Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі


Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі

Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі

Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» КММ базасында 2014 жылдың 16-17 сәуірінде Қарағанды облысының Білім басқармасы және білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында аймақ аралық форум өтті. Форумға 9 аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, тірек мектептері мен шағын жинақты мектеп директорлары және оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сонымен қатар Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.  Форумның 120 қатысушысы екі күн бойы шағын жинақты мектептердегі сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Білім беру әлеуметтік өмірдің маңызды саласы десек, ауылды жердегі мектеп оқушылардың ғана емес, жалпы жергілікті қауымдастықтың мәдени, зияткерлік даму орталығы болып табылады.

Бірақ ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларының жетістіктерін қолданатын жоғары технологиялы оқыту жағдайында  белгілі себептерге байланысты ШЖМ оқуышларының білім сапасы заманауи талаптарға сай бола бермейді.  Сондықтан өткізіліп отырған форумның мақсаты шағын жинақты мектеп қызметін білім беру саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес бәсекеге қабілетті оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған түрлендірудің қолайлы жолдарын қарастыру болды. Сөйлеушілер ауыл балаларын табысты әлеуметтендіру мен қолжетімді сапалы біліммен қамтамасыз ету, ШЖМ құрылымын жаңғырту, білікті кадрлармен қамтамасыз етудің тетіктерін, басқарушылық, ғылыми-әдістемелік, оқу-дидактикалық және ақпараттық-коммуникативтік ресурстарын дамытудың пәрменді тетіктерін дайындау мәселелерін көтерді.

Форумды ашқан Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жұмабеков Б.К. өз сөзінде шағын жинақты мектептердің дамуы бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын атап өтті. Аталмыш мектеп түлектері заманауи әлем жағдайында табысты әрі бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ол үшін ауылдық жердің оқушыларының сапалы білім алуларына барлық  қажетті жағдай жасалуы керек.

Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Аймагамбетов А.К. «Облыстың шағын жинақты мектептерінің жағдайы мен даму болашағы» атты баяндамасында шағын жинақты мектептердегі білім беруді ұйымдастырудың жағдайын талдай отырып, ғаламтор жылдамдығының мүлдем төмендігі немесе келісімшартқа сай еместігін атап көрсетті, ал бұл өз кезегінде қашықтықтан оқыту мен білім беру ұйымдарының желілік қауымдастығын дамытуға кедергі жасап отыр.

Проблеманы шешудің тиімді жолдарының бірі шағын жинақты мектептерді оңтайландыру және ең басты міндет – ауыл мектептерінің жаңа деңгейге шығуы үшін  бейін алды және бейіндік оқыту бойынша  колледждер және кәсіпорындармен  өзара желілік қарым-қатынас орнату, оқушылардың инновациялық іс-әрекеттерін дамыту, қосымша білім берумен қамту аясын кеңейту үщін - тірек мектептерін құру болып табылады. Қазіргі уақытта бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тірек мектептерінің іс-қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленген.

Облыстық білім басшысы тірек мектептерін ашу  жоспарын әзірлеу  мен  мақсатқа бағытталып бөлінетін  қаржыны материалдық-техникалық базаны нығайтуға тиімді пайдалану үшін олардың заңды мәртебесін айқындау қадамдарының рет-тәртібін ұсынды. Бүгінгі күні тек 51 шағын жинақты ауыл мектептерінің  (20%) тірек мектептеріменжұмыс жасап отырғанын, болашақта 19 тірек мектебі құрылып,  оған 116 ШЖМ-дің бекітілетіні жайлы, ал, қазір жұмыс істеп отырған ресурстық орталықтарға тағы да 33 мектептің бөлініп, бекітілетінін атап өтті.

Магниттік мектептер педагогтарының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету және ақпараттық қолдау көрсету  үшін тірек мектептерінің базасында педагогикалық шеберлік Орталығын  ашу жоспарлануда.

Одан өзге,сессияаралық кезеңде дербес оқу жоспарларын электрондық ресурстарды қолдану арқылы тиімді жүзеге асыру мақсатында мектептер базасында қашықтан оқыту орталықтары құрылмақ.

Форум барысында Ақтоғай ауданының әкімі Н.И. Омарханов аудандағы білім беру ісін дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған Бағдарламасының тұсаукесерін жасады. Баяндау барысында аудан мектептерінің проблемеларына талдау жасай келе, мәселені шешудің жолы ретінде төңірегіне ауданның барлық шағын жинақты мектептерін шоғырландыратын аймақтық ресурстық орталықтар – 3 тірек мектептерінің ашылатыны жайлы айтты. Бұрыннан келе жатқан Ақтоғай селосындағы «К.Байсейітова атындағы ОМ» КММ және Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» КММ ресурстық орталықтары 3-5 магниттік мектеппен жұмыс жасаған болса, енді,  бұл тірек мектептерінің төңірегіне қалған шағын жинақты мектептер топтастырылатын болады. Олардың құрамына кіретін мектептердің ақпараттық, кадрлық және ақпараттық ресурстарының кіріктірілуі білім беруде жаңа мазмұнға көшу жағдайында әрбір шағын жинақты мектептердегі бейіналды және және бейіндік оқытуды жүзеге асырудағы тапшылықтардың орнын толтыруы тиіс.

Қарағанды облыстық маслихатының депутаты, Шашубай кентіндегі тірек мектебінің  директоры А.Б.Тукбаева білім беруде жаңа мазмұнға көшу барысындағы тірек мектептерінің рөлін аша келе, өз сөзінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жобасымен жұмыс жасап отырған, заманауи ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардықолдану арқылы халықаралық жобаларға, жаһандық қорлардың гранттық Бағдарламаларына үнемі қатысып келе жатқан қатардағы жалпы білім беретін  ауыл мектебі – Шашубай мектебінің жетістіктері және жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Мектеп түлектері Италия, Англия, Болгария, Қытай және Франция сияқты елдердің жоғарғы оқу орындарында білім алып, оқуларын магистратурада табысты жалғастыруда. Қазіргі заманғы қоғамның өркендеу қарқыны тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына күш салуға, оның бойындағы қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша білуге байланысты. Жаһандану үрдісі тұлғаның белсенділігін арттыруға себепші болып, оны болашаққа дайындау үшін біздің алдымызға жаңа мақсат-міндеттер қойып  отырған жағдайда  қарапайым ауыл мектебінің оқушылары әлемдік қауымдастық арасында бейімделе  білуі үлкен жетістік болып табылатынын айтты.

Сонымен қатар, форумға қатысушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ  Басқармасының төрағасы К.Н. Шамшидинованың үндеуін онлайн режімінде тыңдауға мүмкіндік алды. Басшы өз сөзіндежаңа білім мазмұнының қолданысы мен өзектілігін негізі болып табылатын,  білім беру жүйесінің жаһандық жалпы даму сипаты мен рөлін айқындайтын жаңа беталыстары жайлы айтып өтті. Білім мазұнының уақыт талабына сай болуы, қазіргі заманның  аса маңызды да өзекті  мәселерін аша білу және оқушыны оның болашақтағы іс-қызметіне және шынайы өмірге дайындауға бағытталуы қажеттілігі туралы сөз қозғалды. 

Қатысушылар шағын жинақты мектептердің проблемаларын талқылап, ұсыныстарын алға тартып қана қоймай, қарастырылып отырған мәселерге қатысты нақты шешім қабылдаудың да куәсі болды. Форумның алғашқы күні Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.Қ. Аймагамбетов пен Ақтоғай ауданы әкімі Н.И.Омархановтың аймақтық білім беру жүйесі дамытуда бірлесе басқару жүйесін құру, педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін көтеру, ШЖМ-ді дамытудағы қаржылық мәселелерді шешу сияқты негізгі аспектілері көрніс тапқан екі жақты меморандумға қоюмен аяқталды.

Сонымен қатар, тірек мектептерінің (ресурстық орталықтар) жетістіктері және Алматы қаласының «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингінің сандық білім беру контенттерінің галерея-көрмесі үлкен қызығушылыққа ие болды. Көрме ауқымында «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ бас менеджері А.Ж. Арыстанова «Электрондық оқулықтар негізінде оқу үдерісін технологияландыру ШЖМ-дегі сапалы білім берудің басты шарты ретінде» тақырыбындағы жобасымен таныстырды.

Ресурстық орталықтың педагогтары мен оқушылары электрондық оқулықтарды қолданумен қатар Қазтұтынуқоғамының Қарағанды Экономикалық университеті көмегіменжоғарғы оқу орындарының электрондық кітапханаларымен тегін пайдалану мүмкіндіктеріне де иеболуда. Жоғары оқу орындарымен орнаған тығыз байланыс білім беру үрдісін ақпараттандыруға көмек етіп қана қоймай, жоғарғы саты оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын белсенді ұйымдастыруға да ықпал етеді. Қарағанды қаласының ҚЭУ, ҚарМТУ, «Болашақ» университеті, Е. Букетов атындағы ҚарМУ-нің басшылары және оқытушылары  жыл сайын аймақ оқушылары үшін онлайн консультациялар өткізіп тұрады.

Форумның екінші күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ-ның  Кэмбридж университетімен бірлесе әзірлеген деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен Шашубай мектебінің 1 және 2 деңгейлі сертификатталған мұғалімдерінің шебер-сынып сабақтарымен басталды. Шебер-сыныптар математика (Оспанова Ж.К.),  қазақ тілі мен әдебиеті (Бегдербекова Б.К.),  химия (Гурова Л.П. и  Орынбет С.Ж.), экономика негіздері және қаржылық сауаттылық (Ныгметуллина Ш.К.), ағылшын тілі (Джакупова А.К., Киргизбекова Ж.Е.) пәндері бойынша өткізілді. Мұғалімдер заманауи сабақтарды жоспарлауда кэмбридждік жүйеге сәйкес ынтымақтастық және топтағы жұмыс,  ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, сын тұрғысынан ойлануды дамыту, желілік қауымдастықтағы қызмет, дарынды және талантты балалармен жұмыс, критериалды бағалау, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай оқытуды ұйымдастыру сияқты 7 модулді тәжірибе жүзінде қалай қолданып отырғандарын көрсетті.Сабақ барысында таныстырылым, фото-бейне жазба материалдарын пайдалана отырып, педагогтар заманауи сабақтарды жоспарлау және өткізуде оқушыларды оқыту деңгейінде ғана емес, аймақтағы шағын жинақты мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп әрекет ету деңгейінде іске асырған тәжірибелерін алға тартты. Мұндай бірлесе жұмыс жасаудың басты нәтижесі білім беру үрдісінің тиімділігі мен білім сапасы болып табылады. Жаңа форматты курстардан өткен немесе әлі де өте қоймаған педагогтар ауыл мұғалімінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру және оқытудағы жаңа тәсілдерді қалай тиімді пайдалауды бірлесе талқылады.

Қарағанды қаласы педагогикалық шеберлігі Орталығының директоры О.Г. Сурначева өткізген «Мектептің даму бағдарламасы» семинар-тренингі ешкімді бейқам қалдырған жоқ. Онда білімнің жаңа мазмұнына көшу барысында шағын жинақты мектептердің даму бағдарламасын қайта қарау керектігіне байланысты қатысушылардың назарын аса аударған белсенді пікір алмасу болды. Жаттықтырушы мен қатысушылар қазіргі педагогикалық менеджмент, оқыту мен оқытудағы жаңа бағыттарды енгізу, деңгейлік бағдарлама бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ, педагогтардың желілік қауымдастығын және жаңашыл мектептер базасында құзырлық орталықтарын құру мәселелері талқыланды.

Белсенді диалогтық жұмыстар «ШЖМ іс-қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты коучинг-сессияға жалғасты. Төрт топтан бөлінген қатысушылармен Шашубай мектебінің 1 деңгейлі сертификат иелері – бастауыш сынып мұғалімдері Б.М. Смагулова,  А.Т. Муртазина, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мне әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.С. Бегулинов, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Т. Шакирбеков және  Қарағанды қаласының №93 мектеп-гимназиясының  мұғалімдері Б.Ж. Ахнаева и Қ.Т. Кубекова жұмыс жасады. Коучингтер барысында басты тақырып деңгейлік бағдарламаның жеті модулдері форматында қарастырылып, Шашубай тірек мектебінің  шағын жинақты мектептердегі жұмыс тәжірибесімен байланыстыра көрсетілді. Шағын жинақты мектептердің өзекті мәселері жайлы пікір алмасу өзара жағымды ынтымақтастық жағдайда өтті. Бірлескен жұмыс барысында қатысушылар жаңа формат курстарының шынай мән-мазмұнына үңіле отырып, оның ауыл мұғалімі үшін ауадай қажет екенін және одан ары тоқтап қалмай, алға  қарай кәсіби өсу үшін мұғалімдердің желілік қауымдастығын құрудың  және оған белсенді қатысу маңызына ерекше назар аударды.

Форумның соңында «Тірек мектебі (РО)» жобасының жетекшісі С.С.Қонтаевтің басқаруымен өткізілген «Ауыл мектептерінде білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» атты дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз пікірлері және ұсыныстарын ортаға салды. Әрине, білім сапасы көптеген факторлармен анықталады, оның ең бастысы – мектеп педагогтарының кәсібилік деңгейі екені сөзсіз. Құрылымдардың басшыларына  педагогикалық қызметкерлер мен ұйым басшыларын дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту арқылы кадрлық әлеуетті дамыту шараларын жетілдіру ұсынылды.

Шағын жинақты мектептерде білікті педагогикалық қызметкерлерді тартудың ұйымдастыру және экономикалық механизмдері кешенді жүзеге асқанда, білім беру қызметі сапасын көтеру мақсатында заманауи инфрақұрылымдар құруға жағдай жасалған жағдайда өзгерістер мен жаңашылдықтар басты негізге алынатын құндылықтарға айналады.Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласы жаңа мазмұнға көшуге бет алып, оқытуда ізгіліктік парадигмасы орын алуда. Тірек мектептері болса ауыл мектептерінің болашақтағы үлгісі ретінде ШЖМ проблемасын шешудің тиімді жолдарының бірі болып табылады,  өйткені ол ауыл мектебі түлегінің ең мәнді де маңызды мүмкіндіктерін ашуға, тұлғасын қалыптастыруға жол ашады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Шағын мектептегі инновациялық технология
Сапалы білім-Көшбасшылықта
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Ауыл мектептерін дамыту жағдайындағы әдістемелік қызметті ұйымдастыру
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Білім сапасын арттыру жолдары
Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы – оқыту үдерісін жаңартуды
Біріккен сыныптарда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3548 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык