Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еріншек ашық сабақ


Еріншек ашық сабақ
Сабақ тақырыбы :  Еріншек
Сабақ мақсаты : 1) Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығымен таныстыру.
                              Еріншек сөзінің мағынасын ашу Адам бойындағы  жағымды, 
                              жағымсыз қасиеттерді ажырата білуге үйрету.
2) Оқушылардың  дүниетанымын , мәнерлеп оқудағдыларын дамыту,шығармадағы көркем сөздердің , тіркестерінің мағынасын меңгерте отырып , сөздік қорын дамыту.
3)Жаман әдеттерден , жат қылықтардан аулақ бола білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі : Жаңа білімді меңгеру.
Сабақ түрі : Дамытпалы сабақ
Сабақ әдісі :Топпен жұмыс ,сұрақ – жауап ,ой қозғау,топтастыру,талдау жинақтау.
Көрнекілік : Слайдта М.Қ.Шәкәрімнің шығармашылық,еңбектерді ,суреті,сұрақтар.
І  Ұйымдастыру :
1 )Психологиялық сәт : Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,сәлембердік сіздерге,
әдеппенен біз.
2 )Оқушыларды топқа бөліп отырғызу .Әр топтың топбасшыларын таныстыру,жақсы тілектер айтқызу.
ІІ Өлең сөздің патшасы сөз сарасы , қиыннан қиыстырар ер данасы, - деп Абай
атамыз айтқандай бірінші сабағымызды өлең тыңдаудан бастаймыз.
Шәкәрім : Адамдық борышың,
                  Халқына еңбек қыл
                  Ақ жолдан айнымай
                  Ар сақта оны біл ,
                  Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
                  Білімсіз,
                  Өнерсіз,
                  Болады ақыл тұл.
 - Өлең не туралы  (адамдық борыш)
- Бұл кімнің өлеңі?
- Олай болса біз бүгінгі сабағымызда  Ш. Құдайбердіұлы «Еріншек» өлеңінен танысамыз
ІІІ Жаңа сабақ
1) Шәкәрім Құдайбердіұлы  туралы  туралы мағұлмат .(1-слайд)
Шәкәрім (1858 - 1931) шығыс Қазақстан обылысының Абай ауданы. Ұлы Абайдың
немере інісі. Әкесінен 7жасында жетім қалған. Атасы Құнанбай тәрбиесіне алады.
Абайдың-ақыл кенесімен өлең жаза бастады.
2 ) Ой қозғау «Еріншек» сөзін қалай түсінесіндер. Еріншек – жалқау , тілазар , салақ , надан , жігерсіз , ұйқышыл.
І топ – тілазар сөзінің мағынасын түсіндір
ІІ топ – салақ сөзінің мағынасын түсіндір
ІІІ топ – жігерсіз сөзінің мағынасын түсіндір
 
Ұлы ақын
Абайдын немере інісі
Шәкәрім
 
Шығыс .
Қазақстан
Тарихшы
Аудармашы
 
 
3. Оқулықпен  жұмыс
а)  мұғалімнің мәнерлі оқуы.
ә)  мәнерлеп оқыту
б) Сөздік  жұмысы
-Ақын   адам  бойындағы  адамдық  қасиеетер  қалай  жоғалады ?
І топ.Ақынның айтуынша адам бойындағы адамдық қасиетті қалай жоғалады ?
ІІ топ. Өлендегі қорытынды ой қай шумақта айтылған ? Тауып оқы мәнін түсіндір.
ІІІ топ. Осыөленде кездескен «Еріншектік» қасиетті  Абай  атамыз  қалай түсіндірді?
Жалқау
Ұйқышыл
 
Еріншек
 
 
Жігерсіз 
Тілазар
Салақтық
Надан
 
- Міне балалар , адам бойындағы жаман  қасиеттердің бірі – еріншектік деп жалқаулақ,надандық,тілазарлық,салақтық,ұйқышылдық,жігерсіздік пайда болады екен.
    «Мағынаны аш»
І топ – Тілазар
ІІ топ – Салақ 
ІІІ топ - Жігерсіз
І  топ.Тілазар – деп үлкеннің тілін алмайтын,жұмсағанға бармайтын баланы айтады. Бұл адам бойындағы жаман қасиет.
ІІ топ. Салақ – үсті басын , өзінің құралдарын , киімін күтіп ұстай алмайтын адамды айтады. Салақтық еріншектіктен пайда болады.
ІІІ топ. Жігерсіздік – ұятсыз, өтірікші дегенді білдіреді .Жігерсіздік те еріншектіктен пайда болады.
3.Оқулықпен жұмыс.
 а)  мұғалімнің мәнерлі оқуы.
 ә) жеке оқушыларға мәнерлеп оқыту. ( Әр топтан төрт оқушыдан оқиды )
 б) сөздік жұмысы .Ғибадат,харекет,кесел, (ауызша)
Ғибадат- үлгі өнеге
Харекет – әрекет
Кесел – дерт,сор.
- Тамаша балалар бәрінде жақсы оқыдыңдар.
- Ендеше сұрақтарға жауап берейік.
І  топ. Ақынның айтуынша адам бойындағы адамдық қасиет қалай жоғалады ?
ІІ топ. Өлендегі қорытынды ой қай шумақта айтылған.Тауып оқы мәнін түсіндір.
ІІІ топ. Осы өленде кездескен еріншектік қасиетті Абай атамыз қалай түсіндірді ?
- Абай атамыз еріншектік  бес дұшпанның  бірі деп түсіндірген. Атамыз «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде.
5 нәрсеге асық бол,
5 нәрседен қашық бол .
     Адам болам десеніз – деп түсіндірген.
Адамның 5 асыл ісі мен 5 дұшпанын таныстырған.
Абай атамыз бен Шәкәрім атамыздың өлеңдерінің арасындағы ұқсастық барма екен ?
(Екеуі де  жас ұрпақты еңбексүйгіштікке , өнерге , білімге шақырған екен)
Сергіту сәті: Абайдың қара сөзінен . (мәнерлеп оқу)
 
Дәптермен   жұмыс.
Жағымды  қасиеттер Жағымсыз қылықтары
Сергектік Ұйқышылдық
Еңбексүйгіштік Еріншектік
Ұқыптылық Салақтық
Білімді Надандық
Тілалғыш Тілазарлық
 
Өзінің бойында осы қасиеттердің қайсысы бар деп ойлайсын ? (2-3 оқушы)
- Балалар , адам өз бойындағы жаман қылықтарды жоюға өзі күш жұмсап , өзін – өзі тәрбиелей білуі керек .
Сонда ғана , адам , саналы , үлгілі , тәрбиелі азамат бола алады.
5. «Мәнерлеп оқу минуты»
Мәнерлеп оқу әлемі,
Әсерлі де әдемі.
Әр адамның міндеті.
Жүрегі мен оқуы 
– деп мәнерлеп оқу минутын өткізбекпіз. Әр топтан бірнеше  оқушы шығып Шәкәрімнің өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады. «Жаз» , «Адамдық борышы» ,                «Сен ғылымға» , «Бүгінгі жастраға», «Мен кетемін , келеді».
ІV Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта кім туралы айтылды?
- Шәкәрім кім?
- Шәкәрімнің шығармаларымен таныстық?
- Ендеше , біз Еріншек шығармасы арқылы неге үйрендік?  Ойымызға не 
-  
- түйдік ?ойымызды дәптер бетіне түсірейік.
Еріншек (эссе) (ой толғау)
(3 топтан  3 оқушыға оқытамын)
Мұғалім : Бүгінгі сабақтан біз еріншектік жаман қасиет екенін білдік, мұндай әдеттерден сақ , аулақ болайық.
4.Әрқашан,елгезек,тілалғыш,еңбексүйгіш болайық.
Ән : "Болайықшы осындай»
V Бағалау
(Әр топ өзінің ұпай санын есептеп топ басшылары топтағы оқушыларға баға береді .Әр топтын ұпай санына байланысты  « Ақылдылар», «Білімділер», «Ынталылар» деген атақпен марапатталады)
VІ Үйге  : Еріншек (мәнерлеп оқу )
Еріншекттікке байланысты мақал – мәтелдер жазу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
А. Құнанбаев «Адам болам десеніз»
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлы Ғылым таппай мақтанба
Адам болам десеңіз
Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
А. Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4733 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык