Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қос сөздердің жасалуы. Ашық сабақ


Қос сөздердің жасалуы. Ашық сабақ

Қос сөздердің жасалуы

Сабақтың мақсаты: қос сөздерде логикалық мағынасы, тұлғасы жағынан жеке сөзге жататынын, жасалу жолдары әр алуан екенін, солардың ішінен бір сөздің қайталануынан жасалатын қос сөздерді түсіндіру.

Өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы жаттығу жұмыстарын орындау кезінде бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздерді табу.

Ойлауын дамыту. Таза, ұқыпты, қатесіз жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: жаңа сабақты түсіндіруге жазылған жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Сабаққа даярлықтарын тексеру
  3. Үй тапсырмасын сұрау. (243-жаттығу)
  4. Сабақты түсіндіру
  5. Жаттығу жұмыстарын орындау.
  6. Сабақты қорыту.
  7. Үйге тапсырма беру
  8. Бағалау (білімдеріне қарай).

Жұмбақ шешу

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

  1. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (Су)

  1. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

  1. Қатар-қатар тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл мен тіс)

  1. Сырт-сырт соғады, уақыт озады. (Сағат)
  1. Жаттығу жұмыстарын орындау.

244-жаттығу (жазбаша) дефис қойып көшіріп жазу.

Терлей-терлей арық қазсаң, күле-күле су ішерсің.

Жас қозылрдың жып-жылы тұмсықтары Айгүлдің қолын иіскелейді.

245-жаттығу (қос сөздердің астын сызу)

Шудалары жібектейін,

Желкілдеген желменен.

Әне топ-топ түйелер де,

Келе жатыр белменен.

246-жаттығу (Қос сөзге айналдырып жазу).

Оқушы қыздар құмыра-құмыра бөлме гүлдерін отырғызып жатыр. Қолдары топырақ-топырақ.

247-жаттығу.

Жүз метрге жүгіру жарысына қатар сыныптан бес-бестен бала шығаратын болды.

249-жаттығу (ауызша).

  1. Сабақты қорыту. Не білдік? Не үйрендік? (Сұраққа жауап алу)
  2. Үйге тапсырма беру (248-жаттығу).
  3. Бағалау (білімдеріне қарай).

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаттығу жұмысы, шығармашылық жұмыс
Сөйлем. Сөйлемнің түрлері
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем
Бұйрықты сөйлем
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Жалаң және жайылма сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Жылдық қайталау
Оқушыларға шығыс септігіндегі зат есімдер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2422 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык