұстаудың өте маңызды аспектісі болып табылады. Мен өз мектебіме деңгейлік бағдарламалар аясында игерген өзгерістерді, яғни коучинг және менторинг үдерісін енгізудемін. Бұл үдерістер - мектеп жұмысына өзгеріс енгізудің тиімді жолы. Себебі коучинг және менторинг- мұғалімдердің оқу тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді.

   Үшіншіден, менің іс-тәжірибемдегі тағы бір өзгерістердің бірі, мектеп ұжымында қоғамдастық құрып, бірлесе жұмыс істеу. Сондықтан да  қоғамдастықтың көмегімен бұрыннан келе жатқан мәселелерді шешуге, сондай-ақ жаңа идеялармен бөлісіп, пікір алмасуға болады. Лейтвуд және Левин (2004) «Білім беру желілері өздерінің жұмысы тиімді әрі сенімді екендігіне жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін еске салады». Менің ойымша мектептің  даму жоспарын жүзеге асыруда қоғамдастықтың маңызы зор. Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық – бұл мектепті жетілдіру мен өзгертудің қажетті серігі және оның тиімділігін арттырушы факторы. Егер қоғамдастықта ынтымақтастықта жұмыс істесек, болашақта атқарылатын іс-шараларымыздың жемісті болатынына сенемін. Ең бастысы, әріптестерімді, оқушыларымды  оқу мен оқытудағы өзгеріске сендіре алып, оң нәтижелерге қол жеткізу. Шын мәнінде өзгеріс енгізудің қиынға соғатыны рас. Бірақ мен болашаққа сеніммен қараймын. Бұл бағдарламаның да басты қағидасы әріптестердің бір-біріне деген үлкен сенімі болып табылады. Біз сол сеніммен серіктесе жұмыс істеп әр кедергіні, әріптестерде туындаған проблеманы кәсіби қоғамдастық арқылы бірлесе шеше отырып, өзгеріс енгізу. Бұл менің мектебіме, жаңа ғасырдағы білім беру жүйесіне енгізетін алғашқы өзгерістерім болмақ.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.
"Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды"
Екінші деңгей бағдарламасының басым бағыттары туралы пікірім.
Желілік қоғамдастықтың мұғалім біліктілігін арттырудағы ролі
КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ
Жаңа талап - жаңа ұстаз!!!
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы
Мектепті дамыту жоспар
Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы – оқыту үдерісін жаңартуды
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 3325 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз